Открытый урок на тему: Мүсін өнері

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Мүсіндеу өнері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Мүсін өнері жөнінде оқушылардың білімдерін тексеру,

Қазақстандағы мәдени ескерткіштер жөнінде мәлімет беру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой-қиялдарға, шығармашылық

ізденістерге баулу.

б) Тәрбиелілік: Оқушылардың теориялық ойларын ықшамдап,

ұйымшылдыққа, нақтылыққа жүйелі жұмыс істеуге

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері жайлы репродукциялары, дидактикалық материалдар, фотоальбомдар, және т.б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Открытый урок на тему: Мүсін өнеріМүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық көлемін анық көрсетеді. Мүсіншілер өз шығармаларын тастан қашап (әсіресе мәрмәр мен граниттен), ағаштан жонады, саз балшықтан немесе ермексаздан көлемін ұлғайта отырып сомдайды. Жаңа заман мүсінге қажетті материалдардың санын көбейтті: болаттан, бетоннан, пластмассадан және басқа материалдардан шығармалар жасау пайда болды. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Ол әр алуан пішінде іске асырылуы мүмкін: бас, бюст (адамның кеудеден жоғары қарайғы бейнесі), мүсін (фигураның тұтас бейнесі), топтық мүсін (бірнеше фигураның бейнесі). Мүсіншілер жануарларды (анималистік жанр) сирек сомдайды. Мүсіндеудің барлық жағынан қарауға болатын жұмыр және рельефті түрлері бар. Жұмыр мүсіндеуге карағанда рельеф жазықтық бетінде орналасады.

Мүсін шығармалары кескіндемедегі сияқты қондырғылы және монументтік, монументті-сәндік болып бөлінеді.

Қондырғылы (станокты) мусіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады. Мүсіндік портреттің негізгі міндеті - кескіндемедегі сияқты адам образын беру. Мысалы,

X. Наурызбаевтың қолынан қазақ халқының көрнекті қайраткерлері А. Иманов,

Ж. Жабаев, А. Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты.

Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, аскақ, келісті де мәнерлі, өз бойына үлкен, жалпыадамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер. Алматы қаласында бой көтерген Тәуелсіздік монументі қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертеді. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағын бейнелеп, бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруге үндейді.

Монументті-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының компоненті болып табылады.

Открытый урок на тему: Мүсін өнеріОткрытый урок на тему: Мүсін өнеріОткрытый урок на тему: Мүсін өнеріТұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл - әр түрлі материалдардан: фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер, олардың көпшілігі түрлі түсті болып келеді. Шағын пішінді мүсіндеуге адамдар мен жануарларды бейнелейтін ойыншықтардың кейбір түрлерін де жатқызуға болады.

Открытый урок на тему: Мүсін өнеріҚазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін - балбал тастар. Материалдық мәдениет тарихында тас аса маңызды рөл атқарады. Мүсін жасауға сопақ пішінді тастар іріктеліп алынған. Олар Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілерін жұмыр мүсін түріне жатқызуға болады. Ежелгі тас мүсіндерден жауынгерлер, бақташылар, қариялар мен әйелдердің бейнесін көре аламыз. Ер адамдар мен әйелдер мүсіні ойық бедерлер мен сұлба суреттер техникасы бойынша орындалған. Онда киім, қару-жарақ, бас киім, белдік, әйелдер әшекейінің жеке бөліктері анық байқалады. Кейбір тас мүсіндердің дулығалары өрнектеліп, киім жиектеріне құс фигуралары бейнеленген. Фигуралардың көпшілігі оң қолымен не екі қолымен текше пішінді ыдыс немесе тостаған ұстаған. Мүсіндер әдетте өмірден озған адам қабірінің басына орнатылады. Тас мүсіндердің арқасы бейітке, беті шығысқа қаратылады.

Тас мүсіндердің келесі түрі «елік тастар» - құрбан шалынатын және қасиетті орындарға қойылатын құлпытастар. Онда еліктің бірнеше үйірі бейнеленген.

МОткрытый урок на тему: Мүсін өнеріаңғыстау мен Үстірттен табылған тас мүсіндердің басым көпшілігі әктастан ойылған. Олар жауынгер адамның бейнесін көз алдыңа келтіреді: оң қолын төмен түсіре, сол қолын шынтағынан бүгіп, кеуде тұсында ұстаған. Фигуралардың көлемі 1-ден 4 метрге дейін жетеді. Бұл мүсін ескерткіштер сомдалған кейіпкердің нәсілдік бейнесі мен ерекшелігін этнографиялық жағынан дәл бере білуімен құнды. Тас мүсіндер бейнесі жауынгер киімі өрнектелген белдік, шалбар, жұмсақ былғары етіктен тұрғанын көрсетеді. Жауынгер қолына семсер не қанжар ұстаған. Орта ғасырлар дәуірінде ата-бабалар рухына табынумен байланысты қабір басына тік және көлденең құлпытастар қою дәстүрі пайда болды. Олар өсімдік және геометриялық фигуралар тәрізді өрнектермен айшықталған. Ортағасырлық монументалды мүсін өнерінде ақтас, теңіз ұлутастары пайдаланылады. Астана қаласында «Тарихи жазбалар» атты этномемориалдық саябақ бар. Композиция құрамы сақ қорғанындағы ежелгі балбал тастар мен құлпытастардың көшірмелерінен тұрады. Егер еліміздің астанасына жолдарың түсіп жатса, міндетті түрде саябақты тамашалауға барыңдар.

1. Өздерің тұратын қалада монументтік мүсіндеудің қандай түрлері бар?

2. Танымал мүсіншілерден кімдерді білесің?

3. Балбал тастар дегеніміз не?

4. Ежелгі мүсін өнерінің тағы қандай түрлерін білесің?

Үйге тапсырма беру: «Егер мен мүсінші болсам»деген тақырыпта эссе жазып келу.



© 2010-2022