сан аралықтарының бірігуі Ашық сабық 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: математика

Сыныбы: 6

Күні:

Тақырыбы: Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігіуі

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігіуін түсіндіру Дамытушылық: Есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінде еңбектенуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың құрылымы:

*Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)

* Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

* Өткен материалды қайталау (3 минут)

* Жаңа тақырыпты түсіндіру(5-7 минут)

* Есептер шығару (25 минут)

* Сабақты қорытындылау (3 минут)

* Бағалау (2 минут)

* Үйге тапсырма (1 минут)

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем -сөздің атасы

Амандасу;

Түгендеу;

Бүгінгі күннің сабақ жоспарымен таныстыру;

Мұғаліммен сәлемдеседі;

Кезекші сыныпты түгендейді, үйге берілген тапсырманы айтады.

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Жақсы сөз жанға азық.

Үйге берілген есептің шығару жолын тақтада көрсету.

Үй тапсырмасын қатесіз орындаған оқушыларды мадақтау.

Оқушылар жанындағы жұптарымен дәптерлерін ауыстырып, тақтамен үй тапсырмасын тексереді, әр біреуі үй тапсырмасына қорытынды жасайды.

3 минут

Өткен материалдарды қайталау

Математиканың өз тілі бар, ол - формула.

Қандай сан аралықтарын білесіңдер?

Қандай сан аралығы интервал деп аталады?

Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?

х≤6 және х≥8 теңсіздіктерінің шешімдер жиыны қалай аталады?

Оқушылар ережелерді, мысал келтіріп есептерді шығарып айтады.

5-7 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Терең білім ізденіспен келеді.

Сан аралықтарының қиылысуы.

А сан аралығына да, В сан аралығына да тиісті сандардан ғана тұратын А ∩ В сан аралықтарының қиылысуы деп аталады.

Сан аралықтарының бірігуі.

А және В сан аралықтарының кем дегенде біреуіне тиісті сандардан тұратын А сан аралықтарының бірігуі Ашық сабық 6 сыныпВ аралығын А және В сан аралықтарының бірігуі деп аталады.

Сан аралықтарының қиылысуын табу үшін:

  1. Берліген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеу керек;

  2. Берліген сан аралықтарының барлығына тиісті сандар жиынының аралығын табу керек;

  3. Сан аралықтарының қиылысуын сан аралықтарының белгіленуімен жазу керек.

Оқушылар тақырыпты тыңдайды.

25 минут

Оқулықпен жұмыс

Мақсат ортақ, тілек бір, өз таңдауларыңды жасаңдар.

Ауызша орындалатын:

Тақтада орындалатын:

Өздігінен орындайтын:

Оқушылар тапсырмаларды орындап, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарымен өздерін тексереді.

5 минут

Сабақты қорытындылару

Тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұраққа байланысты өз ойларын айтады.

2 минут

Бағалау

мұғалім бағалайды.

1 минут

Үйге тапсырма


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Пайдаланған әдебиет:




© 2010-2022