Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Сәулет өнерінің стильдері

Сәулет өнернің стильдерімен таныстыру. Сәулет өнерінің стильдерін өткен сабақтағы көрген ғимараттармен байланыстыра білуін қадағалау. Ғимараттарды безендіру түрлерін туралы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Сәулет өнерінің стильдері бейнеленген суреттерді көрсету арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояту.  Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, Б-Б-Б арқылы білетіндерін, білгендерін белгілеп алу. Оқушылардың өздерін-өзд...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сәулет өнерінің стильдері».

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

2 апта

08.05.12

6 сабақ 12.25-13.15 №21 дәрісхана

Сабақтың атауы

Сәулет өнерінің стильдері

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Сәулет өнернің стильдерімен таныстыру. Сәулет өнерінің стильдерін өткен сабақтағы көрген ғимараттармен байланыстыра білуін қадағалау. Ғимараттарды безендіру түрлерін туралы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Сәулет өнерінің стильдері бейнеленген суреттерді көрсету арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояту,

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, Б-Б-Б арқылы білетіндерін, білгендерін белгілеп алу.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1.Сәулет өнері стильдері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Wiki беттерінен алынған мәліметтер, Google сайтынан алынған сәулет өнерінің стильдері көрсетілген суреттер, фотолар. Яндекс суреттер.

1 сабақ Тақырыбы: Сәулет өнерінің стильдері

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Оқыту сұранысын ан-ықтау. Оқыту қажетті-ліктерін анықтаңыз?

Ғимараттардың адам өміріне қажеттілігі, әсемдігі

Ғимарат, симметрия, ассиметрия, архитектура, гармония, перспектива, экстерьер

Сәулет өнерінің типтерін айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Безендіру түлерінің сәулет өнерімен байланысы

Ғимараттардың түрлері, стильдері (ағымдары), өмір ағымына байланысты ғимараттардың өзгеруі.

Стиль, Готика, Ренесанс, Барокко, Рококо, Ампир, Модерн, арка, храм, мозаика, витраж, безендіру

Сәулет өнерінің стильдерімен түрлерін айыра алмайды, сол сияқты, мозаикамен витраж ұғымдарын шатастырады.

Сәулет өнерінің стильдерінің айырмашылықтарын таниды, ғимраттарға қарап қай ағымға жататынын талдай алады.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Өткен сабақты қайталау Слайд1 / 2,5 минут/

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту. Слайд1/2 /3минут/

Оқушыларға таратылған қағаздарды толтыруды ұсыну, сәулет өнері туралы не «білемін» және не «білгім келеді» екі бағанға жазады.

Слайд2-18 /5 минут/

Оқушыларға слайд фильм көрсету. Слайдтарды мұқият қарауды талап ету. (Суреттерде: Готика, Ренессанс, Барокко, Рококо стильдері туралы, сәулет өнерінің құрылыстары суреттелген)

Мұғалім сұрағы: Осы көрген құрылыстар туралы өз ойларыңды айтындар. Бұл құрылыстардың арасында қандай айырмашылықтар бар? Ойлану, сұраққа жауап беру. Балалар ойларына келгендерін айтуға мүмкіндік беру. Слайд19

Сұрақ: Қай заманда болсын барлық ғимараттарды адамдар безендіреді. Қандай безендіру түрлері қолданылады деп ойлайсыңдар?
Бір бірімен ақылдасып жауаптарын айтыңдар. Ғимараттардың безендірулері туралы пікірлерін тыңдау Слайд 20

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану Слайд 21

  • Балалар витраж туралы айтады, қай жерлерде қолданатындығын айтады

  • Витраж бейнеленген суреттерді көрсетемін /3мин/

Слайд22 /2мин/

  • Ендеше біз безендірудің бір түрі витражды орындап көрейік

  • Тапсырма: Витражға эскиз салыңдар. Тапсырманы топпен орындаңдар /18 минут/

Сурет салу Оқушылар топпен витражға эскиз салады салады. Слайд 27

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Топтағы талантты, дарынды балалар салған эскизге әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастырғаннан кейін мәтінді оқиды.

Слайд 28-29 Мәтінді оқу /3мин/

Витраж (фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғага дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шетіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады.

Мәтінді оқып, топтағы оқушылар өзара пікір алмасады.

Жұмысты қорғау. Әр топ екі минуттан

Слайд 30/1 /2мин-6мин/

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Слайд30/2

Сабақтың аяғында өздеріне берілген қағаздың «білдім» деген бағанын толтырады, бүгінгі сабақтан не алғандарын жазады.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлары

Бағалау: /1мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Сурет салғанын

Әңгіме құрастырғанын немесе мәтінді айтқанын

Мұғалімнің бағасы


1


2


3


4


5



Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Бүгінгі сабақта өткенді қорытындылау. Сәулет өнерінің стильдері туралы көп нәрсе білгендерін айтты. Витраждармен безендіруді қай жерде пайдаланылатындығын біледі.

Кері байланыс /1 минут/

Оқушы алған білімінің деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: шағын топтардың витраждың эскизін салғанда түсінікті болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар, бірақ дарынды балаларға қосымша тапсырмалар берілді.

3. Бұл арада мұғалім баларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

/1046 сөз/

© 2010-2022