Технологическая карта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Не үйрендік?» (бақылау сабақ) Мақсаты: Заттарды 5 дейін санауды,2топ заттарды салыстыруды,аз тобына жетіспеген затты қосу немесе артық затты алып тастау дағдысының дамуын байқау.Өзіне байланысты ойыншықты (оң жағына, сол жағына, жоғары, төменге) орналыстыра білуін анықтау. Дидактикалық ойын: «Бұл не?»-сипап сезу қимылы арқылы дорбада жатқан геометриялық денелерді анықтау. Құрал-жабдықтар: сандар,геометриялық пішіндер Қос тілді компонент: бір-один екі-два дөңгелек- круг үшбұрыш- триуголник шаршы- квадрад
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арқалық қаласы

«Раушан» бөбекжай-бақшасы

Тәрбиеші: Наурызбаева Г.У

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Не үйрендік?» (бақылау сабақ)

Мақсаты: Заттарды 5 дейін санауды,2топ заттарды салыстыруды,аз тобына жетіспеген затты қосу немесе артық затты алып тастау дағдысының дамуын байқау.Өзіне байланысты ойыншықты (оң жағына, сол жағына, жоғары, төменге) орналыстыра білуін анықтау.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»-сипап сезу қимылы арқылы дорбада жатқан геометриялық денелерді анықтау.

Құрал-жабдықтар: сандар,геометриялық пішіндер

Қос тілді компонент: бір-один

екі-два

дөңгелек- круг

үшбұрыш- триуголник

шаршы- квадрад

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Қараңдар біздің топқа қарша ұшып келіпті, қараңдаршы қандай ол әдемі, сүйкімді, хаты бар екен. Хатты оқиық: Арқалық қаласы «Раушан» бөбекжай-бақшасы «Қызғалдақ» тобына арналған.

-Сәліметсіздерме балалар! Сендерге хат жолдап жатқан Ақшақар. Жақын арада мен өзімнің құрбыларым қаршалапмен қысқы орманда қыдырдым. Бір кезде қатты жел соғып, менің қаршаларым орманның әр жерінде адасып қалды. Маған қаршаларымды табуға көмектесіңдерші. Мен сендерге сенемін, оларды табасыңдар. Сендепдің Ақшақарларың.

-Балалар Ақшақарға көмектесеміз бе?

-Барлық кедергілерден өткен соң, қаршаларды табамыз. Досымыз «сиқырлы» орама жіпті шақырайық, ол бізге жол көрсетеді.

«Кәне, орама жіп, домала, жолды көрсет, жаңылма.» (балалар әуен ырғағымен жолда бара жатып, қасқырды кездестіреді.)

Балалардың назары ұшып келген қаршаға ауада. Оған таң қалып қызығушылықпен қарайды. Хатты көңіл қойып тыңдайды.




Балалардың жауабы. Әрине көмектесеміз «Сиқырлы» орама жіпті шақырады, оған өте қуанады.

Балалар тәрбиешімен бірге айтады. Әуен ырғағымен көңілдете жүреді, қасқырды кездестіреді.

Ұйымдастыру іздестіру

-Балалар қарандар мынау не, бұл қасқыр ғой.

-Сәліметсіздерме балалар сендерді кездестіргенім қалай жақсы болды. Мен күні бойы секірдім, ойнадым, ойыншықтарымды (шыршаларды) шашып алдым. Сендер маған жинап алуға көмектесесіңдерме?

-Көмектесеміз бе балалар?

1 тапсырма: шыршаларды биіктігіне қарай қою керек. Ең биігінен бастап, ең аласына дейін.

Балаларға сұрақтар қою.

-Неше шырша?

-Ең аласа шыршаны көрсет?

-Биігі қайсы?

Жарайсындар балалар, сендер мені көңілдеттіңдер, сендермен ойнауға өте ұнады, тағы бір менің жақсы көретін ойынымды көрсетейін.

2 тапсырма: Металлонфонды неше рет таяқпен соғамын тыңдандар, маған санап айтындар.

Жарайсыңдар балалар, сендер жақсы санай білесіндер.

Қараңдар балалар қасқыр секіріп кетті, ал оның орнында қарша пайда болды.

-Балалар бұл нешінші қарша?

«Сиқырлы» орама жібіміз бізді әрі қарай шақырып жатыр.

«Кәне, орама жіп, домала, жолды көрсет, ол жылап отыр.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Сендер жолдарыңда менің көжегімді көрген жоқсыңдар ма? Үйден алысқа барма деп оған айтқанмын, ал ол болса кетіп жолды ұмытып қалған шығар, оған үйге қайтуға жолды көрсетіңдерші.

Бірінші ол өзен көреді (сопақша), оны көпірмен өтуі керек (тікбұрыш), (дөгелек) тастар кедергі жасайды, оны секіріп өтуі керек, сосын биік ағаш көреді (үшбұрыш), содан соң біздің үйіміз тұрады (шаршы).

3 тапсырма: көжекке геометриялық пішіндерден қоян айтқандай жол құрастырыңдар.

(сопақша, тікбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, шаршы).

Балаларды қадағалау, жұмыстарын мадақтау, сұрақтар қою.

-Мынау қандай пішін?

-Ол неге ұқсайды?

-Рахмет сендерге балалар, енді менің көжегім сендердің көмегімен үйге жетті. Сендер шаршап қалмауларың үшін, сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»

(қоян кетеді орында қарша жатады).

-Қараңдар, балалар, қоян қарша қалдырып кетіпті, енді неше қаршамыз бар?

«Сиқырлы» орама жіп бізді күтіп қалды.

«Кәне, орама жіп, домала, жолды көрсет, жаңылма». (балалар әуенмен жолдарын жалғастырады, түлкіні кездестіреді).

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Мен ойын ойнап отырмын, сендер менімен ойнайсыңдар ма, сендерді үйретейін .

4 тапсырма: Д/О «Қатесін тап»

-Балалар қалай ойлайсыңдар түлкі бізге дұрыс көрсетіп отыр ма, ол дұрыс ойнап отыр ма?

-Түлкіге көрсетіңдерші қалай дұрыс ойнау керектігін.

-Балалар, түлкі бізді алдағысы келді, бірақ біз оған алданбадық.

-Кешіріңдер мені балалар, мен енді олай жасамаймын, сендермен тағы ойнағым келеді.

-Кешіреміз бе қу түлкіні?

-Рахмет сендерге, балалар, мен енді ешкімді алдамаймын, жақсы түлкі боламын. Сендер мынау қаршаны іздеп жүрген боларсыңдар. (түлкі қаршаны береді).

-Балалар, енді бізде неше қарша болды?

Қаршаларды таптық енді оларды «сиқырлы қорапшаға» салайық, ақшақарға жіберейік.

Балалардың жауабы.

-Қасқыр.

Балалар қасқырмен сәлемдеседі. Қасқырды тындайды, оған аяушылық көрсетеді. Ойыншықтарын жинап, көмектесуге дайын.

-Қасқыр біз саған көмектесеміз.

Балалардын жеке жұмысы.(шаршыларды биіктігіне қарай қояды). Балалар дидактикалық ойынды қызығушылықпен жасайды, сұраққа жауап береді.

-Төрт шырша.

-Мынау биік шырша.

Қасқырмен бірге еөңілдері көтеріледі, қуанады. Қасқырдын ойынына өте қуанышты.

Тапсырманы орындауға дайын.

Металлофонға қызығушылық

Арттырады, неше рет дауысы шыққанын естіп, айтады.

Қасқырдын кетіп қалғанына, қаршаның пайда болғанына таң қалады.

- Бұл бірінші қарша.

Балалар әуенмен келе жатып қоянды кездестіреді.


Балалар қоянның тапсырмасын тындап, сөзді есіне сақтап, геометриялық пішіндерді орналастырады.

Балалар сұраққ жауап береді.

-Бұл төртбұрыш.

-Бұл пішін көпірге ұқсайды.

-Фигура похожа на озето.

Балалар көжекті үйге жеткізгендеріне мақтанныш етеді.

Сергіту сәтін жасайды.

«Ұзын құлақ сұр қоян»

Қоян кетіп қалғанына таң қалады, орнына қарша қалдырғанына өте қуанышты. Енді бізде екі қаршамыз бар. Балалар әуенмен орама жіптін артынан жүреді. Тәрбиешінің артынан қайталайды. Түлкіні кездестіргендеріне қуанышты. Түлкімен сәлемдеседі. Балалар түлкімен ойнауға келіседі. Ойынға қуанады, бірақ ойын дұрыс, қатесін дұрыстап түлкіге түсіндіреді, көрсетеді. Бірге түлкіні кешіреді.

Балалар түлкі қаршаны бергенде өте қуанышты.

-Енді бізде үш қарша бар деп айтады.

Тәрбиешіге қаршаларды «сиқырлы қорапшаға» салуға көмектеседі.

Рефлексивті- жөндеуші

Балалармен қорытынды жасау. Сұрақтар қою.

-Сендерге бүгінгі ойын ұнады ма?

-Кімге көмектестік?

-Нелерді кездестірдік?

Балалардың жұмыстарын қорытындылау, мадақтау.

Сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды. Қызметтеріне ризашылығын білдіреді.

Болжамды нәтиже:

Қабылдайды: заттарды геометриялық үлгілермен сәйкестіре білу. Бесіке дейін санауды білу. Затпен беске дейінгі дыбысты естіп санап анықтауды білу.

Түсінеді: заттарды геометриялық үлгілермен сәйкестіре білуді.

Қолданады: заттарды геометриялық үлгілермен сәйкестендіру. Беске дейін санау. Дыбысты дұрыс есту.


© 2010-2022