Әдемі көбелектер технологиялық картасы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Тобы: Ортаңғы топ (Бәйтерек, Күн шуақ, Өркен)

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Көбелектер

Мақсаты:

Оқыту аспектісі: қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі жөнінде айту. Білімдерін кеңейту, бекіту. Тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру. Дамыту аспектісі: балалардың жадында түстердің жатталып, ажырата білуіне дағдыландыру. Түстердің жылы және салқын реңктерді ажыратып, тәжірибе кезінде өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Саусақ икемімен жұмыс жасау.

Тәрбиелеу аспектісі: балалардың өзіне және айналасына осы жылы түстер сияқты жақсы ниетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Эстетикалық және этикалық тәрбие беру.

Сөздік қор: Көбелек, трафарет.

Қажетті құралдар: қағаз, гуашь, қылқалам, щетка

Көрнекілік: Көбелектің суреті, орындалу үлгісі.

Қостілділік компонент: Көбелек-бабочка- butterfly

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Бала әрекеті

Мотивациялық - қызығушылық

Сәлеметсіңдерме балалар?

Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Балаларды шаттық шеңберін құруға шақырды:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Ұйымдастыру-ізденушілік

Көбелектер және гүлдер туралы шағын әңгіме дүкен құрады.

  • Гүлдердің қанда түрлерін білесіңдер?

  • Олардың түстереді қандай болады?

  • Жарайсыңдар балалар сендер біраз мәлімет біледі екенсіңдер.

  • Әсем гүлдерге көбелектер ұшып қонады. Көбелектер өте әдемі. Олар кішкентай ұшатын жәндіктерге жатады.

  • Көбелек-бабочка-butterfly

Көбелектердің түсі де түрі де әр түрлі болады.

Оларды бейнелегенде әр түрлі түспен бояймыз.

Балаларға көбелекті бейнелеу жолдарын көрсету.

  • Қажетті бояуларды ерітіп аламыз.

  • Алақанымызды бояуға малып, қағаз бетіне бастырамыз.

  • Көбелектің сұлбасын шығарып аламыз.

  • Көбелектің әдемі өрнектері секілді саусақтарымызды бояуға батыра отырып бейнелейміз

  • Осымен біздің жылдам бейнеленетін әдемі көбелектеріміз дайын.

Балалармен бірге көбелектің суретін салу. Үлгермей отырғандарға көмектесу.

Сергіту сәті.

Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен


Рефлексивті-түзету

Берілген тапсырманы орындағандарына қарай бағаланады. Көңіл күйлерін анықтайды. Көбелектердің және гүлдердің сурет салу барысында қателіктеріне түзету жұмыстарын жүргізеді. Жұмыстарын тексеріп, бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:

  • Көбелектер туралы жалпы мағлұмат.

  • Сан алуан түстердің атауын;

  • Жылы және салқын реңктерді;

Игеруі тиіс:

  • Түстерді ажырату;

  • Палитрада іздену;

Істей алады:

  • Топта жұмыс жасауды;

  • Ереже бойынша тапсырма орындауды;

  • Еркін түрде түстерді таңдауды.

Мұғалім: Жолмағанбет Р.Б.

Әдемі көбелектер технологиялық картасы

© 2010-2022