Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Натюрморт. Гризайль

Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Натюрморт жанрымен таныстыру. Гризайль терминімен таныстыру. Жарық-колеңкені айыра білулерін үйрету.  Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Натюрмортты гризайль техникасымен салу жайлы ұғым, білімінің негізін қалау. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды колорит туралы өздерінің білімдерін кеңейту Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа ...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

5 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

2 апта

5 сабақ № дәрісхана

Сабақтың атауы

Натюрморт. Гризайль.

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Натюрморт жанрымен таныстыру. Гризайль терминімен таныстыру. Жарық-колеңкені айыра білулерін үйрету. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Натюрмортты гризайль техникасымен салу жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды колорит туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы, ноутбук.

1 сабақ Тақырыбы: Натюрморт. Гризайль.

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Жарық пен көлеңке арқылы суреттің көлемін көрсету әдісімен танысу.

Натюрморт, гризайль

Жарық пен көлеңкені айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің жанры және сурет салу техникасы негізі ретінде қарастыру .

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу.

Тақырыпқа байланысты ой қозғау жүргізу, балалардың сабаққа қандай көңіл күймен келгенін анықтау. Бұл ойынға таза қағаз бен гуашь болуы қажет. Оқушылар қағаздың жарты бетіне қылқаламмен кез келген дақ салады содан кейін қағазды бүктеп екінші жартысына жабыстырады. Сонсын қағазды ашып пайда болған дақтан қандай бейне шыққанын айтады.

Көңіл күйлері төмен оқушылар дақтан нашар нәрселерді көреді, олар көк немесе сиякөк түстерді таңдайды. Ондай оқушыларды сабырлы оқушылармен отырғызған жөн.

Сабырлы бала ашық түстен дақ жасайды және шыққан суретінен жақсы нәрселерді көреді.

Ашуланшақ балалар қызыл немесе қара түстерді таңдайды.

Оқушылар таңдаған түстері арқылы топтастырып отырғызылады.

Мұғалім сұрағы: Біз осы ойынды не үшін ойнадық? Қалай ойлайсыңдар?

Ойлануға уақыт беріледі. Жауаптары қабылданады

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

Балаларға бірнеше гризайль техникасымен салынған суреттерді крсету. «Балалар мына суреттерге қарап көріңдерші, бұл суреттердің қандай ерекшелігі бар?» Оқушылар суреттегі көрген ерекшеліктерін атайды. Менін мақсатым оларға дұрыс бағыт беріп суреттердің салынған техникасына көңіл аударту. Балалар сын тұрғысынан ойлап көргендерінің барлығын айтуына мүмкіндік беру.

Сурет салу техникасын анықтап алғаннан кейін сурет салуға тапсырма беру.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Сурет салу, тапсыма орындау:

  • Балалар шағын топтарға бөлінгенмен әр қайсысы жеке нобай салады. Нобайларын салып болғаннан кейін ортақ жұмыс жасауға кіріседі.

  • Шағын топқа мәтін таратылады. Мәтінде гризайль техникасы туралы жазылған. Мәтінді топта талдап, салған нобайларына тұжырымдама жасайды.

  • Шағын топпен ақылдасып ортақ сурет салады.

  • Суретті салып болған соң таптағы дарынды балаға салған суретіне әңгіме құрастыруға тапсырма беру.

  • Шағын топта өздері ақылдасып бір тұжырымға келеді. Сабақ бойы не туралы айтылғаны туралы бір шешімге келеді.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

  • Балалар салған суреттерін шағын топпен шығып қорғайды.

  • Жазған әңгімелерін оқиды.

  • Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз.

  • Сабақты қорытындылау.

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа бояуларын, альбом, қылқалам, суға ыдыс әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған түстердің жарық көлеңкесін ажырата, сезіне білуді үйренеді. Үйде түстер туралы білгендерін толықтырып келу тапсрылды.


© 2010-2022