1-ші желтоқсан Президент күні

1-ші желтоқсан Президент күні     Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                                                                                                  Білім  беру  саласы:        «Әлеуметтік орта»         Бөлімі:                                Қоршаған орта           Тақырыбы:                      «1- Желтоқсан призедент күні»           Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені жайлы түсінік беру.Балаларды мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтырып, нақтылау.Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру. Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, ту, елтаңбаның суреттері және                            Қ.Р.Президентінің портреті, үнтаспаға жазылған  Қазақстанның  әнұраны Сөздік жұмыс: рәміздер, әнұран, елтаңба,елбасы,мемлекет      Билингвизм: Отан-Родина, әнұран-гимн                 Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші Қазақстан жайлы өлең оқып береді: Алтай – Жайық арасы, Жарты әлемдей даласы. Ол – біздің Қазақстан. Кеңге толған қойнауы Төлге толы жайлауы, Ол – біздің Қазақстан Анамыздай тілеуі – ақ, Отан бізде біреу-ақ Ол – біздің Қазақстан Зейін қоя тыңдау     Іздену Ұйымдастырушы                                                     ...                                Күтілетін нәтиже:   Нені білу керек:      Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет екенін   Нені игереді:           Мемлекетті рәміздерді (әнұран, елтаңба, ту)   Нені біледі:              Өз Республикасы туралы                        Садуакасова Венера Аккасынқызы                                       Қызылорда облысы                                           Арал қаласы № 220 мектеп                                           Даярлық тобының мұғалімі.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:






1-ші желтоқсан Президент күні

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «1- Желтоқсан призедент күні»

Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені жайлы түсінік беру.Балаларды мемлекеттік рәміздер туралы

түсінігін толықтырып, нақтылау.Балаларды өз Отанына, туған

жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген

қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, ту, елтаңбаның суреттері және

Қ.Р.Президентінің портреті, үнтаспаға жазылған Қазақстанның әнұраны

Сөздік жұмыс: рәміздер, әнұран, елтаңба,елбасы,мемлекет

Билингвизм: Отан-Родина, әнұран-гимн



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші Қазақстан жайлы өлең оқып береді:

Алтай - Жайық арасы,

Жарты әлемдей даласы.

Ол - біздің Қазақстан.

Кеңге толған қойнауы

Төлге толы жайлауы,

Ол - біздің Қазақстан

Анамыздай тілеуі - ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол - біздің Қазақстан

Зейін қоя тыңдау



Іздену

Ұйымдастырушы





































Рефлексивті түзетуші



Қазақстан туралы әңгіме жүргізу.

  • Отан дегеніміз не?

  • Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, сенің жерің және халқың.Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Балалардың назарын Қазақстан картасына аударады.Қазақстанның шекарасын көрсетуді ұсынады.

  • Карта еліміз туралы көп баяндап беретінін көрдіңдер.Картаны қараған кезде не білдік?

Қазақстанда көптеген қалалар, ормандар,далалар,таулар, өзен-көлдер, пайдалы қазбалар бар.

Қазақстанның өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар.

Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу.

  • Біздің еліміздің туының түсі қандай?

  • Қ.Р.Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?

Тәрбиеші рәміз, елтаңба,ту туралы түсініктерін кеңейтеді.

  • Мемлкеттік елтаңбаны қайдан көруге болады? (ҚР шекарасында,маңызды құжаттарда)

  • Тәуелсіз Қазақстанның елбасы кім?

  • Әнұран дегеніміз не?

Әр мемлекеттің өз әнұраны болады.

  • Ал, қазір орнымыздан тұрып,әнұранымызды тыңдайық.

Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер оқу.

Балалардың жауаптары


Картадан Қазақстанның шекарасын көрсетеді.


  • Қазақстан - үлкен мемлекет.




  • Көгілдір

шаңырақ,уықтар,қанатты тұлпар, бес жұлдыз


  • теңгеде

- Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы


Отан - оттан да ыстық.

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет екенін

Нені игереді: Мемлекетті рәміздерді (әнұран, елтаңба, ту)

Нені біледі: Өз Республикасы туралы


Садуакасова Венера Аккасынқызы

Қызылорда облысы

Арал қаласы № 220 мектеп

Даярлық тобының мұғалімі.


Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту


Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту сөйлеуге үйрету, даярлық топқа арналған бағдарлама мазмұнына сәйкес педагогикалық -дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізіледі. Даярлық топтағы балалар мектепте оқуға ой еңбегіне дайындалатын болғандықтан баланың сөздік қорын молайтып қана қоймай ,әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп қолдана білуге үйрету көзделеді. Балаларға антоним көркем сөздерді қолдана білуге үйретуді қамтиды.

Тіл дамыту сабақтарында сөздік қорды молайту тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды қамтиды.

Мұғалім сабақ жоспарын жасағанда сабақтың мақсатын өтілетін материалдық сипатын ескере отырып, әрбір сабақта төмендегідей 3-4 міндетті көрсетуге тиісті.

  1. Сөздің дыбыстық жағын меңгерту, дыбыстарды дұрыс айтуға төселдіру.

  2. Сөздік қорды молайту ( сөз саны 4-5 -тен аспауы тиіс) үйренген сөздерді пайдалану.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Даярлық топтардағы тіл дамыту сабақтарының негізгі мақсаты -балардың байланыстыра сойлеуін жетілдіу.

Сөздік қорды байыту- айналадағы өмірмен таныстыру.Шығарма оқу, есеп, сурет т.б сабақтары мен тіл дамыту кезінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулр барысында да іске асырылады.

Кейбір балардың әсіресе үйден келгендіктен сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын, артикуляциясын дұрыс қолдана білмейтіні де кездеседі.Ондай балалардың көпшілігі р,л,с,ш,з,ж дыбыстарын алмастырып айтатыны байқалады. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды айтуға қиналады. Сондықтан даярлық топта сөздің дыбыстық жағын қалыптастырудағы ,ең алдымен сөздің дыбысталуын дұрыс айтуды жетілдіруге үнемі назар аударылып отыруы тиіс. Ол үшін сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс анық айту, үн, дауыс қарқынын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.

Сөзді дұрыс естіп, сөз дыбыстарын өзгертпей қайталауға, сөйлескенде асып-саспай үн ырғағын өзгерте отырып, анық, ашық айтуға үйретіледі. Сонымен қатар тіл мүкістігі бар балармен жек жұмыс істеуді мұқият ескерген жөн. Сауат ашу сабақтарында сөздің дыбыстық құрамына талдау жасату, ойындар өткізу. Мысалы «Телефон» ойыны. Даярлық топтағы оқушыларға ұқсас с-ш,з-ж дыбыстарын ажырата білуге жаттықтыру.Аталған дыбыстарға жиі қатысатын өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтқызу.

Мысалы Тау дәу болады,дәу тау болады.

Бір топ сөзден тек қана с,ш,з естілетін сөзді табу( сәбіз, сағыз, жалау, жүзім, жүгеру) басталатын сөздер ойлап табу. Әріпке байланысты жұмақтар шешкізу

Жанында жаздың шуағы,

Жаңбырмен жүзін жуады.

Екі орақ пен бір таяқ

Белін бірге буады.

Ол қандай әріп болады?

Ал зердеге салайық,

Болады екен қай әріп? (Ж ж)

Бақылау жұмысын жүргізу. 13-14 сөз жатқа жазу. Суреттің атын өздігінен жазып көрсету болып табылады.Осындай жұмыстардың нәтижесі мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу қабілетін дамытары сөзсіз.

Садуакасова Венера Аккасынқызы

Қызылорда облысы

Арал қаласы № 220 мектеп

Даярлық тобының мұғалімі.



© 2010-2022