Тіл дамыту Үй құстарына жем береміз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың технологиялық картасы

Мерзімі___________________

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.

Мақсаты: Балаларға үй құстары және олардың пайдасы туралы түсіндіру.

Міндеті: Балалардың тілін дамыту.Сөздік қорын байыту.Ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.Қызығушылықтарын ояту.Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қыз баланың тауықтарға жем беріп жатқан суреті.

Сөздік жұмыс: үй құстары.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

Мотивациялық-қозғаушылық





Ұйымдастырушылық-ізденістік



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалармен сәлемдесіп, С.Бегалиевтің «Қазым,қазым қаңқылда!»өлеңін оқып беру.

-Қазым, қазым, қаңқылда!

Суда жүзіп салқында.

Жем шашайын-жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ,

-Жоқ.

Кәмпит тәттті, болмайды ас,

Арпа сенен бидай шаш.

-Балалар, қазір қаз туралы өлеңге қимыл-қозғалыстар жасадық.Қаз қандай құс?-Дұрыс, қаз-үй құсы.Үй құстары туралы естеріне түсіреді.

-Тағы қандай үй құстарын білесіңдер?

Қыз баланың тауықтарға жем шашып жүрген суретіне балалардың көңілін аудару.Суретті әңгімелейді.

-Қорапта отырған құстарға қараңдаршы, тауық «қыт-қыт»дейді,қаз «қаңқ-қаңқ» дкейді, балапандар «шиқ-шиқ» дейді, ал әтеш ку-ка-ре-ку.Кәне, бәріміз мына дәнді шашамыз,-деп үй құстарына жем береді.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Балалар бүгін біз не жайлы таныстық? Құстар жайлы не білдіңдер?Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар қуанышпен қимыл-қозғалыстар жасайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.


Суретке қуанады.


Құстарға дән беруге ұмтылады.

Қызыға ойнайды.

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстарды сипаттауды;

Игереді: үй құстары туралы әңгіме құрастыра білу дағдысын;

Меңгереді: шөжелердің қимыл-қозғалыстарын салады.


© 2010-2022