Қылқалам және тушьпен салынған сурет

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 «а» сынып «Бояулар сиқыры» үйірмесі. Күні:__________

Сабақтың тақырыбы: Қылқалам және тушьпен салынған сурет.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін

оқушыларға меңгерте отырып, олардың ізденісін ашу.

ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау

қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, тушь, қылқалам, көмір, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар, иллюстрация, альбом кітаптар, т. б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Сен сызықтар жайында көп мағлұмат алдың және алуан түрлі сызықтар жүргізе аласың. Осыған дейін сызықтарды тек қарындаш және фломастермен салып келдің. Ол сызықтардың қалыңдығы біркелкі болатын. Енді сызықтарды жіңішке қылқаламмен және тушьпен сызып көр. Егер қағазға қылқаламның ұшын ғана тигізсең, сызық өте жіңішке болады. Ал қылқаламды батырыңқырасаң, сызық жуандау болады. Тұтас алғанда жүргізілген сызық жандана, әсерлене түседі. Ол бірде сенен алыстаса, бірде жақындап көрінеді. Суретшілердің айтуынша сызық тыныс алады. Мына сызықтарды салыстыр. Олардың қайсысы саған әсерлі болып көрінеді?Қылқалам және тушьпен салынған сурет

Қылқалам және тушьпен салынған сурет

Жіңішке қылқалам және тушьпен ағаштың немесе басқа заттың суретін салып көр. Егер салған суретің дұрыс шықпаса, бірнеше рет қайталап сал. Сонда ғана қолың жаттығып, салған суретің де әдемі шығады. Мына ағаштарды салыстыр. Олардан қандай әсер алдың?Қылқалам және тушьпен салынған суретҚылқалам және тушьпен салынған суретҚылқалам және тушьпен салынған сурет

Қаламұш және тушьпен салынған суретҚылқалам және тушьпен салынған сурет

Қаламұшпен әр түрлі сызықтар салуға болатынын білесің бе? Онымен салынған сурет анық болып шығады. Бұл тәсілді көптеген белгілі суретшілер қолданған, соның ішінде ұлы ақын А.С. Пушкин де бар. Қаламұшпен кішкентай, жіңішке детальдарды салуға болады. Мына сурет қаламұш, тушьпен салынған. Ондай суреттер салу үшін ұзақ уақыт жаттығып үйрену керек.

Көмірмен сурет салуҚылқалам және тушьпен салынған сурет

Көмірмен сурет салу үшін бірнеше анық сызықтар жүргізілсе жеткілікті. Көмір - отқа күйдірілген ағаш таяқшалар. Онымен салынған суреттер құлпырып тұрады. Ол жануарлардың жұмсақ жүнін, құстың үлпілдек мамық қауырсынын айнытпай бере алады. Көмірді батырып сызсаң, сызық қалың, қара түсті болып шығады. Ал көмірді қағаз бетіне сәл ғана тигізсең, сызық та ашық болып түседі. Ол жалпақ немесе тым жіңішке болуы мүмкін. Көмірмен сурет тез салынады және өте әсерлі болады. Салған суретің тез өшіп қалмас үшін оны шашқа себетін лакпен қатыруға болады.Қылқалам және тушьпен салынған сурет

Графикалық натюрморт (Ертегі)

Түрлі түсті бояулар өзара қайсы бояу қанық әрі әдемі деп айтысты. Әрқайсысы өзін мақтаумен болды. Тек ақ пен қара бояу үндемей тұра берді. Сонда қалғандары оларға:

- Сендер неге үндемейсіңдер? Бірақ қай түрлеріңмен мақтанасындар? - деп мазақ етті. Қара мен ақ бояу ренжіп, үндемей кетіп қалды. Олар бір- біріне:

- Біз соншалықты керексіз, көріксіз болғанымыз ба? - деп мұңын айтты. Бір кезде суретші келді де, барлық бояулардың ішінен қара мен ақ бояуды таңдады. Сөйтіп ғажайып пейзаж, портрет, натюрморттар сала бастады.Қылқалам және тушьпен салынған сурет

Сонда суретшінің салған суретіне қарап қалған бояулар: «Неткен керемет! Біз бұрын неге байқамаған- быз?» - деп таңданды. Суретші кеш батқанша сурет салды. Осы оқиғадан кейін бояулар менменсінуін қойды. Енді олар қара мен ақ бояуға құрметпен қарайтын болды. Сен де графикалық натюрморт салып көр. Ол үшін графикалық тушь, қаламұш, фломастер, балауыз борлар сияқты материалдарды пайдалануыңа болады. Сурет салғанда өшіре бермей, сызықтарды әр түрлі және әсерлі етіп көрсетуге тырыс. Егер салынған суретіңнің бір жері ұнамай қалса, оны қалай түзетудің жолын ойластыр.Қылқалам және тушьпен салынған сурет

Графикалық туындылар

Қарашы, суретшілер өз шығармаларында сызықтардың алуан түрін қолданады. Олардың қандай құралдармен салынғанын анықтап көр. Графикалық туындыдағы әсерлегіш құралдарға назар аудар.

Қылқалам және тушьпен салынған суретҚылқалам және тушьпен салынған сурет




Өз біліміңді тексер

1. Графика дегеніміз не?

Қылқалам және тушьпен салынған сурет


2. Мына туындылар арасынан графикалық жұмыстарды анықта.

Қылқалам және тушьпен салынған сурет




3. График-суретші қандай құрал, материалдармен жұмыс істейді? Оларды ата.

4. Графикалық туындыны анықтап, өз таңдауыңды түсіндір.

Қылқалам және тушьпен салынған сурет



5. Сызықтар парақта қалай орналасуы мүмкін?

6. Қатені тап: «Графика - бұл бейнелеу өнерінің бояулармен орындалған туындысы».

7. Көмірмен салынған суреттің қарындаш, қаламұшпен салынған суреттен айырмашылығы қандай?

8. Қаламұшпен салынған суреттің қылқаламмен салынған суреттен айырмашылығы қандай?

9. «Графика» сөзжұмбағы.


  1. Қарындаш, қаламұш, көмірмен сурет салатын суретші.Қылқалам және тушьпен салынған сурет

  2. Графикадағы басты әсерлегіш құрал.

  3. Көшіріп алу әдісімен алынатын графикалық жұмыс.

  4. График-суретшінің құралы.

  5. Алғашқы нобай сурет.

10. Графикалық жұмыстың кескіндемелік жұмыстан айырмашылығы қандай?


Үйге тапсырма беру: Әр түрлі материалдармен шығарма орында.




© 2010-2022