Шебер-класс тақырыбы: «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту - танымдық дағдыларын дамыту негізі»

Осы шебер-класты өткізгенде мұғалімдердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мәселелері туралы ойлануын, танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдарын іздеуге команда болып жетуге ықпал етуді мақсат еттім. Бағдарлама идеясы бойынша оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы теорияны меңгеру үшін «Концептуальды дөңгелек» әдісі бойынша тақырыпқа қатысты жеті сектор: метасана, оқытудағы гуманистік тәсіл, әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл, бихевиористикалық тәсіл, танымдық тәсіл, ұ...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Табыс формуласы»-әріптеспен жұмыс бағыты.

Шебер- класс тақырыбы: «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту - танымдық дағдыларын дамыту негізі»-90 минут.

Мақсаты: оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мәселелері туралы ойлану, танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдарын іздеуге ықпал ету.

1 қадам - педагогикалық іс-тәжірибені презентациялау -20 минут

а) «Сергіту сәті «Менің тағайындамам» (5 минут).

Тренингке қатысушылар екі шеңберге тұрып, өздерін бір-бір кітап деп елестете отырып қозғалады және орын алмастырады:

- бұл кітапқа қандай тақырып бересің?

- кітаптың мұқабасы қандай?

- кітаптың алғы сөзінде не жазылған?

- сіз комедия, фантастика, драма, детективсіз бе?

Кері байланыс: бұл кітапты адамдар оқығысы келе ме? Оны кімге ұсынасыз? Бүгінгі ұсынылған кітап жайлы не айтар едіңіз? Кітаптардың қайсысын өзіңіздің сөреңізге алып кетесіз? Ұсынылған кітаптардың барлығын не біріктіреді?

б) өз іс-тәжірибесі туралы қысқаша сипаттама, қызметтің нәтижесі, дамуды болжау-5 минут.

Мен өзімнің педагогикалық тәжірибемде жас ерекшелікке сай оқытуда балалардың танымдық дамуы оқу мен проблемаларды шешу қабілетіне тікелей байланысты екенін түсіндім. Танымдық қабілет зейін, сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, шығармашылық қабілеттерді дамыту және тұрақтандырумен қатысты екенін білдім. Ойлау үдерісінің сипаты жасына қарай өзгеретінін де білгеніміз дұрыс. Сондықтан өз тәжірибемде Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуды жөн көрдім.

в) технологияның негізгі идеяларын негіздеу »Концептуальды дөңгелек» әдісі бойынша «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» негіздемесін білу және түсінуге жұмыстанады-10 минут.

Түсінік дөңгелегінің ядросындағы сөзге тыңдаушылар синонимдер тауып, дөңгелек секторларына жазады. Мысалы:

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Әрбір сектор туралы білімдерімізді 1 ден 5-ке дейінгі шкаламен белгілейміз. баллдардың араларын қосып, бірінші дөңгелегімізді аламыз.

Жұптық әңгіме жүргіземіз. Бір-бірімізге сұрақтар қойып, жауап береміз:

1. Сіз қай сектор бойынша мықты білімім бар деп есептейсіз?

2. Қай сектор бойынша біліміңіз тайыз деп ойлайсыз?

3. Сіз үшін бұл секторлардың қайсысы маңызды? Неліктен?

4. 4 тәсілдің қайсысы сізге жақын? Неліктен?

5. Қай сектор бойынша біліміңізді жетілдіру керек деп ойлайсыз?

6. Қандай мүмкіндіктеріңіз бар?

7. Егер сіз осы сектор бойынша біліміңізді жетілдірсеңіз ол қалған секторларға қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

8. Басты секторды жетілдіргенде ол қалғандарына қалай әсер етеді?

9. Соны дөңгелекпен көрсетеміз.

10. Екі дөңгелекті салыстырамыз. Қайсысы ұнайды?

Осылай теорияны түсінеді, бағдарлама идеясы бойынша болашақ жұмысқа қадам басады.

2 қадам- сабақтар жүйесіне бағдарлама идеясын енгізу панорама. «Диалог билеті» әдісі-20 минут. Әдістің мәні: Мұғалім диалогтік билеттердің симметриялы оқытуда неге маңызды екендігін айтады және әдісті демонстрациялайды. Диалогтің тақырыбы оқу мақсатына және қатысушылардың білім мен дағдыларына сәйкес алынады Қатысушылар 3-4 адамнан тұратын топта жұмыс жасайды. Қатысушылар диалог билетін алады. Әрбір қатысушыға 5 диалог билеті беріледі. Бұл олардың диалогке қатысу үшін кіру билеті болып саналады. Ойынызды басқалармен бөлісетін кезде әрдайым бір билетті қолданасыз. Билеттер бірдей уақыт аралығында жұмсалу қажет. Сөйлемді тақырыпқа байланысты және бір кезекте шамамен екі сөйлемнен артық айтпаңыз Әрбір топ мүшесі берілген барлық билетті (жаңа билеттер берілгенге дейін) қолданады. Екінші айналымда (қажет болса) әрбір қатысушы қайтадан жаңа бес билет алып, қайталайды.Сөйлеу немесе тыңдау кезегі сағат тілімен не қарсы бағытта емес, кез келген ретпен жүргізіледі. Қатысушылар диалогтік айналым кезінде не үйренгендігі туралы қорытынды жасайды.

Барлық диалог шамамен 10 минуттай уақытқа созылады. педагогикалық технология режимінде сабақтар жүйесін қолдану туралы ойларын айтады, мысалы:

а) оқытудағы танымдық тәсіл бойынша Ж.Пиаже, т.б. кіші жастағы балалар өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттескенде оқу және даму жүзеге асады деді. Демек жұптық, топтық жұмыстар олардың дамуына үлес қосады. ДЖИГСО, Инсерт әдістері зерттеушілік әңгіме жүргізіп, дамытуға қолайлы әдістер;

б) оқытудағы гуманистік тәсілді зерттеген К.Роджерс логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірибесімен, білімімен қоса алғанда жеке тұлға толық болады дейді. Осындай тұлға тәрбиелеуге «Іскерлік ойын», «Дебат-әңгіме», «Ротация» әдістері арқылы тапсырмалар беріп, жұмыстандыру негізінде мүмкіндік туады деп ойламын;

в) Хаген мен Хейл 5-6 жастағы балалар суреттерді жақсы есте сақтау арқылы селективті зейінін дамытатынын айтты. 14-15 жастағы балалар зейіндерін тиімді шоғырландырады деді. Сондықтан оқушыларға суреттер немесе схемалар қолдану арқылы сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын сұрау маңызды;

г) ұқсастық бойынша ой жүгірту (Венн диаграммасы), моральдік пайымдау Кохлбергтің өнегелі даму теориясын негіздеу сатылары, яғни берілген мәтін бойынша қатысушылардың ой жүгірту арқылы ізденуі;

д) метасана адамдардың өзіндік рефлексия жасай алуы.

2) мұғалімдерге көрсететін негізгі әдіс-тәсілдерді анықтау-10 минут. Жоғарыдағы дағдыларды жетілдіруге қандай әдіс-тәсілдер қолданамыз, ассоциация жасау, қорғау.

3 қадам - имитациялық іскерлік ойын-10 минут.

1) педагогтармен сабақтың бір кезеңін көрсетеді. Мысалы, қатысушылар қазіргі мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту туралы өз ойларын «Фишбоун» әдісі арқылы білдіреді. Балықтың қаңқасы салынып, оның басына тақырып бойынша проблема, қанаттарына себептері, құйрығына қорытынды жазылады.

2) педагогтар екі роль ойнайды-оқушылардың және экспериментаторлардың (оқушы болып сабаққа қатысады, экспериментатор болып рефлексия жасайды).

4 қадам - модельдеу

1) педагогтардың көрсеткен технология режимінде сабақтың бір кезеңін өз бетінше жоспарлауы-10 минут.

2) авторлық модельдерді және технологияны қорғау-10 минут.

5 қадам - рефлексия (өзіндік анализ)

1) ауызша

2) жазбаша

3) әңгімелесу т.б. кері байланыс

Қатысушылар «Әуе шары» әдісі бойынша кері байланысқа түседі. Яғни бүгінгі шебер-класта ұнаған 3 сәті, өзінің қоржынына алған 2 әдісі, сонымен қатар бұл әдістемені жетілдіруге ықпал ететін 1 тілек айтады-20 минут.

Шебер- класс тақырыбы: «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту - танымдық дағдыларын дамыту негізі»

Қалыптасатын дағдылар:

-бірлесіп жұмыс жасау;

-ойлану, шешім қабылдау;

-ақпаратты қолдану.

Әдісті қолдану мәні:

Оқушылардың проблемаларды салыстыру, болатын салдарларды болжау, жас ерекшелікке сай оқытудың құрылымын жасауға көмектесу.

Әдісті қолдану алгоритмі:

1. Мұғалімдерге әуе шарының суреті беріледі.

2. Тақырып бойынша сұрақтар беріледі:

- Әуе шарында кім болу керек? Мұғалімдер әуе шарының жоғары биіктікке көтерілуін қамтамасыз ететін және онда болатын кейіпкерлердің аттарын жазады

- Жоба сәтті шығу үшін оларда не болу керек? Шары бар суретке мұғалімдер жоба сәтті болу үшін не керек екенін жазады.

- Әуе шарының жүрісін не тежейді? Жоба жұмыс жасау үшін не кедергі болады, сол туралы жазады.

- Оның жоғары жылдамдықпен қозғалуына не көмектеседі? Жоба жетістікпен жұмыс жасауы үшін: жұмысқа қабілеттілік, ынта, креативтілік т.б. жазады.

- Шарды алған бетінен не қайтаруы мүмкін? Жоба барысында қандай проблемалар кездесуі мүмкін, сол туралы жазады.

Әр топ өз әуе шарына жазылған ойларын қорғайды. Болған соң шебер-ұстаз: -қай топтың ойы ұшқыр болды?

-қай топ кедергіні болжай алды?

-қай топ әуе шарының жылдамдығын арттыруға жақсы ұсыныс айтты?-деп сұрақтар қою арқылы қорытындылайды.




© 2010-2022