Үздік әдістемелік бірлестік ережесі

Бекітемін Мектеп директоры Бірманова Қ.И. «07» желтоқсан 2014 жыл   Әдістемелік бірлестіктер арасында өткізілетін  «Үздік әдістемелік бірлестік» атты байқау-сайысының Е Р Е Ж Е С І   І. Жалпы ережелер 1.      Мақсаты: -Әдістемелік бірлестік қызметінің жұмысын жетілдіру.      - Әдістемелік қызметтегі ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмысты  жандандыру.      -Педагогтардың кәсіби деңгейінің сапасын арттыру. 2.      Міндеттері: -         Әдістемелік бірлестік қызметіне инновацияларды енгізу үрдісіне ...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Мектеп директоры

Бірманова Қ.И.

«07» желтоқсан 2014 жыл

Әдістемелік бірлестіктер арасында өткізілетін

«Үздік әдістемелік бірлестік» атты байқау-сайысының

Е Р Е Ж Е С І


І. Жалпы ережелер

  1. Мақсаты: -Әдістемелік бірлестік қызметінің жұмысын жетілдіру.

- Әдістемелік қызметтегі ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмысты жандандыру.

-Педагогтардың кәсіби деңгейінің сапасын арттыру.

  1. Міндеттері:

  • Әдістемелік бірлестік қызметіне инновацияларды енгізу үрдісіне көмектесу.

  • Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды қолдау, ізденісін ынталандыру.

  • Мектепішілік педагогикалық новациялар банкін құру..

  • Әдістемелік бірлестік қызметінің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.

  1. Өтілу формасы: Көрме

  2. Ұйымдастырушы: «№7 орта мектебі»ММ директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Л.Ш.Ахметова.

  3. Мерзімі мен өтілу орны: 14 желтоқсан 2014 жыл, сағат13.00, 1-қабат.

ІІ. Байқау-сайысына қатысушылар:

Әдістемелік бірлестіктер

ІІІ. Байқау-сайысының ұйымдастырылуы мен өтілуі

3.1 Байқау-сайысының ұйымдастырылуы мен өтілуі жайлы бірлестік жетекшілеріне хабарланады, ал бірлестік мүшелерін қатыстырып, олардың нәтижелі жұмыстарын жинақтау бірлестік жетекшілерге жүктеледі.

3.2. Ұйымдастырушылар:

- өту мерзімін белгілейді

- әділқазылар алқасын бекітеді

- бағалау критерийін дайындайды

- қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды

- бұқаралық ақпарат құралдарымен хабарласады.

3.3. Әділқазылар алқасы мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерден құралады.

3.4. Әділқазылар:

- тапсырылған материалдарды қарастырады, талдайды, бағалайды

- қатысушы бірлестіктердің рейтингін жасайды

-жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастырушыларға ұсыныс жасайды.

3.5. Әділқазылар алқасының құрамы:

1. Бірманова Қ.И. - мектеп директоры.

2. Ахметова Л.Ш. - әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

3.Байкенова Ғ.Қ.. -кәсіподақ комитетінің төрайымы.

4.Қасабек Г.Б.- кітапханашы.

5.Шілімбетов Д.Ю.- ата-ана комитетінің төрағасы.

IV. Марапаттау

  1. Қатысушыларға сертификаттар табысталады.

  2. Лауреаттар мен сайыс жеңімпаздары Құрмет грамотасы мен сыйлықтармен марапатталады.


© 2010-2022