Отчет на тему В1 есебі Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңсепова Сара Махамбетжановна мұғалім портфолиосы В1 есебі

№3 топ 3 - деңгей

Қызылорда қаласы 07.05.2013 жыл

Отчет на тему В1 есебі Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбаларОтчет на тему В1 есебі Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбаларОтчет на тему В1 есебі Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

В1 есебі

Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар


Мұғалімдерге арналған үш айлық курстың 1-бетпе-бет кезеңін аяқтап, өзім жұмыс атқаратын № 83 орта мектебіне келдім. Менің құрған орта мерзімді жоспарыма сәйкес төрт сабағымды да математика пәні бойынша 7 «б» сыныбында өткізуді жоспарладым. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқыту теориясы курсын оқу барысында мектепте жүрген практика кезінде дәстүрлі оқытуда жасаған күнтізбелік жоспарымның IV тоқсанының алғашқы төрт сағатына орта мерзімді жоспарлау жасадым. Дәстүрлі сабақ жоспарының орнына жаңа үлгідегі жоспар жасауға біршама еңбектендім.

Орта мерзімді жоспарлауға алынған сабақтар тақырыптары мынадай:

  1. Бөлшектерді көбейту (1 сағат)

  2. Бөлшекті бөлшекке бөлу (1 сағат)

  3. Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру (2 сағат)

Орта мерзімді жоспар жасап болған соң тізбектелген сабақтар топтамасына қысқа мерзімді жоспар жасадым. Орта мерзімді жоспарлау немесе қысқа мерзімді жоспарлаудың мақсаты: оқытудың әрбір кезеңдерінің тізбектеліп ұйымдастырылуы, сабақтар топтамасына Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру, барлық сабақтар үшін оқыту және оқу мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, оқытудың әрбір кезеңінде алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету болып табылады. Мұғалімнің оқушыларға арнап жасаған іс-шаралары оқу мақсаты болып табылады. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау мұғалім сабаққа қойған мақсаттарына қол жеткізгенін немесе қол жеткізе алмағанын білуге мүмкіндік берді.

Тізбектелген сабақтар топтамасы маған болып жатқан өзгерістердің менің тәжірибеме ықпалын ескере отырып, Бағдарламада ұсынылған идеяларды енгізуге, сабақтың мақсатын тиімді жоспарлауға, сол мақсатқа жету барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуге мүмкіндік берді.

Орта мерзімді жоспарлауда жеті модулді ықпалдастыра отырып іс-тәжірибемде тиімді, ұтымды жақтарын бақылап, келешекте сыни көзқарасы қалыптасқан, өз білгенін әрі қарай өмірде қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеу.















3


© 2010-2022