Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде» сайысы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Бейнелеу

Тобы: Ересек топ (Шаттық , Балдәурен)

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушылар!

Бүгінгі бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті бойынша ересек топтар арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.

«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, - деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Кім тапқыр?»(суретті құрастыру)

  2. Суретті аяқта( симметриялы суретті толықтыру)

  3. Айырмашылығын табайық

  4. «Кім жылдам?» (тауық бейнесін суреттеу)

  5. Жасырын сурет (күзгі жаңбырды балауыз шам арқылы шығару)

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

1 кезең

Тапқырлықпен табатын,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам? - деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайысГажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс

2 кезең.Симметриялы суреттерді аяқтау тапсырылады

.Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс

3 кезең. Екі топқа екі түрлі суреттер беріледі.Топ басшылары шығып айырмашылығын табуға тырысады.

Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс

4 кезең. Сайысқа қатысушыларға тауық бейнесін тез әрі оңай салып шығару тапсырылады.Тақтада кезең бойынша тауық бейнеленген,бірақ кезең бойынша салу ұзақ болатындықтан балалар басқа тәсіл арқылы тауықты салуға тиіс.

Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс

5 кезең. Жасырын суретті субояқ көмегімен шығарып алу. Балауыз шам арқылы нобайын салу

.Гажайып сурет әлемінде атты шыгармашылык сайыс

Сергіту сәті. Ал балалар тұрайық
Бойымызды жазайық
Ағаштарша тербеіп
Кәне, сергіп алайық
Қолымызды созайық
Орнымызды табайық.

Сайысты қорытындылау.

Топтардың ұпайларын есептеп, жалпы ұпай сандарын шығару арқылы жеңімпаз топты анықтау.

Көңіл - күй фишкаларын тарату.Номинациялар бойынша марапаттау. Сіздерге көп - көп рахмет!Біздің осымен «Ғажайып сурет әлемінде» атты шығармашылық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Мұғалім: Дінисламова Ақтоты

© 2010-2022