Тәрбие сағаты Ана деген меиірім

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Ана деген меиірімтәрбие сағаты: « Ана деген- мейірім»

мақсаты: Балаларға ананы сүю, құрметтеуге бізге осы өмірді сыйлаған жан екенін түсіндіру. Ана атын ардақтап биікке көтеріп, оларды өз істерімізбен қуантып, ардақтауға тәрбиелеу.

Қош келдіңіздер құрметті аналар, әжелер, апа, қарындастар. Бүгін көктемнің, нәзіктіктің мерекесі- халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің алғашқы күндерінің бірі сіздерге , асыл да аяулы жандарға арналған. Осы мереке күндері жүздеріңізден шаттық кетпесін. Осы балаларыңыздың қуанышына қуанып, отбасында бақыт, жұмыста табыс

тілеиміз. Әлемдегі сұлу жан өзім деп, ең әдемі , ең сүйкімді менің балам деп біліңіздер. Ананың сүті тәтті, құшағы жұмсақ, жүзі мейрімді.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүттің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анаңдай -ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің- деп аналар күніне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Балалар, олай болса аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді өнерімізбен ән-тақпақтарымызбен білдірейік.

хор: « Нұрын төккен маған» балалардың орындауында қабыл алыңыздар.

Енді кезекті тақпақтарға берейік.

Диас: Теңдесі жоқ данасың.

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

Арлан: Менің анам ақ анам,

Анашым деп мақтанам

Анам барда әрдайым

Қуанамын, шатанам

Манас: Біз доспыз гүлдермен

Тек оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Санжар: Асыға күтіп жүргенмін,

Болар деп қашан мейрамың

Суретін салдым гүлдердің

Келеді оны сыйлағым.

Адлет: үлкенмін ғой мен енді

Жудым бүгін еденді

Аналарға арналған

Жаттап алдым өлеңді.

Фатима: Жақсы көрем күлкіңді

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәріненде жақсы адам.

Жәнібек: Ана біздің гүліміз

Ана біздің күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Зәбира: Құлпырған гүлдей

Көктемгі кнүдей

Жылылық маған

Төгесің үзбей

Рахмет анашым.

Алихан: Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда.

Айнагүл: мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

Әлихан: мен деп кірпік қақпаған

Менсіз тағам татпаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау жүр, ақ мамам!

Меруерт: Ана- өте қымбат жан,

Әлемге өмір сыйлаған.

Мәпелеген біздерді,

Баласы үшін жан қиған

Дархан: Қыздар, қыздар, беу қыздар

Құтты болсын мереке

Ән салайық, қол соғайық

Би билейік біз бірге.

Би: « Айгөлек» балалардың орындауында.

Тәрбиеші: Теңейміз аналарды аппақ таңға,

Теңейміз аруларды шапағатқа

Ана деп ән саламыз, жар саламыз

Бас иіп « Ана» деген асыл затқа.

Ойын: « Балаңды қалай еркелетесің»

Көрініс: « Не тәтті» Санжар. Арлан. Жәнібек.

Ендеше келесі кезегімізді аруларымызға береміз.

Бүгінгі «Көктем аруына» қатысушыларды ортаға шақырамын.

Олар: Фатима. Айнагүл. Зәбира. Меруерт.

Көрініс: «Гүлдің исі» Диас. Әлихан. Алихан.

Таныстырып өтейін: Дауысы әсем, нәзік әнші Айжандай.

Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай

Өлеңменен алға тартып өз сыныбын

Қараңдаршы Фатима атты қыз қандай.

Қандай әсем көрікті үлбіреген

Билейді ән әуенімен тебіренткен

Айнагүл атты аруым шықты ортаға

Дайындықпен сайысқа бүгін келген.

Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы.

Түрінен көрінеді ішкі сыры

Зәбирадай келді міне өнерлі қыз

Аспаннан шашылғандай күннің нұры.

Атына ақылы сай аруым бар

Қарасаң қанша үзіліп қанбас құмар.

Меруерт көрсетші өнеріңді

Тамашалап көңілденсін отырғандар.

Тәрбие сағатын қорытып аруларымызға жүлделі орындары мен сыйлықтарын табыстау.

Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.

Қыздар,қыздар кімсіңдер.

Мына бізбен бірсіңдер

Осынау дархан өмірді

Думандатып жүрсіңдер,-деп бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.

« Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.

Ендеше ортаға біздің сыныптың әншісін шақырайық. Аналарымызға, қыздарға және тәрбиешісіне арнап өз әнін сыйлайды қол шапалақтап ортаға шақырайық.

Дархан өз әнімен ортаға шығады.

Би: «Қара жорға» топтың орындауында.

Жамбыл бастауыш мектебі


тәрбие сағаты:




орындаған: Каржаубаева Арман Жаукеқызы.

2015 жыл



© 2010-2022