План урока

Сабақтаң тақырыбы: «Натюрморт»Сабақтың мақсаты:• Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру.• Нәрселердің әр түрлі көлемінсалыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялықбөліктерге дағдыландыру.• Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.Сабақтың дамытушылығы: • Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау.• Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту.• Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.Сабақтың тәрбиелік мәні:• Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірлестік орта мектебі





Ашық сабақ:

Тақырыбы:

План урока

(5-сыныпқа арналған)

План урока








Өткізген: Сурет пәнінің мұғалімі

Абдуллае Р.Р.


Сабақтаң тақырыбы: «Натюрморт»
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру.
• Нәрселердің әр түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру.
• Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.
Сабақтың дамытушылығы:
• Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау.
• Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту.
• Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
• Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
• Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру.
Сабақтың түрі:
• Затқа қарап сурет салу.

Сабақтың көрнекілігі:
• Слайд «Натюрморт».
• Натюрморт бейнеленген суреттер.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
• Интерактивтік тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар.
• Натюрморт заттары.
Пәнаралық байланыс:
• Тарих, қазақ әдебиеті,геометрия,сызу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.
Үй тапсырмасын тексеру. (Көрме арқылы оқушылардың салған суреттерін тақтаға іліп,бағалау.)
Жаңа сабаққа кірісте:
Натюрморт деген сөзді қалай түсінесіңдер?
1 слайд. Натюрморт сөзі француз тілінен аударғанда «өлі табиғат» деген мағынаны білдіреді. Натюрморт алғаш реет ХVІІ ғасырдың басында

Голландияда пайда болған.

2 слайд. Натюрморт-бейнелеу өнері жанрының бірі. Қоршаған ортадағы

бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді,өсімдіктер, тағамдарды бейнелеудің бір түрі.

5 слайд. Натюрморт екіге бөлінеді: қарапайым натюрморт және күрделі натюрморт.

6 слайд. Қарапайым натюрморт- екі,үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан,бұйымдардан тұрады.

9 слайд. Күрделі натюрморт- көптеген заттардың жиынтығынан құралады.


17 слайд. Бейнелеу өнерінде салынған суретті бояудың 3 тәсілі бар.

  1. Графика.

( Қара қарындаш және тушь бояуларымен бояу тәсілі)

2.Гризайль.

(2 түстен аспайтын бояу тәсілі.

Сұр немесе қоңыр түстер арқылы бояу)

3. Живопись.

(Түрлі-түспен бояу жолдары.

Акварель, гуашь, май бояулары)


Сарамандық жұмыс:
• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.
• Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.
• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.
• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.
Сабақтың қортындысы:
Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп мынандай тест тапсырмасын орындаймыз: (әр балаға тест тапсырмасы беріледі).

Натюрморт өнері ең алғаш рет .................ғасырдың басында .......................пайда болған. Натюрморт ..............тілінен аударғанда

........................ деген мағына береді. Сонымен қатар натюрморт негізінен ............. және................ болып 2-ге бөлінеді. Екі-үш заттан құралған

натюрмортты .............. деп атайды. Ал 4 және одан да көп заттардан құралған натюрмортты .............деп атайды. Натюрморт өнерінде бояу үлкен роль атқарады.Жалпы бояудың ....... түрі бар. Олар .............. және.............. түсті бояулар. Натюрморт өнерінде бір түспен орындалған суретті ............. деп атайды.
Үйге тапсырма:
Натюрморт тақырыбын оқып, натюрморт салып келу.
Оқушыларды бағалау:
Әр оқушының жинаған ұпайларына және салған суреттеріне байланысты бағалау.

Жұмыс орындарын жинастыру.








© 2010-2022