Сабақтың тақырыбы: Натюрморт және композиция

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт және композиция

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заттың пішінін көрсетуді штрих

көмегімен және композициялық құрылу жолын үйрету

Сабақтың түрі: Бейнеге немесе затқа қарап сурет салу.

Көрнекілігі: Натюрморт бейнеленген плакаттар және гипстен

жасалған геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, қатысын тексеру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үстел үстінде сұрақтар жазылған дөңгелектер тұр.
1. Білім бұлағы не? (кітап)
2. Жаза - жаза батыр.
Бойы қысқарып жатыр. (қарындаш)
3. Оқушы қате жазса кешіреді,
Сосын өзі сүртіп - сүртіп өшіреді. (өшіргіш)
4. Түрлі - түстібөкендер,
Суреттергесәнберген.
Оларегерболмаса,
Суреттерқаракүйгеенген. (түрлі - түстібояулар)
Мұғалім: Соныменбәріміздіңбейнелеуөнері кітабымыз, өшіргішіміз, альбомымыз, қарындашымыз, бояуларымыз түгел ғой, яғни бүгінсабаққа дайын екенсіңдер. «Солдат майданға мылтықсыз бармайды» дегендей бейнелеу өнерінің өзінің құрал - жабдықтарсыз келуге болмайды екен.
Үй жұмысын тексеру.

Үйде салған суреттерін парта аралап тексеру және де өткен сабақты пысықтау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын.
1. Жарық пен көлеңкенің түрлерін ата.

2. Штрих пен сызықтың айырмашылығы неде?

3. Долбар суретпен айналысқан суретшілерді ата.

4. Долбар қандай сурет?

Жаңа сабақ.

Ою-өрнек пен долбарды сызып үйренгеннен кейін біз реңдік сурет, штрихты суреттерге көшеміз.

Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін қарапайым заттарды, геометриялық денелерді пайдаланамыз.

Геометриялық денелер және басқа да заттар жиынтығын натюрморт деп атаймыз.

«Натюрморт» сөзі-француз сөзінен алынған термин. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш қозғалмайтын зат» деген мағына білдіреді.Сондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді,заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын тануға болады.Осының куәсі ретінде қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш суретші Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» атты натюрморты дәлел бола алады.

«Натюрморт» алғаш рет ХVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды.Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері голландиялық Ван де Вольде, Винсент-Ван Гог, Поль Гоген, франциялық Поль Сезанн, А. Матисс шықты.

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған сурет салған кезде оның мағыналы құрылымы - композицияны білуіміз керек.

Ал енді композицияға келсек композиция латынның «ойлап шығару» немесе құрастыру сөзінен шыққан.Дәлірек айтар болсақ композиция суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыру болып табылады.

Сарамандық жұмыс

Геометриялық денелерден натюрморт құрастырамыз және оны қарындаштың көмегімен штрихтаймыз. Қандай сурет салмайық оның төрт кезеңі болады. Суретті саларда отыратын орнымызды дайындау, үлкен рөл атқарады.

1-кезең. Зат бейнелерінің орналасуын анықтау.

2-кезең. Зат бейнелерінің құрылымын табу.

3-кезең. Пішінді орналастыру.

4-кезең. Суретті аяқтау немесе түйіндеу.

Оқушылардың салған суреттерін бақылау,түсінбеген жеріне көмектесу.

Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақ «натюрморт»

1

б

е

й

Н

е

л

е

у

2

ө

л

І

т

А

б

и

ғ

а

т

3

т

е

п

е

Т

е

ң

д

і

к

4

о

Ю

ө

р

н

е

к

5

ж

а

Р

ы

қ

6

М

е

н

ш

і

к

т

і

7

к

о

м

п

О

з

и

ц

и

я

8

Р

е

ф

л

е

к

с

9

ж

ы

л

Т

Натюрморт дегеніміз не?

Натюрморт қашан, қай елде пайда болды?

Композиция денеміз не?

Штихтау дегеніміз не?


1. Айналамыздағы өмір көріністерін жазықта, әрі кеңістікте суреттейтін өнер түрі;
2. «Натюрморт» француз тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
3. Натюрморт орындаудағы басты принцип?
4. Қошқар мүйіз, түйе табан, тұмарша т. Б. Қалай аталады?.
5. Затқа түскен сәуле түскен жағы?
6. Заттың сәуле түспеген жерді не деп атайды?
7. Заттарды дұрыс, ыңғайлатырып орналастыру орталығы не деп аталады?
8. Заттың көлеңке жағында пайда болған жарық тәріздес құбылыс не деп атайды?
9. Заттағы ең жарық жер не деп атайды?

Бағалау

Үйге тапсырма

Оқулықтан 82-суретті көшіру

© 2010-2022