Спорт денсаулық кепілі 2 сынып сыныптан тыс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 2 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: №21

Сабақтың тақырыбы:

Спорт денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді

таныстыра отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту.

ә) Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды

орындата отырып, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: «Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің мағынасын

аша отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, суретпен жұмыс, сергіту ойыны т.б.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:Дидактикалық материалдар, спортшылардың суреттері, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 2-сынып оқулығы және тағы басқа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау, назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Киіз үй

ІҮ. Жаңа сабақ: Спорт (француз тілінен алынған, фр.desport - жалқау) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл - ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттануы үшін, өзін - өзі дамытуы үшін шұғылданады.

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән - мағынасын да түсінуге болады.

Қазақ жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дінін уағыздаумен қатар, шахматты тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата - бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері Дене тәрбиесі және ойындары , ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл - қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.

Адам өмірінде спорттың алатын орны ерекше. Ал мемлекеттік тұрғыдан қарайтын болсақ, ол - абырой!

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі - салауаттылық.

Қалай дегенменде спорттың денсаулық кепілі екені әлдеқашан мойындалған. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанның сенімді тірегі». «Дені сау адам - табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен бір ғұлама.

Ең бірінші аманатқа денсаулық, одан кейін мақсат, ұрпақ және тағысын тағы. Еліміздегі спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тіпті, Президент өзі үлгі бола отырып, халықты, әсіресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемі шақырады. Нәтижесінде бүгінде республика халқының 22 пайызы салауатты өмір салтын серік етеді. 2020 жылға дейін аталған көрсеткіш 30 пайызға жетуі тиіс. Елбасының тапсырмасы бұл. Лайым солай болғай!

ҮІ.Сабақты қорыту: «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».

Бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру: Қозғалыстағы адам бейнесін салу








© 2010-2022