Сызу пәнінен 1-тоқсанға арналған тест 9-сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мухамбедиярова Алтынгуль Жолымбетқызы бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, №3 мектеп

Тест. 1-тоқсан. 9-сынып Сызу.

1. ... - грек сөзі. Оның қазақша баламасы «осьтер бойынша өлшеу» деген мағына береді.

А. Симетрия. Ә. Аксонометрия Б. Диметрия

2. Нәрсенің кескінінен және оны жасауға қажетті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты не деп аталады?

А. Сызу, Ә. Пішім, Б. Сызба.

3. Сызбаны орындау, оқу және олардың көмегімен есеп шешу ережелерін баяндайтын пән.

А. Сызу, Ә. Математика, Б. Бейнелеу өнері

4. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағаз.

А. Ақ қағаз, Ә. Миллиметрлік қағаз, Б. Пішім.

5. Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және қалай?

А. 2-ге (90°, 60°, 30° және 90°, 30°,50°)

Ә. 2-ге (90°, 60°, 30° және 90°, 45°,45°)

Б. 2-ке (90°, 45°, 45° және 90°, 30°,90°)

6. Нәрсенің нақты шамасынан сызба неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көсететін сан.

А. Масштаб Ә. Пішім Б. Өлшем.

7. А4 стандартты өлшемді қағазға төмендегі өлшем жатады:

А. 841*1198 Ә. 297*420 Б. 210*297

8. Сызбада сызықтың неше түрі бар, олар қалай бөлінеді?

А. Тоғыз (4 тұтас, 5 тұтас емес), Ә. Тоғыз (5 тұтас, 4 тұтас емес),

Б. Сегіз(4 тұтас, 4 тұтас емес).

9. Әріптер мен цифрлардың, сызбада пайдаланылатын белгілердің жиынтығын не деп айтамыз?

А. Стандарт, Ә. Әріптер, Б. Қаріптер.

10. Қаріптің биктігі 10-ға тең болған жағдайда Г,З,С әріптерінің ені қанша болады?

А. 7-ге, Ә. 5-ке, Б. 6-ға.

11. Сызба сызғанда өлшем бірлік жазыла ма?

А. Жазылады, Ә. Жазылмайды, Б. Кей жағдайда жазылады.

12. Түзулер кеңістікте қиылыспайтын жағдайда қалай айтамыз?

А. Параллель түзулер, Ә. Перпендикуляр түзулер, Б. Бірдей түзулер.

13. Бір сызықтан екінші сызыққа, үшінші бір сызықтың көмегімен біртіндеп өтуді қалай атаймыз?

А. Қиылысу, Ә. Шеңберге жанама, Б. Түйіндесу.

14. Параллель проекциялаудың неше қасиеті бар?

А. 4, Ә. 3, Б. 5

15. Екі нүкте проекциялау кезінде бір жерде қиылысса қалай аталады?

А) Деңгейлік, Ә) Бәсекелес Б) Проекциялаушы

16. Егер түзу проекциялаушы түзуге параллель орналасқан жағдайда проекциялау жазықтығына не болып түседі?

А) Түзу Ә) Қиық түзу Б) Нүкте

17. Шеңбердің ішкі бұрышы нешеге тең?

А. 125°, Ә. 120°, Б. 360°.

18. А (2, 3, 2), В(2, 2, 3), С(2, 2, 1) тік бұрышты координаталар жүйесіне орналастырған кезде қандай фигура шығады?

А. XY осінде -түзу, XZ осінде -түзу, XZ осінде -үшбұрыш.

Ә. XY осінде - үшбұрыш, XZ осінде -түзу, XZ осінде - түзу.

Б. XY осінде -түзу, XZ осінде - үшбұрыш, XZ осінде - түзу.

19. Аксонометриялық проекцияға орналастыру кезінде ұзындықты қай оське орналастырамыз?

А. у өсіне, Ә. х өсіне, Б. z өсіне.

20. шеңбердің проекциясы сызбада не болып түседі?

А. Эллипс, Ә. Доғал, Б. Шеңбер.

© 2010-2022