План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бинарлық сабақ (химия + Бейнелеү өнері) тақырыбы: "Бояулар химиясы"

Мақсаты: Көркем материалдардың химиялық құрамын демонстрациялау арқылы бейнелеу өнерімен химияның пәнаралық қатынастығын оқушыларға көрсету.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың әлемнің бірегейлік түсінігін қалыптастыру

  2. Оқушыларды әр-түрлі бейнелеу материалдарымен таныстыру және олардың химиялық құрамын көрсету

  3. Бейнелеу өнері мен химия пәндеріне белсенділікпен қызығушылықтарын арттыру

  4. Оқушылардың көркем материалдармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Көрнекіліктер:

  • әр-түрлі материалдармен орындалған суретшілер шығармалары : акварельмен, қарындашпен, гуашепн, майлы бояумен, акрил бояуымеп, сангина, пастель, соус, уголь, сепиямен салынған суреттер.

  • химиялық формулалармен карточкалар

  • көркем материалдар: : акварель, қарындаштар, гуашь, майлы бояу, акрил бояуы, сангина, пастель, соус, уголь, сепия.

  • Д. И. Менделеевтың периодтық химиялық элементтер таблицасы;

  • пастельмен жұмыс жасауға арналған қағаз

  • жеміс-жидек муляждары

Дайындық жұмысы:

  • Тақтаны безендіру

  • 2 оқушы ежелгі адамдар кейпінде көмірмен сурет салуға дайындалуда

  • Үңгірдің қабырғасы тәрізді тақтада ілінген қағаз, алғашқы адамдар сурет салу үшін дайындалу үстінде

Сабақ барысы

Бейнелеу өнері мұғалімі:Бүгін біз сіздермен бинарлық сабақ өткіземіз«Боялар химиясы».

Химия мұғалімі: Осы сабақта екі түрлі пәндердің - бейнелеу өнері мен химияның байланысын көрсетеміз: әр-түрлі сурет салу материалдарымен, олардың химиялық құрамымен танысамыз және пастель техникасында сурет салып көреміз. Осылардың химиялық формулаларына, химиялық элементтердің әр түсіне назар аударыңыздар. Сабақтың соңында осыған талдау жасайсыңдар. 30мың жыл бұрын алғашқы адамдар үңгірлерде ғұмыр кешіп жатты /осы уақытта ежелгі адамдар үңгір қабырғасына көмірмен суреттер салады/. Ол кезеңде адамзатты, бізге белгісіз табиғат пен жабайы һайуанаттар қоршаған. Күнкөрісі қиын, киімі жануар терісі, қауіпті жағдайда аңшылықпен тамақ табуы, еңбек құралдары және қарулары тас пен сүйектен жасалған. Жан-жағы белгісіздік, өзі де білмейді өзі туралы. Кенеттен...

Бейнелеу өнері мұғалімі: Бірінші жартасқа сурет салуға не себеп болды? Оның ойына көмірмен сызық салу қайдан келді? Осы сәтте алғашқы қауымның тұңғиығынан, құдіретті жарық жарқ етті. Ол ғасырлар мен мыңжылдар өте - ӨНЕР атауына ие болды. Қол таңбалар, шимайлар, үңгірдегі суреттер... XIXғ. ғалымдары үңгір кескіндемесінің нақты шындылықта салынған суреттерінің алуан түрлі болғанына таң қалды /үңгір суреттері/.

Химия мұғалімі: Алғашқы суретшілер суреттерін немен салды?... Әрине ағаш көмірімен салған, оның формуласы : Na2S; С; Al2O3; NaAlO3. Кейінгі палеолит дәуірінде суретшілер ағаш көмірін пайдаланған.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Бейнелеу өнері мұғалімі: Көмірді ерекше жолмен-талдың немесе қайыңның аршылған және жақсы кептірілген бұтақтарын құмда, ауа кірмейтін етіп жабылған ыдыста жаға отырып дайындайды. Көмірді басқа да материалдармен араластырып сурет салады: ақ бормен, сепия және сангинамен.

Химия мұғалімі: Қарындаш-кәдімгі графит қарандашы. Ежелгі римдіктердің өзіне белгілі болған, бірақ ол тек күміс немесе қорғасын болатын. Орта ғасырда оларды қалайыдан және қалайы мен қорғасынның қорытпасынан жасалған қарындаштар қосылды. Француз механигі Гонте , графит ұнтағынан тиімді пропорцияда сазбалшықпен араластыра отырып, біз қазір де пайдаланып жүрген қарандашты тапты. 18ғ. чех И. Гартмут қарындаш сыртын жасап шығарды. Қарандаштар қазір әр турлі қоспалармен жасалып шығарылады: графит, сажбалшық, көмір ысы, двуокись титан, ағаш көмірі, воск - монтан, гипс, крахмал: Al2O3; С ; TiO2; СaSO4*H2O.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Күміс қарандаштың штрихы біршама уақыт өткеннен кейін тотығып, қызыл-қоңыр түске ие болған, бұрынғыдан айқынырақ көзге түсетін болды. Ренессанстың ұлы шеберлері - Ботичелли, Гольбейн, Рафаэль, Леонардо Да Винчи т.б. күміс қарандашты пайдаланды.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Енді біз суреші материалдарымен танысуымызды әрі қарай жалғастырайық. Әр түрлі бояулар өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың сапасы мен кебу уақыты да әр қалай. Бояулар шығармаларға ерекше рең береді. Шығармалардың сақталу мерзімі бояудың түріне тікелей байланысты. Осы себептен сурешілер сапасы жақсы бояумен көркем шығарманы салады.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі:Акварель-«су» деген сөзден шыққан. Жақсы акварель оңай еруге және қылқаламға тез жұғуға, мөлдір болуға, таза да қанық түске ие болуға тиіс- С3Н5(ОН)3 ; С6Н5ОН ; С6 Н12О6 ; Н2О ; Сd ; Со.Олар үшін байланыстырғыш зат шешуші роль атқарады: ол тұтқыр шайыр деп аталатын, жеміс ағаштарының мөлдір, ауда қатқан сөлі -гуммиарабик; глицерин, қант, сиыр өті- бояуды домалатып жинақтатпайды, фенол-бояуды көгертпей сақтайды. Бұл табиғи желімге пластификатор мен антисептик қосады. Акварель бояуына пигменттер пайдаланады, оларды ұсақтауға қойылатын талаптар неғұрлым жоғары: суға еріткенде олар оның ішінде шөкпей, қалқып тұруға тиіс.Сүйық бояу қағаз бетімен еркін жылжу тиіс.

Бейнелеу өнері мұғалімі:Акварельмен салған сурет қайта жасап түзетуге келмейді-бұрын жағылған бояудың устінен жаңадан бояу жағу тек қарайтуға ғана болады, ал қарайған жерлерді ағарта түсуге болмайды.Акварельмен жұмыс істей отырып, суретші қылқаламмен бірінші бояуды жақпас бұрын, одан кейін бүкіл жұмыс барысын жалпылама болса да ойша елестетуге тиіс. Алдымен суретті ақшыл түстері бар жерлерінен бастйды да соңына қанық түсті жерлер мен, көлеңкелерді бояйды.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: Гуашь ең тығыз күңгірт бояу, сумен ериді-С3Н5(ОН)3; С6Н5ОН; Ti; Ba; Zn. Гуашь құрамына көптеген химиялық заттар енеді: гуммиарабик, глицерин, майлар, фенол. Гуашьқа пигменттің өзінен, байланыстырушы заттан-декстриннен, жұмсартушы және бұзылудан сақтаушы заттарды аздап үстемелдеуден басқа, толтырғыш - ақ бояу, (свинцовые, цинковые, титановые или баритовые), бор немесе каолин қосылады. Осы себептен гуашь бояуы кепкенде жартылай ағарады.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Гуашьтың негізгі кемшілігі-кепкен кезде өңін өзгертетіндігі. Гуашь тез кебетін краска, бір сағатқа таяу уақытта сурет толық кебеді. Гуашьтың бетін ауа өтпейтін дей етіп жабу керек, оны құрғуадан сақтау ушін және бояуды суыққа үстіртуге болмайды. Гуашьты сұйық қаймақтың қоюлығына жеткенге дейін еріту ұсынылады. Кепкен бояу оңай жібиді, қате салынған жерлерді қайта түзетуге болады.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: Майлы бояу- BaSO4; TiO2; PbCO3; ZnO, пигмент қоспасы, яғни бояғыш зат және қандай да бір байланыстырғыш зат- зығыр, жаңғақ, көкнәр майлары. Басқа майлар пайдаланылмайды, себебі кепкен кезде қатты қабық пайда болмайды, немесе буланып ұшып кетеді және ұзақ уақыт кеппей қояды. Кепкен кезде тустік оң-реңкін өзгертпейді. Майлы бояулар атаулары: мырыш, қорғасын, титан, кадмий, хром, сепия, охра, кобальт, индиго, т.б.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Майлы бояулар көп уақыт кебеді. Бояуды езу үшін скипидарды,майды, лакты қоспалармен бірдей мөлшерде араластырып езуге болады. Майлы бояумен салуға холсты, картонды немесе қатты қағазды пайдалануға болады, оларды грунттеу керек. Грунт құрамында: желім, май және толтырғыш-бор, жұмсартқыш болады. Желім ретінде ағаш желімі, балық желімі, желатин, казеин қолданады. Грунт жұмсақ болу үшін пластификатор - глицерин қосады. Майлы бояу толық кебу үшін 100-120 жыл уақыт керек, сосын ол шытынай бастайды, кенептен бөлініп туседі. Майлы бояумен салынған көркем шығармалар ғасырлар бойы сақталады.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: Акрил, темпера бояуы- C6H10O5; H2O; S. Темпера айтарлықтай мөлдір болады, кепкен соң суға ерімейді. Темпера бояуы тез кебеді, кебе отырып біршама ағарады, өң-реңкрері көмескіленеді. Темпера байланыстырушы заттарға қарай казейінді-майлы, жұмыртқалы, сутті, шырынды, , гуммиарабикты темпера бояуларына бөлінеді. Темпера суыққа төзімсіз, ұзақ уақыт тұрса шіриді, қоюланады, кебеді.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Темпера сумен езіледі, бірақ кепкен соң қатып суға езілмейтін күйге ұшырайды. Кебу барысында темпера күлгінденіп сосын ағаруы мүмкін. Қазіргі кезде синтетикалық негізде поливинилацентті темпераны шығарады. Осы бояумен жұмыс жасаған қылқаламды, жұмыс біте салысымен жылы сумен сабындап жуып тастаған абзал.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: Ал акрил бояуы кеінгі кезде шыққан бояу түрі, олар да темпера сияқты кепкен соң езілмейді, пленка сияқты қатып қалады. Зиянсыз қоймалжың зат-акрил смоласымен жоғарғы сұрыпты пигмент қоспасы: C6H10O5; H2O; S.. Құрамы: синтетическалық желім, латекс желімі.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Акрил бояуымен батик техникасында матаға суреттер салады. Бұл өте әдемі сурет салу әдісі. Жібек маталар бетіне жуып кептірген соң, контурмен бейнелі сызықтармен жобасын салады. Контур кепкен соң, акрилды суға езіп отырып матаны бояйды. 24 сағаттан соң матаны бояу жағынан марляны қойып ыстық үтікпен 5-10 минуттай үтіктейді. Ыстықты өңделген краска сумен жуғанда өшпейді.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: Сангина-құрамы каолин и темір оксиды: FeO; Fe2O3 ; H2O. Қызыл-қоңыр таяқша бояу, техникасы көмірмен бірдей.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Сангина адам бейнесін салуға өте қажетті материал. Түсті қағаз бетіне сангинамен салынған суреттер ерекше ренк береді. Бейненің ақшыл жерлерін ақ бормен салады. Реннесанс кезіде суретшілер сангинаны жиі қолданған.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: пастель итальян сөзі "пастелло"- «қамыр» деген сөзді ұғындырады.Қара қарындашпен сызықты суретін салып реңктерді тусті таяқшалармен бейнелеу. Пастель біраз үстемелер қосылып, ұсақ майдаланған пигменттен, ағартқыш, камедей, гуммиарабик, трагакант және аздаған желім қоспалардан тұрады- CaCO3; H2O; C. Ол түсін мүлдем өзгерпейді. Пастель негізге нашар жабысады, оны бекіту қажет фиксатормен. Фиксатор оның нәзік тустерін жойып қарайта түседі. Пастельге бекітуші заттар қосылады-сүт, шие немесе сары өрік желімі, үн клейстері т.б.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Пастельмен салынған суреттер әрі живописьтік, әрі графика материалы болып есептеледі. Пастельдың жиынтығы өте көп, әдетте жүз немесе одан да көп дайын өңдер болады. Кейде суретшілер фиксативті пайдаланбау үшін, сурет салатын қағазын алдын ала желатин ертіндісімен өңдейді. Жасалып біткен жұмысты сырт жағымен қайнап жатқан судың үстіне орналастырып булайды. Бу желатинді балқытады да ол пастельқабатын ішкі жағынан ұстап қалады. Пастель кескіндемесін сақтаудың бір амалы - оны шыны астына орналастыру.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Химия мұғалімі: Соус- S; Cu. Майлы қап-қара тонды материал, оның қара-сұр, сұр түстері да болады. Соустың ерекшелігі, оны жаға отырып сулы қылқаламмен еріте отырып, дымқылдатып та жұмыс істеуге болады.

Сепия-қоңыр тонды престелген таяқшалар. Химиялық құрамы- C6H10O5; Na2S. Соус, сангина, сепия үшеуімен аралас техникада сурет салуға болады.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Қазір пастель техникасында сурет салып көреміз. Сендердің алдында тұрған көкөніс пен жемістерді суретке саламыз. Көмірмен таңдаған заттың суретін салыңдар. Пигментті үлкен штрихтармен сурет бетін толтырамыз. Сосын жаңадан тағы да бірнеше дақтарды саламыз, саусақтарыңның басымен ысқылап жағамыз, өңдік градациялар беру үшін. Ақ пастельмен жылттарын белгілейміз. Түспе көлеңкелерді қара пстельмен штрихтаймыз.

План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)План конспект урока по ИЗО на тему Бояулар химиясы (6 класс)

Сурет салу ретін мұғалім тақтада салып көрсетеді. Классическалық музыка әуені ақырын естіліп тұрады. Оқушылардың өзіндік жұмысы аяқталған соң салған суреттері тақтаға ілінеді. Жақсы шыққан жұмыстарды мұғалім атап өтіп, барлық балаға бағалары қойылады.

Химия мұғалімі: Химия мен бейнелеу өнерінің байланысы бар ма? Қандай химиялық элементтер көркем материалдарында жиі кездеседі? Әртүрлі сурет салу материалдары мен техникалары бейнеге көркемдік мағына береді. Оларды бәрі ерекше қасиеттеріге ие, оркестрдегі саз аспаптары сияқты. Маңызы сендердің осы техникаларды дұрыс таңдап үйренулеріңде кейіннен суреттеріңде әсемдіктің сүлу жағын ашып сомдауда.

Бейнелеу өнері мұғалімі: Қандай материалды кескіндемеге жатқызуға болады? Қайсысын графикаға жатқызамыз?

Бугінгі сабағымызда екі түрлі пәндердің тығыз байланыста екенін көрсеткіміз келді: химия және бейнелеу өнері.

Қорытынды: Оқушылар химия пәнімен танысып, оның бейнелеу өнеріндегі маңызды ролін атқаратындығына көз жеткізді, жаңа сурет материалында сурет салып олардың химиялық жасалу әдістерімен танысты, суреттерінен көрме ұйымдастырылды.


Сурет материалдарының химиялық құрамы

  1. Көмір: Na2S; С; Al2O3; NaAlO3.

  2. Карандаш: Al2O3; С ; TiO2; СaSO4*H2O.

  3. Акварель: С3Н5(ОН)3 ; С6Н5ОН ; С6 Н12О6 ; Н2О ; Сd ; Со.

  4. Гуашь: С3Н5(ОН)3 ; С6Н5ОН; Ti; Ba; Zn.

  5. Акрил, темпера бояуы: C6H10O5; H2O; S.

  6. Майлы бояу: BaSO4; TiO2; PbCO3; ZnO.

  7. Пастель: CaCO3; H2O; C.

  8. Сепия: C6H10O5; Na2S.

  9. Соус: S; Cu.

10)Сангина: FeO; Fe2O3 ; H2O.

© 2010-2022