Отбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмыс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмыс



Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі

Байланыс тел: 87059152954, 87076179612

Тақырыбы: «Отбасы -тәрбие бастауы» ата-аналар жиналысы.

Мақсаты: Ата -аналар мен үйірме жетекшісі және оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру. Ата -аналарды қосымша білім беру ұйымдарымен тұрақты қарым -қатынас жасауға дағдыландыру. Ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңірту, жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін білуге, бала тәрбиесінде ата-ана орнының ерекше екендігін түсіндіру.

Мұғалім:

  • Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Киелі білім мен өнердің ордасы Қармақшы аудандық оқушылар үйіне хош келіпсіздер! «Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Ендеше қоғамда отбасының алатын орны ерекше. Елімізге қажетті иманды ұл мен ибалы қыз отбасынан өсіп өнеді, тәлім -тәрбие алып, болашаққа қанат қағады. Олай болса ақ сүтін беріп әлпештеп, мәпелеп өсірген ардақты аналар үшін, әрбір сөзін салмақтап, тәрбиеліліктің үлгісін көрсеткен қамқор әкелер үшін үлкен қошемет көрсетіп қойсақ.

«Танысу» жаттығуы

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру. Әр ата-ана өзінің есімін айтып және есімінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек. Әр ата-ана мен баласының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

Отбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмысОтбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмыс

«Тамаша екен!» жаттығуы

Ата-аналардан өз бойындағы жақсы қасиеттерін айту сұралады. Мысалы, мен ақкөңілмін, мен ақылдымын...... Бойындағы жақсы қасиетті атқаннан кейін «Тамаша екен!» деп айтып бір мезгілде бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.

Мұғалім: Өте жақсы! Осы және де басқа адамгершілік қасиеттеріңіз өз балаңыздың бойынан табылуына шын жүректен тілектеспін.

Отбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмыс

«Топқа бөлу» жаттығуы

Ата-аналар шеңбер болып тұрады, олар түрлі- түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып үстелге жайғасып отырады.

-Бала - ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бағыт беру. Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, дұрыс бағыт бағдар беру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.

«Біз қандай ата-анамыз» жаттығуы(Ата-аналардан сауалнама алынады)

Әрбір мақұлданған жауаптарыңыз үшін 2 ұпай, ал кей -кейде орындалатын болса 1 ұпай, ал қарсы болсаңыз жауабыңызға 0 ұпай қойып отырасыз.

1. Балалар тәрбиесі туралы газет -журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ма?

2. Бала тәрбиесінде қандай да бір қағидаларды ұстанасыз ба?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін жазалайсыз ба?

4. Балаларыңыз игілікті істері үшін мадақтайсыз ба?

5. Бала тәрбиесінде қасыңыздағы қосағаңыздың пікірімен үнемі келісесіз бе?

6. Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз қажет кезінде ғана қолданасыз ба?

7. Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

8. Спорт пен дене тәрбиесінің баланың жан-жақты, үйлесімді дамуына маңызы зор екендігін ескеріп отырасыз ба?

9. Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?

10. «Менің уақытым жоқ» немесе «Тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын» деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан «құтылуға» тырысу сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?

6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді. «Ештен кеш жақсы» деген ғой. Сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз жөн.

7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз, сіз бала тәрбиесінде үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Тіпті былай істейге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Бұл күнгі демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатынына күмән жоқ.

15 тен жоғары жинасаңыз, сіз өзіңіздің ата -аналық міндетіңізді орынды атқарып жүрсіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан жақсарта түссеңіз құба -құп.

«Ассоциация».

Өнегелі отбасы- Сіздер әр отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (екі топқа бірдей)



Әр топ «өнегелі отбасы» қандай болуы керек екендігі туралы өз ойларын ортаға салып, оны бір мүшесі қорғайды.

- Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата -бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата -анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі- ата-бабамыздан қалған асыл да дана сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылар мақал- мәтелдерде екені сөзсіз. Олай болса келесі кезекте мақал-мәтелдерге байланысты өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. (Мақалды жалғастыру, мағынасын ашу.)

1- топқа:

  1. Өз үйім-................... (өлең төсегім)

  2. Атасыз үй- батасыз.

.................................. (Анасыз үй панасыз)

  1. Ананың ізін қыз басар,

....................................... (Атаның ізін ұл басар)

  1. Жақсы ата-орман,

.............................. (Жақсы бала- қорған)

  1. Атаңа не қылсаң,

............................. (Алдыңа сол келер)

  1. Әкең өлсе де, ....................... (әкеңді көрген өлмесін.)

  2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

.......................................................... (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.)

2- топқа:

  1. Ананың көңілі балада,

......................................(Баланың көңілі далады)

  1. Ата көрген оқ жонар,

.................................... (Ана көрген тон пішер)

  1. Әкенің қадірін .......................................... (балалы болғанда білесің)

  2. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

...................................(Атадан жаман ұл туса,

...................................Елінің малын жейді)

  1. Әдепсіз бала, ауыздықсыз атпен тең

.............................................................. (Ақылды қария, жазып қойған хатпен тең)

  1. Қарға баласын «Аппағым» дер,

...................................................... (Кірпі баласын «Жұмсағым» дер)

  1. Өз балаңды өскенше бағасын,

..................................................... (Немереңді өлгенше бағасың)

«Соқыр ана» видеосы көрсетіледі. Фильм туралы ата-аналар мен балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқушылардың әдеби- монтажы тыңдалады:

Оқушылар ән айтып, би билейді.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке- біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата- бәйтерек, бала -жапырақ», «Әкеден ақыл, анадан мейір», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз - бақыттымыз.

Балаларға тапсырма:

Кәне, балалар, жеке-жеке мына сандықтың ішінен асық алыңдар, қандай нөмірлі асық алсаңыздар, сол нөмірдегі сұрақ оқылады.

  1. Не тәтті? (Ананың сүті)

  2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)

  3. Не қымбат? (Алтын ұяң Отан қымбат, Құт- береке атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Бәрінен де ар мен ұят қымбат. )

  4. Отбасын кімдер құрайды? (Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, қарындас, іні, сіңілі)

  5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген? (Ата -анаға)

  6. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесің? (Үлкендердің заттарын көтеру, айтқандарын істеу)

  7. Отбасының ұйытқысы кім? (Ана)

  8. Отбасының басшысы кім? (Әке)

  9. Отбасының әдет-ғұрыптары туралы түсініктеме бер. (Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау.)

  10. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? (ата-ана)

-Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, бұлт, гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр. Соларға сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоясыздар. Соны жазыңыздар? (Әр топ мүшесі өз талаптарын жазған соң, тақтада көктем бейнесі шығады)

«Кездескенше» ойыны

Ата-аналар, барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай ғана «Сиқырлы күн» тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір -біріңізге беріп, бүгінгі жиыннан алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіресіздер. Ата-аналар, бір-біріне тілек айтады.

Мұғалім: Мағжан Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат- баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтқан.

Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш -жігерін сарп етіп болашақ еліміздің тұтқасы болуына мектеп, ата-ана, ұстаз болып ықпал ете берейік. Осы тәрбие сағаты менің оқушыларыма үлкен ой салып, саналы болуға тәрбие берді деп ойлаймын. Келген ата- аналарға үлкен рахмет айта отырып, тәрбиелеп отырған балаларыңыз саналы азамат болып, сіздердің де, біздің де мақтанышымыз болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Отбасы тәрбие бастауы ата-анамен жұмыс



















© 2010-2022