Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«­Өнерлі отбасы» атты отбасылық сайыс


Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Отбасы күні» мерекесімен «Шұғыла» балабақшасы шын жүректен құттықтайды. Отбасылырыңызға денсаулық, бақыт тілейміз.

Бейнелеу өнері бойынша ұйымдастырылған шығармашылық сайысқа қош келдіңіздер!

Шығармашылық сайысқа алты топтың ата-аналары және бүлдіршіндері келіп отыр.

  • Өнерпаздар өнерін салыстырып,
    Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
    Әділдікті қолдайтын баға беріп,
    Жіберейік қазыларды таныстырап.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық:

Балабақшамыздың медбикесі Алмагүл Ережепқызы және Рима Жұмағалиқызы.

Бақылаушы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Серікбайқызы.

  • Аналар бар өнерін салары анық,
    Өнегелі тәлімді алған қанып.
    Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
    Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыстың кезеңдері мен шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру. Әр топтың ата-аналары өздерін таныстырады.

  2. Суретті сканворд. Бір минут ішінде бірнеше сөз тауып жазу.

  3. Үй тапсырмасы (Отбасы суреті).

  4. Портрет «Сүйкімді бөбегім».

  5. Қызықты суреттер.

  6. Алақан ғажайыптары. Алақан арқылы ойдан бір сурет құрастыру.

  • Суретті керемет салатын,

Суретші мен боламын.

Абілхан атам сияқты

Сурет жолын қуамын.

Суретші болған ұнайды,

Таң қалдырсам талайды,

Суретшілік өнерді

Жүрегім менің қалайды - дей келе, сайыстың алғашқы кезеңдеріне кезек берсек.

  • Отбасымыз келіп жетті танысуға,
    Сыпырды томағасын осы дұға.
    Қызып келген қырандай керілтеді,
    Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

  • Суретті сканворд- ата-аналар тақтада ілінген суретті сканвордты бир минут ішінде шешу қажет. Кай отбасы көп сөз жазып шыққан болса, сол отбасы бес ұпай алатын болады.

Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс


  • Үй тапсырмасы -

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда - демекші ата-ана мен баланың дайындаған үй тапсырмасын тамашалайық. Үйге берілген тапсырма «отбасы суретін» бейнелеу. Әдемі бейнеленген сурет ең жоғары ұпайды иеленеді.

  • Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайысӨнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс


  • «Сүйкімді бөбегім» - әр ата-ана өз бүлдіршінінің суретін бейнелейді. Қай отбасы бірінші болып аяқтаса, сурет салу кезеңі аяқталады.

Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайысӨнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс


  • Қызықты суреттер - пуантелизм тәсілімен суретті жылдам бейнелеу. Дайын боямақ таратылады, мақта таяқшасы мен бояуды пайдалану арқылы бөбегімен бірге бейнелеу.

Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайысӨнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс


  • Алақан ғажайыптары - алақанмен орындалған үлгілерге қарап, ойдан сурет құрастыру.

Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайысӨнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайысӨнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс

  • Әр кезең бес ұпаймен бағаланады. Әр кезеңнің барлық ұпай санын әділ қазы алқалары есептеп, марапаттайды.

«Өнерлі отбасы» шығармашылық сайысқа уақыт бөліп қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Сау болыңыздар!

Өнерлі отбасы атты отбасылық шығармашылық сайыс

© 2010-2022