Адамдардың көңіл-күйі технологиялық карта

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Тобы: Балауса тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Адамдардың көңіл күйлері қандай болады?

Мақсаты: Балаларға адамның бет-әлпеті туралы, яғни портрет туралы мағлұмат беру. Портрет салудағы негізгі ерекшелік - көңіл күйлерін анықтау қажет екенін айту. Адам басын салудың негізгі ережелеріне тоқталу. Балаларды кезең бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сурет салу барысында тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбилеу.

Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, шығармашылық тапсырма, сұрақ - жауап;

Көрнекілік: Адам портреті, әр түрлі адамның көңіл күйлері.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: қағаз, қарындаш, түрлі түсті қарындаштар, гуащ.

Қостілділік компонент: адам-человек-person


Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Іздену- ұйымдастырушы

Адамдардың көңіл-күйі технологиялық карта

Балаларға суреттерді көрсетіп, көңіл күйді анықтау және де соны бала өзі көрсету.

Адамның суретін бейнелеу ол - портрет деп аталады. Портрет салу кезінде адамның көңіл күйіне қарап бейнелеу қажет. Осы адамның суретін салу кезінде адамның басын сызықтар арқылы дұрыс бөлу керек. Үш бөлікке бөлу маңдай, көз, мұрын деңгейінде бөлу қажет. Көздерді дұрыс бейнелеу.

  • Кезең бойынша адамның суретін салу.

  • Қағаз бетін тігінен орналастыру.

  • Үшке бөлу арқылы деңгейлерді анықтай келе бейнелеу.

  • Көз бен құлақ деңгейін белгілеп, көздерді сопақша етіп бейнелейміз;

  • Құлақты бейнелеу;

  • Мұрынның суретін слау,

  • Ерінді бейнелеу.

  • Түрлі түсті қарындашпен бояу.

Адамдардың көңіл-күйі технологиялық карта

Сергіту сәті.

Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн


Рефлексивті коорекциялаушы

Сұрақ-жауап.

Балалар біз ненің суретін салдық?

Портрет дегеніміз не?

Адам басы неше бөліктен тұрады?

Біз оны қалай бейнеледік?

Балалардың суретін тексеріп, түзетулер жүргізу. Жұмыстарын бағалау.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Портрет бейнелеудің негізгі ережелерін.

Игеру керек: Сауатты сурет салуды (нақты сызықтар жүргізу, бояу барысында шетінен аспай, таза орындауды).

Не істей алады: Кезең бойынша өз деңгейінде сурет салу.

Мұғалім: Жолмағанбет Р.Б.

Адамдардың көңіл-күйі технологиялық карта

© 2010-2022