«Күннің батуы»: табиғат және табиғат құбылыстарын бақылау

Сабақ жоспары Пәні: бейнелеу өнері      Күні:______ Сынып: 2 «А»   Сабақтың тақырыбы:  «Күннің батуы»: табиғат және табиғат құбылыстарын бақылау. Сабақтың мақсаты:   табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету және пейзаж түрлерімен таныстыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктерін қалыптастыру. Сабақтың міндеті: 1. Білімділік: оқушыны ойландыра білу, дүниені тани білу, қыл қалам арқылы ой - өрісін жеткізе білу 2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтауын...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: бейнелеу өнері

Күні:______

Сынып: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Күннің батуы»: табиғат және табиғат құбылыстарын бақылау.

Сабақтың мақсаты: табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету және пейзаж түрлерімен таныстыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

1. Білімділік: оқушыны ойландыра білу, дүниені тани білу, қыл қалам арқылы ой - өрісін жеткізе білу
2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтауын, ойлауын пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық және әсемдікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың көрнекілігі: бүктеме суреттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру,өз бетімен жұмыс

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй таспырмасын тексеру

3. Жаңа тақырыпты пысықтау, сергіту сәті

4.Өздік жұмыс

5. Жаңа сабақты бекіту

6. Сабақты қорытындылау

7. Оқушыларды бағалау

8. Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу және оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру : Үйден жыл мезгілінің ерекшеліктеріне сипатама беріп келу және суретін салу

3. Жаңа тақырыпты пысықтау: Біз айнала қоршаған орта өзінің ерекше сұлулығымен асқан әсемділікпен көз тартады. Осы табиғат ортаның сұлулығымен бауритын көркі ең алдымен оның түсіне байланысты олар: қызыл, жасыл, сары, көк осы аталған негізгі түстер болып есептеледі. Табиғат көріністерін ауа райының өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Таңсәрі, түс, кеш, түн, т.б. және жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісін бейнелеп салғанда түстік бояу шешімін табу, әр кезде біздің жанымызда түстер шеңбері болуы керек. Күз мезгілін айтатын болсақ, күзде күн қысқарады, түн ұзарады. Ал, көктем - жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді. Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Астрономиялық тұрғыдан Көктем 93 күнге созылады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Ал енді суретімзіді салмас бұрын біріншіден сергіту сәтін ұйымдастырып жіберейік

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,

Қолды қолға ұрайық,

Әсем сурет салайық

Әдемілеп бояйық. (Оқушылар сурет салудың алдында хормен айтады)

4.Өздік жұмыс: Балалар енді орнымызға жайғасып суретмізді салуға кірісейік. Бүгінгі сабақта біз табиғат мезгілін бейнелейтін боламыз. Ең бірінші қағаз бетіне дұрыс үйлестіреміз. Әр сызықтың конструкциялық ерекшелікерін естен шығармаймыз. Жай қарындашпен негізгі суретті орындаймыз. Қате жерлерін өшірігішпен өшіреміз. Оқушылардың салған суреттерін аралап жүріп тексеріп, көмек керек оқушыларға көмектесемін. Жұмыстармызды аяқтағанан кейін көрмемізді ұйымдастырамыз, бағалаймыз.

5.Жаңа сабақты бекіту: Оқушылар осы Күннің шуақты шапағатын және ерекешеліктерін біз сабақ үстінде айтып бере алдық. Жыл мезгілдерін ретімен атап бер? Әр жыл мезгіліндегі негізгі ерекшелітерді атап бер? Жылы және суық түстерді атап бер?

6.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақтың негізгі түйінін қорытындылайтын болсақ. Балалардың суреттің салуы олардың суреттке деген қызығушылығы артып белсене ат салысып сабақ үстінде жұмыс жасап отырды.

7.Оқушыларды бағалау: жаңа сабақта түгелдерің өте жақсы деңгейде қатысып отырдыңдар аздап кейбіреулеріңде сурет салу барысында кемшіліктер кезедесіп жатты енді келесі сабақта бұндай қателіктерді жібермеуге тырысайық

8.Үй тапсырмасы: Үйден «Шаттық шеңбері». Суретті мәнерлеу құралдарын таңдау.

© 2010-2022