Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)

Үйірме «Жас қалам» Сабақтың тақырыбы: Аққала Сабақтың мақсаты:1.      Суретте әртүрлі өлшемдегі заттың  құрылымы  мен өлшемін анықтауға үйрету, аққаланың негізгі  бейнесін қалыптастыру, дөңгелекшелерді бір бағытта бояуға жаттықтыру. 2.     Бояумен салу техникасын жетілдіру. 3.     Жұмыс барысында таза және әдемі салу дағдысын қалыптастыру. Өнерге, қоршаған орта сұлулығына деген эстетикалық талғамына тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілі... Қар аққала   шырша Ø-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Оқушылар жауабы: Шанамен сырғанаймыз. Қар лақтырып ойнаймыз. Шаңғы тебеміз. Конькимен мұзда сырғанаймыз. Аққала жасаймыз. Ø-Міне, қыстың соншалықты керемет жыл мезгілі екенін сезіндік.Енді мына тақтадағы қысқы табиғат көрінісі бейнеленген плакатымызға өзіміз салатын аққаланың суретін орналастырамыз, ол үшін сендердің салған аққалаларың әдемі салыну керек.  –Қане, қолымызға акварель бояуы мен қылқаламымызды алып жұмысқа кірісейік!Балалардың өз бетінше жұ...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үйірме «Жас қалам»Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Аққала

  1. Сабақтың мақсаты: Суретте әртүрлі өлшемдегі заттың құрылымы мен өлшемін анықтауға үйрету, аққаланың негізгі бейнесін қалыптастыру, дөңгелекшелерді бір бағытта бояуға жаттықтыру.

  2. Бояумен салу техникасын жетілдіру.

  3. Жұмыс барысында таза және әдемі салу дағдысын қалыптастыру. Өнерге, қоршаған орта сұлулығына деген эстетикалық талғамына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілік арқылы баяндау, жеке оқушымен және сыныппен жұмыс.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

Қарындаш, көгілдір түсті қағаз, суреттер үлгілері; табиғат бейнеленген плакат;қар және аққала бейнелері; акварель, альбом т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу, сыныпты сабаққа дайындығын тексеру)

-Балалар, сабаққа кіріспес бұрын бүгін сабағымыз не жайлы болатынын біліп алайық, ол үшін «Али мен Айя. «Аққала туралы» мультфильмін тамашалайық: Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)

Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)



youtube.com/watch?v=P6lTHum2zIg

-Бұл мультфильмнен балалардың аққала жасауды үйренгісі келетінін ұқтық, біз де бүгін аққала жасауды үйренеміз.

  • -Аққала жасамас бұрын мына сөздерден әңгіме құрастырып көрейік. (тақтаға сөздер жазылған парақшаны ілу.

«жауды қыс қар күн жасаймыз жапалақтап қардан көңілді жылы келді аққала болды балалар» (Қыс келді. Жапалақтап қар жауды. Күн жылы болды. Қардан аққала жасаймыз. Балалар көңілді болды.)

-Міне, біз осы әңгімемізден қазір қыс мезгілі екенін анықтап алдық, бұл жыл мезгілінің де өз қызықтары мен табиғат сұлулықтарының ерекше болатынын білдік.

  • Қыс мезгілінің символы ретінде нені айтуға болады?Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)

Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)

Қар

аққала

шырша

  • -Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Оқушылар жауабы: Шанамен сырғанаймыз. Қар лақтырып ойнаймыз. Шаңғы тебеміз. Конькимен мұзда сырғанаймыз. Аққала жасаймыз.Аққала жасау. Жас қалам үйірмесіне (5 сынып)

  • -Міне, қыстың соншалықты керемет жыл мезгілі екенін сезіндік.Енді мына тақтадағы қысқы табиғат көрінісі бейнеленген плакатымызға өзіміз салатын аққаланың суретін орналастырамыз, ол үшін сендердің салған аққалаларың әдемі салыну керек.

-Қане, қолымызға акварель бояуы мен қылқаламымызды алып жұмысқа кірісейік!Балалардың өз бетінше жұмыстары.

  • Енді, аққаланы табиғат аясына (тақтадағы плакатқа) апарып қояйық.


Сабақты бекіту.

- Балалар, қане, ойын ойнап жіберейік.

Ойын «Қар лақтыру» деп аталады. Мен қарды лақтырғанда сұрақ қоямын, қарды тосқан адам жауап береді.

- Балалар, аққаланы неден жасайды екен?

- Аққала неше бөліктен және қандай пішіннен тұрады?
- Аққаланың көзі, мұрны, аузы қандай?

-Басына не кигіздік ?
- Аққала туралы кім тақпақ біледі?



Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп үшкір.
Көзі көмір, қап қара.


Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей ақ ол мұнда.

- Бәріңе рақмет. Бүгінгі сабақ осымен аяқталды.

© 2010-2022