Ашық сабақ Адамның тұлғасын бейнелеу 5-сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Адамның тұлғасын бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының

анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Адам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық-бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші - иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшінші - төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі кіндіктен шаттың сызығына дейін және бесінші бөлігі жамбас сүйекті аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болады. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені екі бастың биіктігіне тең. Адам тұлғасын бейнелеуде адам анатомиясына мұқият назар аударған жөн. Сурет әдеттегідей долбарлық сызықты бейнелеуден басталады. Суреттің қағазға орналасуын, композициялыкқ құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің кұрылысын тұрғызуға көшеміз. Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарына сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Адам тұлғасының өн бойын мұқият байыппен қарар болсақ, бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады. Осы ерекшеліктерді есте сақтаған жөн. Адамның скелеті оның қаңқасы болып табылады. Скелет, омыртқа желісімен біріктірілген сүйектерден тұрады. Иілмелі омыртқа жотасы қозғалмайтын ірі үш бөлікті -басты, көкірек клеткасын, жамбас сүйектерін біріктіреді. Көкірек клеткасымен екі қол байланысқан. Әрбір қол негізгі үш бөліктен тұрады, олар: қолдың басы, білек, қар. Жамбасқа екі аяқ жалғасқан, аяқ та үш бөліктен тұрады: сан, сирак, табан. Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн. Бейнелеу өнері жанрларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және ол суретшінің айрықша дарынды болуын тілейді. Күрделі де қиын жанрлардың бірі - портрет. Портретте ұқсастығын ғана беріп қоймай, суретші сонымен бірге бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек. Суретші адамның келбеттік тұлғасын бейнелеуде терең зерттеп, жан-жақты ізденуі тиіс. Ең алдымен адамды қай тұрғыда бейнелеуге ерекше назар аудару керек. Оның өзіне тән қимыл ерекшелігі көркем шығармада дәл берілуі қажет. Сонда ғана нақты бейнеленетін адам өмірге шынайы жақын болып шығады. Бір қызығы, өнер туындысында портреті салынған кісі өзіне-өзі өмірдегіден гөрі көбірек ұқсайтыны бар. Бұлай болатын себебі: суретші оның қимыл-қозғалыс, айналымдарының ішінен, бет құбылысы ішінен ең лайықтыларын тап басып, тауып сала алады. Ол үшін портретін салатын кісіні жақсы білуі керек, оны әр қилы жағдайда бейнелеу керек, оның бойынан әлдебір нәрсені аңғарып бере білуі керек. Адамның ішкі дүниесін көре білуінен, адамның арғы түкпіріне көз жіберу қабілетінен портретшінің дарыны байқалады. Суретші адамның негізгі қасиетіне бойлап, оны ұқсата алғанда ғана, оның ішкі дүниесін ашқанда ғана елмейтін жаңа шығарма жазады. Дүниені өзінше көре білу - суреткерлік талаптың маңызды бір ерекшелігі. Бізге, көрерменге дүниені сол бір өзінше көре білуін жеткізе отырып, суретші біздің әлі өзіміз байқамаған нәрсеге көбірек көзімізді ашып, рухани дүниемізді байытады.

Сондықтан суретші адамның келбетін, тұлғасын бейнелеу үшін ең алдымен адам анатомиясын жақсы білу керек. Пластикалық анатомияны зерттеп оқу адамның дене құрылысын дұрыс белгілеуге үйретеді. Әрі әрбір адамға тән өзіндік дене құрылысының сипатын жақсы білуге, дәл ұқсатып бейнелеуге жаттықтырады. Сендер жалаңаш адамды бейнелеуді этикаға жатпайды деп үғынбаңдар. Өйткені адамның ішкі дене құрылысының сұлулығын сезінбей тұрып, жақсы портрет жазу мүмкін емес. Ұлы суретшілердің өзі пластикалық анатомияны оқып үйренуден бастаған.

Үйге тапсырма: сурет салу

© 2010-2022