Поурочный план по предмету черчение

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: №18

Сабақтың тақырыбы:

Ойыншық бейнесін жасаймыз. Ойыншық пропорциясымен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Әр түрлі ойыншықтар түрлерімен танысып, оларды

бейнелей білуге және жасай білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау

қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке

тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, түрлі ойыншықтар үлгілері, қайшы, желім және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Енді өз ойыншығыңды жасауды ойланатын уақыт келді. Өзіңе немесе досыңа қандай ойыншық сыйлағың келетінін ойланып ал. Ол бір сүйкімді аң, фантастикалық мақұлық, көңілді сайқымазақ болуы мүмкін. Есіңде болсын, ойыншық айшықты, есте қаларлықтай болуы тиіс. Бәрімізге белгілі қоян мен аюдың бейнелерін жасамақ болсаң да, олардың ерекше дене мүшелерін ойлап тауып, әсерлі пропорциялар іздестір. Дизайнер-суретші жұмысты нобай салудан бастайды. Нобай салудың алдында мына фотосуреттер мен балалар ойлап тапқан нобайларға назар аудар. Мүмкін, осылар сенің болашақ ойыншығыңның бейнесін табуға көмектесер.

Поурочный план по предмету черчение




1. Қалай ойлайсың, мына ойыншықтарды қандай материалдардан жасауға болады?

2. Олар қай жастағы балаларға лайық?Поурочный план по предмету черчениеПоурочный план по предмету черчение

Поурочный план по предмету черчение

Ойыншық нобайын жасау алдында пропорциямен жұмыс істе. Бұл саған қызықты, әсерлі бейнелер табуыңа көмектеседі. Мына суреттерге қара. Сиырдың пропорциясы өзгерген сайын бейнесі де өзгеріп тұр.

Поурочный план по предмету черчение








Поурочный план по предмету черчение

Нобаймен жұмыс істеген кезде түс таңдауға да назар аудар. Көрдің бе, түс және мимиканың көмегімен көңілсіз сайқымазақты көңілдендіруге болады. Мына сайқымазақтардың қайсысы саған әсерлірек болып көрінеді? Неліктен? Нобай жасаған кезде пропорциялардың қалай өзгергенін бақыла.Поурочный план по предмету черчение


Үйге тапсырма беру: Жануарлардың бірінің нобайын сал.



© 2010-2022