Суыр сұңқар су қайда? сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Суыр сұңқар, су қайда?

Клара Жылқышина

Мектепалды даярлық тобы мұғалімі

«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ.

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсініп, қимыл-әрекеттерін келтіріп ойнауға үйрену,негізгі ойды ұғыну, ойлау, есте сақтау,тіл байлығын, дүниетанымын арттыру, адамгершілікке,еңбексүйгіштікке, жан-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімге, өз денсаулықтарын күтуге әсер ету.

Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер,бетперделер,дидактикалық заттар.

Шаттық шеңбері: -Қайырлы күн балалар! Бүгінгі күніміз сәтті болсын деп жақсы тілектен бастайық.

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым

Кішіпейіл баламын.

-Балалар, бүгін бізге қонақ келіп отыр. Бұл кісі «Білімпаз атай». Сендердің білімдеріңді көруге келді,сондықтан сабаққа жақсы қатысып, білімдеріңді көрсетіңдер.

-Білімпаз атай сендарге жұмбақ жасырып отыр, қане, тыңдаңдар.(Үнтаспадан естіледі)

Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

(Сиыр)

-Дұрыс айтасыңдар,сиыр қандай жануарға жатады?

-Үй жануарына жатады.

-Тағы қандай үй малдарын білеміз?

-Жылқы, қой, ешкі,түйе.

-Үй малдарынан басқа қандай жануарлар бар?

-Дала жауарларын білеміз.

-Балалар, бүгін біз «Суыр сұңқар, су қайда?» атты ертегі оқимыз.Ертегі кейіпкерлерінде үй және дала жануарлары да бар.Ертегіні қуыршақтар ойыны арқылы тамашалап,өздерің көрініспен көрсетесіңдер.Әр түрлі тапсырмалар орындап, ойын ойнаймыз. « Білімпаз атай» кімнің білімді екенін бақылап отырады.

СЛАЙДТАН үй малдары мен аңдарды атау, тіршіліктеріне түсінік беру.

-Қазір « Дауысынан таны» ойынын ойнайық. (Үнтаспадан жылқы, ит, бақа, сиыр, қой, есек, торғай т.б. хайуанаттардың даусы естіледі,балалар ненің дауысы екенін табады)

-Енді «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегісін қуыршақтар көрінісі арқылы тамашалаймыз.Ертегіде жаңағы жануарлардың қайсысы кездеседі екен, мұқият тыңдайық.

(Қуыршақтар ойыны арқылы ертегі мазмұнын көрсету)

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?

-Сиыр, жылқы, суыр, арыстан.

-Не себепті сиыр мен жылқы жарысқа түсті?

-Сиыр өзі жүйрік болған соң, ешкімді менсінбейді, мақтаншақ. Жылқымен дауласады.

-Сиыр неге жүгіре алмай қалды?

-Суыр оған сасық, борсып кеткен лай суды береді.

-Не себепті суыр сиырға лай суды берді?

-Өйткені, сиыр суырды менсінбей, дөрекі сөйледі.

-Қазіргі кезде сиыр не себепті өкінеді екен?

-Өзінің мақтаншақ мінезіне, суырға айтқан дөрекі сөзіне әлі күнге дейін өкінеді екен.

(Балаларға кішіпейілділік, сыйластық, адамгершілік туралы түсінік беріледі)

Сергіту сәті: Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

-Балалар, осы ертегіні сахналап көрсете аласыңдар ма?

Қатысатын балалар жылқы, сиыр, суыр,арыстан, жолбарыс бетпердесін киіп, ойнайды.

Д/О «Не артық?»

Шарты:Малдың суреттері ішінен артық аңды, аңдар суреті ішінен артық малды табу.

-Жан-жануарлар туралы кім тақпақ біледі?

Айша: Іздеп барып алыстан,

Зообақ ішінде танысқам.

Басы үлкен айбатты,

Аң патшасы арыстан.

Сафина: Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссең қалың қар.

Шырша үсті қалың қар,

Байқаңдар, қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

Ойын: «Ұйқас тап»

Сиыр, сиыр, сиыр

Мүйізі оның ...(сүйір.)

Қы-қы-қы

Бәрінен жүйрік ...(жылқы)

Рыс-рыс-рыс

Тарғыл жыртқыш ...(жолбарыс)

-Балалар, үй малдарының адамға қандай пайдасы бар?

-Етін жейміз, сүтін ішеміз,терісінен, жүнінен киім тігеді.

-Тағы қандай тағамдар аламыз?

-Жылқы сүтінен-қымыз, түйеден шұбат алады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сүт, қымыз, шұбаттың денсаулыққа пайдасы өте көп.Дәрумендері өте мол.Бұл тағамдарды ішсеңдер ауырмайсыңдар, мықты болып өсесіңдер. Ал, қандай заттар дансаулыққа зиянды?

- Лай, борсып кеткен су.

-Дұрыс,ал, дүкенде сататын «Кока-кола» денсаулыққа өте зиянды, сиыр ішкен лай су сияқты денсулығымызды бұзады. Сондықтан таза су ,табиғи жеміс шырындарын, сүт,қымыз,шұбат ішу керек.

Сергіту сәті: Сусынға бай халқымыз,

Қандай тәтті бал қымыз.

Қатты шөлдей қалғанда,

Не жетеді айранға.

Біздің ерке Досәлі

Шөлін сүтпен басады.

Көрдіңдер ме Қуатты

Ұнатады шұбатты.

-Балалар,денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдарды кім жақсы біледі екен,соны тексеріп көрелік.

Д/О «Не пайдалы?»

Тағамдардың ішінен бес пайдалысын тауып белгілеу.

-Балалар, малдың бізге пайдасы өте көп екен.Ал малдарды өсіру үшін қалай күтеміз? Кім біледі?

-Жем, су беріп, өріске жайып, бағады. Шөп шауып,қыста қорада күтеді. -Жарайсыңдар,өте дұрыс,адамдар мал жақсы өсу үшін күндіз-түні еңбек етеді. Сендер үлкендерге көмектесулерің керек. Қане, еңбек турлы мақал айтайық.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

-Балалар, сабақта не жайлы оқыдық?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Не туралы біліп, не үйрендіңдер?

-Ендеше,ертегідегі сиыр мен жылқының іс-әрекеті, мінез-құлқы жайлы кім айтып береді?

Сиыр

1-бала: Сиыр ерте кезде керемет жүйрік болыпты. Әрі мақтаншақ, басқаларды менсінбейтін тәккәппар болды.Сол үшін суыр оған лай су береді. Сиыр содан бері шабандап,жүгіре алмайтын болып қалады. Суырға айтқан дөрекі сөзіне әлі күнге дейін өкінеді екен.

Жылқы

2-бала: Барлық жануарларды жақсы көреді.Ешқайсысын ренжітпейді. Кішіпейіл. Сондықтан суыр оған мөлдір, тұнық суды береді. Содан бері жылқы ең жүйрік малға жатады.

-Жарайсыңдар,балалар,енді жылқы туралы тақпақ айтып, сабағымызды аяқтаймыз.

Дүбірлетіп даланы

Өсіремін сәйгүлік.

Шүйгінге ат шалдырып,

Қымызға елді тойдырып.

Тұлпарларды бағамын

Мен жылқышы боламын.

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға кім қатысып отыр?

-Білімпаз атай.

-Білімпаз атай сендерге не айтады екен, тыңдаңдар.

-Мен сендерге өте ризамын. Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Өте білімді екендеріңді көрсеттіңдер.Мен сендерге әдемі жұлдызша әзірлеп әкелдім - деп оқушылардың ерекшелігіне қарай «зерек оқушы», «білімді оқушы», ұғымтал оқушы», «өнерлі оқушы» деген сияқты жазылған жұлдызшаларды тапсырады.






© 2010-2022