• Преподавателю
  • Дошкольное образование
  • Тазалықты сүйеміз Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

Тазалықты сүйеміз Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тазалықты сүйеміз

Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру.

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырады қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң , қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін!

Тазалықты сүйеміз Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

Тазалықты сүйеміз Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

  • Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі.

  • Балалар, қыс мезгілінде қар жауып, күн суытады. Үлкендер үйдің ауласын қардан тазалайды. Балалар аулада әр түрлі ойындар ойнайды. (шанамен, канъкимен т.б)

  • Балалар, сендер тазалықты сүйесіңдер ме?

  • Ия, сүйеміз.

Іс -әрекет барысы:

  • Балалар, тазалық деген не?

  • Тазалық деген - таза, ұқыпты жүру.

  • Балалар киіміміз, үсті- басымыз, беті-қолымыз қандай болу керек?

  • Таза болу керек.

  • Ал, үсті таза баланы қандай бала дейміз?

  • Ұқыпты, таза бала дейміз

  • Үсті таза баланы ше?

  • Ұқыпсыз, лас бала дейміз.

  • Ендеше балалар, тазалықтың достарымен таныс болайық.

Балалар тазалықтың достарын қайталап айтады.

Ойын: Тазалықтың достары ( суретпен жұмыс).

Тазалықты сүйеміз Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

Балалар сендер тазалық туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Нұрай: Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өте жақсы көремін.

Сәбина: Ақ матадай түгі бар,

Қызыл, жасыл гүлі бар.

Жұмсақтығы мамықтай,

Сүртінесің жалықпай.

Тазалықтың досы,

Сүлгі деген осы.

Назым: Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әр дайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

Ән:

Тазалықты сүйемін,

Таза киім киемін

Денем таза болса да,

Жиі түсем моншаға.

-Көрдіңдер ме, балалар, тазалықтың көп пайдасы бар екен. Біз таза жүрсек денеміз сымбатты, күшіміз көп болады екен. Ал, енді бәріміз бірге тыныс алу жаттығуларын жасаймыз





Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Тазалықты сүйеміз Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық туралы мәлімет беру. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: «Жылулық шеңбері»

© 2010-2022