Егеменді елде - маман да, шәкірт те бақытты эссе

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Егеменді елде - маман да, шәкірт те бақытты

«Азаттық жолында қазақ халқы қаңсырап

бақты, бірақ қаза болған жоқ, есеңгіреп бақ

ты, бірақ есінен адасқан жоқ; сүрінді, бірақ

құлаған жоқ».

Мен осы тақырыптың маңыздылығын түсіне отыра, осы жайлы ойымды өрбіткім келеді.

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас». Бұл мақалдан біз адамның туған жерге деген, туған елге деген сүйіспеншілігін, махаббатын сөзсіз көреміз. Әр адам өз туған жерін жоғары қастерлеп, қадірлейді. Елді қорғау, жерді қорғау - әр азаматтың қасиеттті парызы.

Бүгінгі таңда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша үш деңгейде мұғалімдерді дайындауда. Бұл деңгейлі курстан өткен мұғалімдер халықаралық білім беру жүйесімен танысады, сондықтан өз мектептерінің сапасын көтеруге қызмет жасайды. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне өз мектептерінің сол бағытта қозғалуына үлестерін қосады.

Демек, Қазақстан Республикасының сындарлы ойлап оқитын оқушысын дайындауға аянбай тер төгеді.

Елбасының «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» деп айтқан сөздері әр мұғалімнің жадында қалады. Деңгейлі курсты аяқтап, мектебіне оралған әр ұстаздың мақсаты - бағдарламаның негізгі идеялары мен 7 модульді ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу.

Мен де Қостанай қаласындағы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша курсқа аяқ басып, өзім үшін мынадай маңызды ой-түйіндер жасадым. Бұл курс барысында әрине өзіміз үшін алатынымыз өте көп, бірақ маған ұнаған жақтары - ол біз өзіміз ғана көшбасшы болып қоймай, мұғалімдер арасынан көшбасшылар дайындап, солармен бірлесіп басқа мұғалімдерге ой салуымыз керек екендігін, алдымызда отырған әрбір оқушының эмоционалдық ахуалын, көңіл-күйін үнемі назарға ала отырып, олардың сыныптан тыс өміріне де қызығушылығымызды танытуларымыз тиіс екенімізге, оқушыларды ынталандырып отырғанда ғана олардан кері байланыс ала алатынымызға да тренеріміздің көмегімен көз жеткіздік.

Деңгейлі курсты аяқтаған мұғалімдердің оқушыларына берері әрқашан мол. Көздеген мақсатымыз - әр оқушыға әріптес ретінде қарап, оның тұлғалық қасиетін жан-жақты дамыту, толыққанды азамат болып қалыптасуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне үйретіп шығару. Міне, осы кезде оқушының өзін-өзі бағалауы қандай деңгейде, білімде, өмірде оқушы өзін қай орынға қояды, бала қай салада шебермін деп бағалайды, қай мамандықты қалайды, қай салада өзін басқаға мойындата алады міне осы қажеттілік келіп шығады.

Мен биыл осы курсты оқып, сәтті аяқтауым «Ұлы Отан соғысының - 70 жыл» мерейтойымен ұласып отырғанына өте қуаныштымын. Яғни, 2015 жылдың мамырынан бастап мен де елім, жерім үшін жаңаша жұмыс істеп, елдің дамуына зор үлесімді қосатыныма мақтан етемін. Қазір және болашақта тәуелсіз елде - маман да, шәкірт те бақытты болатынына менің еш күмәнім жоқ!

Досмухамбетова А.М

© 2010-2022