Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндеу

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндеу Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ермексаздан құстардың дене құрылысын бөлшектеп (сопақша,цилиндр),көлемдеуді үйрету.Құстар туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың талғамдық қабілетін арттыра отырып,

ой-өрісін, саусақ икемділігін, өзіндік іс-әрекетін, шығармашылық

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өнерге қызығушылыққа көркем өнер туындылары және музыка өнерімен баулу, құстарға деген қамқорлық көзқарасқа және жат мінездерден аулақ болуға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, топпен жұмыс, үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Мұғалімге: Құстар мүсіні,құстың дене бөлшектері, «Құстар дауысы» слайд,

«Аққу» күйі Нұрғиса Тілендиев.

Оқушыға: Ермексаз, кескіш пышақша, төсеніш,қол сүрткіш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру;

б) Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау, пысықтау

Жануарларды мүсіндеу.

Сұраққа жауап беріп, құпия суретті тап.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда құстарды мүсіндеп үйренеміз. Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ғой. Ендеше, бүгінгі сабағымызды ертегімен бастайық. Мұқият тыңдаймыз.

«Аққу мен үйрек»

...Ертеде бір үйрек көлге барыпты.Барса су бетінде бір бейтаныс құс жүзіп жүріпті. Бұрын көрмеген құстың ұзын мойнына қарап, үйрек қатты таңырқайды.Сосын оған жақындап барып:

- Сәлем , достым! -дейді.

- Сәлем! -дейді бейтаныс құс.

-Сен қандай құссың дейді?

-Мен аққумын.

-Сен де суда жүзе аласың ба?

-Иә, жүзем.Қорегімді судан айырам.

-Сенің мойның жіп-жіңішке екен.Денеңе мүлдем жараспай тұр.Мойын мына менікіндей болу керек қой, жуан діңгектей,-дейді үйрек мақтанып . Аққу болса , үйректің бұл қылығына жымиып күледі де,үндемей жүзе береді. Бір кезде үйрек:

-Аққу қарашы,мен суда қалай жүземін,-деп, масаттана жүзіп бара жатқанда,қамыс арасынан бір аңшы шыға келіп,мылтығын кезейді.Мұны көрген аққу бар екпінімен аңшыға қарай ұша жөнеледі.Аққудың өзіне қарайұшып келе жатқанын көрген аңшы не істерін білмей тұрғанда,аққу оның мылтығын қанатымен қағып,суға түсіріп жібереді.Аспанға көтерілген ол бір айналаып,қайта келіп көлге қонады.Амалы құрыған аңшы судан мылтығын алып,кетіп қалады.

-Әрқайсысымыз бұл құстарды өзімізше елестетіп, қазір сендермен бірге оны ермексаздан жасап көрейік .

1. «Қауіпсіздік ережелерін» ермексазбен,пышақшамен жұмыс істегенде еске түсірейік.

2.Кесте бойынша құстардың дене бөлшектерін көрсету.

1) денесі (үлкен сопақша)

2) мойны (цилиндр)

3) басы (кіші шар)

4) тұмсығы (конус)

5) қанаты (жайылған сопақша)

Бөлшектер домалақтау әдісімен жасалады. Дене бөлшектерін бір-біріне бекітіп,саусағымызбен жағып жазамыз.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Ермексаздан екі топқа бөлініп, аққу мен үйректі мүсіндеп көрейік.

(Жеке бөлшектерді көркемдеуді пышақшаның көмегімен жасауға көмектесу.)

Ү. Жұмыстарды талдау,көрме ұйымдастыру.

Оқушылар өздерінің жұмыстарын бір-бірімен саралап баға береді. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

«Аққу» күйін тыңдау.

- Күйді қайдан естідіңдер?

-Күйдің атын білесіңдер ме?

-Күйді кім шығарған?

-Қалай ойлайсыңдар, ертегі немен аяқталды?

-Ертегінің немен аяқталғанын естігілерің келе ме?

Болған жайды көріп тұрған үйрек:

-Аққу, саған көп рақмет! Сен болмағанда мен мына суда жүзіп жүрмес едім. Бірақ, мен үшін өз басыңды қатерге тіккенің қалай? -дейді.

-Әй, достым-ай, адамдардың бізді атпайтынын білмеуші ме едің? Бізді киелі құс санайды. Тіпті, әдемі қыздарды бізге балайды, -дейді аққу.

-Мен әлгінде мақтанып тұрғанда үнсіз қалмай неге айтпадың? -дейді үйрек ыңғайсызданып.

Сонда аққу:

-«Ақымақ өзін-өзі мақтайды, ақылдыны өзгелер мақтайды» дегенді естімеп пе едің, достым, -дейді.

Бұл сөзді естіген үйрек өзінің қылығынан ұялып:

-Кешір,аққу. Менен бір қателік кетті.Өмірде сен сияқты адал да ақылды дос табу қиын. Менімен дос болуға қарсы емессің бе?- дейді.

Аққу үйректің өз қателігін түсінгеніне риза болып, кешіреді. Содан былай екеуі айнымас дос болып кетеді.

«Құстар дауысы» слайдын тамашалайық.

ҮІ. Қорытындылау.

- Сендерге ертегі ұнады ма?

-Құстардың қандай пайдасын білесіңдер?

-Бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік?

ҮІІ.Үйге тапсырма:

Өзіңе ұнайтын құсты мүсіндеу.

ҮІІІ.Бағалау.








© 2010-2022