Открытый урок Тіліктерді орындау ережелері

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлбосынов Нұржан Рахметұлы

Бейнелеу өнері,сызу пәнінің мұғалімі

Алматы облысы

Панфилов ауданы

«Үшарал ортамектебі МДШО» КММ

Сабақтың тақырыбы: Тіліктерді орындау ережелері /2сағ/

Графикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: Тіліктердің орындау ережелерін меңгерту. Тақырып арқылы оқушыларды сызба сауаттылығына үйрету. Адам өміріндегі сызбаның маңыздылығына көз жеткізу, түсіндіру, дәлелдеу.

Білімділігі: Тіліктер туралы түсінігін кеңейтіп,оқушыларға өз білімін талдап, түсіндіре алуына, білімдерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, теориялық, практикалық салыстыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды таза сыза білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, сызба мәдениеттілігіне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көрнекіліктер, слайд т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, салыстыру, тірек-сызба, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: геометрия,технология

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын шолу.

Кіріспе. Машина жасау, электротехник, радиотехника, прибор құрастыру, химия, мұнай және газ өнеркәсібі бұның бәрі- қазіргі заманғы техниканың жетістіктері.

Осы техниканы меңгеру және оны дамыту табысты еңбек ету, жоғарғы квалификациялы жұмысшы, өндіріс шебері, инженер, конструктор болу үшін сызудағы сызбаларды, проекцияларды, сызықтың түріне, белгісі мен өлшемдеріне қарап, түсінікті ой қалыптастыру керек.

Сызу техникада ғана керек емес. Біздің мына заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана «Неге мұндай? Неге сондай? Неге қисық? Неге түзу?» т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар , өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл -сызу. Демек, техниканың, дамудың тілі.

III. Белсенді іс-әрекетке дайындау.

«Кім жылдам» ойыны. Бағалау

IV. Мақсат қою сұрақтары:

  1. Көрініс дегеніміз не?

  2. Шартты кескіндерді ата ?

  3. Тілік дегеніміз не ?

  4. Қима дегеніміз не ?

  5. Тілік не үшін қолданылады ?

  6. Тіліктердің түрлерін ата ?

V. Жаңа сабақ:

Қарапайым тіліктерді орындау ережелері.

Қандай болса да бір заттың, тетіктің немесе бұйымның ішкі құрылысын сызбада көрнекі түрде көрсету үшін, тілік деп аталатын шартты кескін қолданылады.

Тілік - ойша жазықтықпен (немесе бірнеше жазықтықпен) кесіп өткендегі заттың кескіні. Сонда заттың байқаушы мен қиюшы жазықтықтың арасында орналасқан бөлігі алыстаған сияқты болып көрінеді. Тілікте қиюшы жазықтықтағы және оның арғы жағындағы кескіндер көрсетіледі.

Сабаққа әкелінген асқабақ,алмаларды пышақпен кесіп, фронталь, горизонталь, профиль тіліктерді орындап көрсету.

VI Слайдпен жұмыс

VII. Жаңа білімді бекіту.

Жаңа білімді бекіту әдісі /сұрақ-жауап/

  • Қандай кескін тілік деп аталады?

  • Сызбаларда тіліктерді не үшін қолданады?

  • Сызбада тілік қалай белгіленеді ?

  • Тілікті сызбада қандай сызықтармен көрсетеді ?

  • Сызбада нұсқамалар нені білдіреді ?

  • Тілікті сызбада қандай сызықтармен көрсетеді ?

  • Сызбада нұсқамалар нені білдіреді ?

  • Қандай жағдайда қиюшы жазықтықтың орны белгіленбейді ?


Сергіту сәті.

2-сағат. Графикалық жұмыс. Тапсырмаға арналған жаттығу 33-бет

Жаттығуды №2 жұмыс дәптерлеріне орындау

Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.. Тіліктерді орындау ережелерін оқулықтан оқып келу.

№9 графикалық жұмысты А4 пішімді қағаз парағында өлшемдері бойынша орындау тапсырылады.М 2:1

Открытый урок Тіліктерді орындау ережелері

© 2010-2022