Сабақ бірінші сынып кескіндеме сабағы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 СЫНЫП

КЕСКІНДЕМЕ

1 ТАПСЫРМА.

Тақырыбы: Кіріспе. Көрнекі материалдармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Негізгі түстермен танысу және акварель бояуларын араластыру арқылы қосалқы түстерді шығару..

Қолданылатын көрнекіліктер: Оқу таблицалары. Түс шеңбері.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Балдарды сабаққа қызықтыру, ынталандыру. Әр түрлі түсті бояуларды салып үйрету.

Сабақ жоспары: 1. Жаңа тақырып.

2. Көрнекіліктерді көрсету.

3. Методикалық тапсырма.

4. Өзіндік жұмыс.

5.Қателерін жөндеу.

6.Жұмыстарын талдау.

7.Баға қою.

Сабақ барысы: 1 САБАҚ.

-Жаңа сабақты түсіндіру.

-Кескіндеме сабағы туралы кіріспе әңгіме. Бұл сабақта не үйретеді?

-Түс шеңбері, негізгі түстер туралы айтып өтіп олардың қосындысынан қандай түстерді шығарып алуға болатынын көрнекі таблицаларды пайдаланып айтып көрсетемін.

-Көрнекілік таблицаларды пайдаланып жылы суық түстерді айтамын.

-Оқушылар көрнекі таблицадағыдай қағаз бетіне негізгі түстерді және олардың қосындысын салады.

-Негізгі түстерді пайдаланып түске су қосып оның реңкін озгертуге болатынын айтып көрсетемін. Соны оқушылар гаммасын орындайды.

-Жұмыс барысында кеңестер беремін.

-Анықтап әр бөлшектерін салғанда қаламмен сызған шеттерінен бояуды асырмау керектігін айтып көрсетіп, орындалуын қадағалаймын.

-Жұмысты оқушылар бәрі бірге аяқтайды.

-Талдау.

-Бағалау.


© 2010-2022