Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары

Бейнелеу өнері.     5- сынып.   Сабақтың тақырыбы:  Портрет. Сабақтың мақсаты: а)  Білімділік: Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – портрет туралы оқушыларға     толық мәлімет бере отырып, түсінік қалыптастыру. ә)  Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы адамның бет      әлпетінің әр түрлі кейіпін, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен      елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу. б) Тәрбиелік:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрб...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары«Қостанай қаласының білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебі»КММ







Тақырыбы: Портрет

Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Купеев Е.С.














Қостанай-2014жыл

Бейнелеу өнері. 5- сынып.

Сабақтың тақырыбы: Портрет.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі - портрет туралы оқушыларға

толық мәлімет бере отырып, түсінік қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы адамның бет

әлпетінің әр түрлі кейіпін, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен

елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.

б) Тәрбиелік:ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: әртүрлі суреттер, схемалар, түрлі қарындаштар, өшіргіш,дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық .

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, геометрия.

Сабақтың барысы :

I . Ұйымдастыру бөлімі

II . Үй тапсырмасын қайталау

III. Жаңа сабақ:

1. Қызығушылығын ояту.

2. Мағынаны тану.

3. Ой -толғаныс.

ІV. Бекіту

І. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Оқушыларға сұрақ қою арқылы білімін тексеру.

1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

2. Кескіндеме, оның жанрлары туралы айт?

3. Пейзаж деген не?

4. Натюрморт қандай мағынаны білдіреді?

5. Тақырыптық сурет туралы айт?

6. Портрет туралы өз ойыңды айт?

ІІІ.

Қызығушылығын ояту.

-Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп

елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен,

артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып

тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар.

Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.

Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

-Портрет.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ

-Қазір интерактивті тақтадан портрет жайлы мәліметпен танысамыз...

Мағынаны тану .

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.

Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты, жан-дүниесін, адам бейнесін

салуға қызықты. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады. Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен. Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов, Молдахмет Кенбаев т.б.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3- ке бөлінеді.

1. Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2. Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3. Толық фигуралы портрет.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп ойлайсыздар?

-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен

суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара

кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында».

Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары

Бір адамның бет әлпеті әр түрлі болып өзгеретінін білесің бе? Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.

Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл - шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.

Мимика - адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.

Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.

Ал ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, еріндері берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды.

Мына суреттегі адамның бет кейпін жағымды деп айту қиын. Мұндай бет әлпет менмен адамдарда болады. Қастары жоғары көтеріліп, көздері сығырайып, аузы бүріліп, ернінің бұрыштары төмен қарап тұрады.Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары

Мұндай кейіпте болмауға тырыс, оны айналаңдағы адамдар ұната қоймайды.Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспарыПортрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспарыПортрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары

Адам таңырқағанда оның қастары жоғары көтеріліп, көздері шарадай болып, ал аузы аңқиып ашылады. Мүмкін сенде де осындай кейіп жиі болатын шығар.


Практикалық жұмыс:Портрет тақырыбына бейнелеу пәнінен ашық сабақ жоспары

1- қатар көңілді адамды

2- қатар ашулы адамды

3- қатар адамның таң қалған кезін көрсету.



Сабақты қорыту бөлімі.

Ой- толғаныс.

ІV. Қорытынды:

1. Портреттің салу ережесін айт?

2. Сурет салған кезде басты нешеге бөлеміз?

3. Көзді қалай салу керек?

4. Құлақты қалай өлшеп саламыз?

5. Сіздер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

Үйге тапсырма беру.

Портеттің тағы бір түрі болады,ол-автопортрет,яғни суретшінің өзін-өзі бейнелеуі. Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма, өздерінің бейнелеріңді салып келесіңдер.






© 2010-2022