Павлодар қаласы

Павлодар қаласы туралы терең түсінік беру, еліміздің пайдалы қазбаларымен таныстыру. ә) Ой өрістерін, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. б) Елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, бейне фильм көру, Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың  дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу  қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау  дағдысын қалыптастыру;  Туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға  патриоттық ма...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар қаласы

Павлодар қаласы

Сөздік:

орталық - центр

танымал - известный

өнеркәсіпкәсіп орындары - промышленные предприятия

аймақ - регион



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Біздің облыс орталығымыз - Павлодар қаласы. Қаланың көшелері кең және таза. Көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар жүреді. Көшелерге Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Абай Құнанбаев, Естай Беркембайұлы тағы басқа танымал адамдардың есімі берілген және ескерткіштері орнатылған.

Қалада алюминий, мұнайхимия, трактор, машина жасайтын зауыттары, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ірі теміржол торабы, аэропорт, өзен порты және вокзалы бар. Біздің аймағымыздың бай тарихы және ежелгі мәдени әдет-ғұрпы бар. Қазіргі уақытта облысымызда 11 мұражай, 2 кәсіптік театр, 251кітапхана, 3 демалыс саябағы және 209 клуб мекемелері бар.

1. Облыс орталығы қандай қала?

2. Қаланың көшелері қандай?

3. Көшелерге кімдердің есімдері берілген?

4. Қалада қандай зауыттар бар?

5. Қалада аэропорт бар ма?

6. Облыста неше мұражай бар?

7. Қалада қандай демалыс орындары бар?

2-тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

Бесінші сынып оқушылары сабақтан кейін серуенге шықты. Мұғалім:

  • Балалар, біз қазір қала көшелерін аралаймыз, ескерткіштер туралы сөйлесеміз, - деді.

Оқушылар Торайғыров көшесіне келді.

Мұғалім:

- Біз қазір қай көшеге келдік?

- Ескерткіш кімге арналған?

- Ескерткіш қайда орналасқан?

- Ескерткіш неден жасалған?

3-тапсырма. Берілген сөздерді ілік және жатыс септік тұлғасына қойып, сөйлем құраңдар.

Ескерткіш, бақ, қала, көше, сәулетші



© 2010-2022