• Преподавателю
  • ИЗО, МХК
  • Сызу пәніне байланысты танымдық ойындар өткізу арқылы оқушылардың білімділігі мен белсінділігін арттыру

Сызу пәніне байланысты танымдық ойындар өткізу арқылы оқушылардың білімділігі мен белсінділігін арттыру

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі өрендер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сызу пәніне байланысты танымдық ойындар өткізу арқылы оқушылардың білімділігі мен белсінділігін арттыру алған білімдерін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге, жалпы нерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: Шығармашылық ой-өрісін, көру, сызу, бейнелеу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: қанатты сөздер,үлестірмелер қажетті құрал-жабдықтар.

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Сабақтың түрі: Шығармашылықта дамыта, ойын түрінде, топпен оқыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бліп, даярлықтарын тексеру.

ІІ. Ойын барысымен таныстыру.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 9 сыныптар арасында өткелі отырған «Өнерлі өрендер» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.Сайысымызды бастамас бұрын сайыстың шартымен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру. Топтың аты: «Төсбелгі»

І. 9 «А» сынып

ІІ. 9 «Б» сынып

2. Бұл нені білдіреді?

Берілген жарты шеңбер арқылы кез-келген 5 нәрсенің суретін шығарулары керек, қосымша бөлшектер пайдалануларына болады;

3. Шеңберлі сайыс.

Шеңберді тең бөліктерге бөлу. Шеңбердің диаметрін әр топ өзі алады. Осы берілген шеңберді І топ 3,5,8 бөлікке бөледі;

ІІ топ 4,5,6 бөлікке бөледі;

4. Кім жылдам?

Геометриялық денелер қиындыларынан сурет құрау;

5. Шеберлікте шек бар ма?

Бір нүктеден бастап сызықты үзбей, тоқтамай бір жануардың суретін салып шығу.

6. Білімді мыңды жығар.

Берілген сұрақтарға жауап беру.

І топқа берілетін сұрақтар:


  1. Сызықтың неше түрі бар? Қандай?

  2. Масштаб не үшін қажет?

  3. Проекциялау деген не?

  4. Аксонометриялық проекцияның неше түрі бар? Қандай?

  5. Нәрсенің неше көрінісі бар?

  6. Сызбаны орындағанда неге сүйенеміз?


ІІ топқа берілетін сұрақтар:


  1. Масштаб дегеніміз не? Масштабтың қанша түрі бар?

  2. Ең жуан сызық? Ол не үшін қолданылады?

  3. Нәрсе қанша жазықтықта проекцияланады?

  4. Шеңбердің проекциясы қалай аталады?

  5. Басты көрініс қай көрініс?

  6. Өлшемдер сызбадан қандай қашықтықта орналасады?

7. Кім тапқыр?

Үлестірме бойынша нүктенің проекциясын табу.

8. Сыршыл сурет.

Пейзаж салу. Тек геометриялық денелерді қолдану арқылы орындау.

9. Сызу - техника тілі.

Детальдың (нәрсенің) үш көрінісін тап.


10. Үй тапсырмасы

Екі топтың бір-біріне тапсырма беруі.

11. Көрермендер қолдауы. Музыкалық тарту;



© 2010-2022