Нашақорлық қоғам дерті болуда

Жоспар:І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім 1. Нашақорлық-қоғам дерті2. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу ІІІ. ҚорытындыIV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №252. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова. 3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»Нашақорлық-қоғам дертіҒасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жү...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Нашақорлық-қоғам дерті
2. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»

Нашақорлық-қоғам дерті
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.
Біздің елдегі дәрігерлердің айтары АҚШ ғалымдарының үшінші тұжырымдамасына сәйкес, онда нашақорларға ықпал ету тәсілін өзгертуді ұсынады. Оларды қылмыскер ретінде емес, ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап, жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді көлденең тартады. Мемлекет есерткі пайдалануды қылмыстық әрекетке жатқызбай, оның жарияланғанына жол ашқан жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау жасауға мүмкіндік туады делінеді. Сөйтіп, жастардың қолына есірткіні түсіруге жол бермеу керектігі де түртілген. Сонымен бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың күш-қуатын әлсіретеді. Ал, қарсы пікір айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге тәуелділіктен құтқаруға кепілдік беретін құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді. Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.



Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.

Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталып отыр. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ, нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң айтуынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда. Күнделiктi бұқаралық ақпарат құралдарынан есiрткi тасумен қолға түскен азаматтар туралы. есiрткi пайдаланудың керi әсерi жайында ақпараттар берiлiп жатады. Бiрақ, өз басына түспеген соң басқамыз бұған көңiл аудармай, бей-жай қараудамыз. Ақша табудың оңай жолын тауып алғандар болса бұл кәсiбiн тыяр емес.

Дәрiгерлердiң айтуынша, нашақорлар Астана мен Алматы қалаларында жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Астана қаласы нашақорлардың саны бойынша республикадағы төртiншi орында екен. Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 5 мыңға жуық жасөспiрiм есiрткi тұтынса, солардың iшiнде токсикомандармен қосқанда 137 бала Астанада тiркелген. Астанадағы нашақорларды емдейтiн диспансердiң бас дәрiгерi Ольга Комарованың айтуынша, барлығы қалада ресми мәлiмет бойынша 3 жарым мың адам тiркеуде тұр. Жыл сайын олар 10-12 пайызға өсiп отырады дейдi дәрiгер. Есiрткi заттарын пайдалану жолында ақша үшiн нашақорлар көптеген қылмыстық iстерге баруда. Сонымен қатар, гигиеналық тазалықтың сақталмауынан оңайдан жазыла қоймайтын түрлi ауруларды да сол нашақорлар таратуда. Әлеуметтiк құрамы бойынша iндетке шалдыққандардың 74 пайызын нашақорлар құрайтын көрiнедi.

Дәрiгерлердiң пiкiрiне сүйенсек, жасөспiрiмдердiң көбiсi героин және синтетикалық есiрткiнi көп пайдаланады. Бұның аяғының не болары белгiлi… Яғни, мөлшерiн асырып тұтынған адам өлiмi, ерте жаста мүгедек болу немесе ұзақ уақыт бойы емделуге тура келедi.

Нашақорлардың басым бөлiгi қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болар. Бiр-екi баласына барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп жаман үйреткендiктен бе қаланың баласы есiрткiге құмар болады. Олардың ойы зерек, айналадағы түрлi ақпараттардан хабардар. Сондықтан елiктеушiлiк те басым болып келедi дейдi сарапшылар. Есiрткi қазақ жастарының iшiне дендеп енiп барады деуге болады. Қыз-ұл деп бөлмейтiн бұл зауал кең тарап жатыр. Бұрынырақта есiрткiнiң таралуы тек қалаларда кездессе, қазiр түкпiрдегi қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарға да жеттi. Мысалы Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы ауылдарынан қалаға келiп емделушiлер көп.

Көп жастардың аузынан: «Бұл жай ғана шөп. Аздап басың айналады. Ертесiне басыңның ауырғаны болмаса, ешқандай тәуелдiлiк жоқ» деген сөздердi жиi естимiн. Демек, олар бұны уақытша ермек деп түсiнедi. Оның артында не тұрғанын естiгенмен, мән бере қоймайды. Мамандардың мәлiмдеуiнше, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер күштiсiн - героиндi пайдаланады.

Полиция өкiлдерi осы ауыр есiрткiнiң көбеюiнен қауiптенiп отыр. Нарколог дәрiгерлердiң мәлiмдеуiнше, бiр грамм героин 8 нашақорға бiр мәрте егуге жетедi. Қазiргi таңда iрi қалаларда түрлi ойын-сауық орындары жетерлiк. Ол жердi, әрине, жастар жайлайды. Iшкi iстер министрлiгi өкiлдерiнiң айтуынша, есiрткi тарату қылмысы осындай жерде басым. Полиция күшiмен Қазақстанда мыңға жуық көңiл көтеру мекемелерi тексерiлген. Олардың бiразында есiрткi тұтынған адамдар анықталды. Бiрақ, заңдардағы олқылықтың кесiрiнен клуб иелерiн жауапқа тарта алмаймыз дейдi полиция өкiлдерi. Әкiмшiлiк кодекстiң 319-бабымен жауапқа тартуға болады. Бiрақ, онда осы басшылар нашақорлықтың барлығын бiле тұра шара қолданбаса ғана жауапқа тартылады делiнген. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 20 тоннаға жуық әртүрлi есiрткi алынады. Ресми көрсеткiштердi тек он еселегенде ғана нашақорлар санының нақты көрсеткiшiн елестете аламыз, дейдi мамандар.

Қорытынды

Нашақорлық - адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу.

Қорыта айтқанда, «Адамдар, әрекетті саналы түрде жасаңдар! Себебі есірткі деген уды бір рет қабылдау сауықпайтын зардаптарға әкелуі мүмкін. Нашақорлардың көбі ұрпағын жалғастыра алмайды.

Соңғы уақытта нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбейгендігі және нашақорлықтың артуы туралы жиі естіп жатамыз. Есірткі заттардың қалай әсер ететіндігін және оған адамның қалай үйренсіп кететіндігін түсіну үшін гоместаз туралы түсінік болуы қажет.

Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі - есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді. Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.











© 2010-2022