Таным. Ғарышқа математикамен бірге

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26-қараша

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық

Бөлімі: ҚМТҚ, жапсыру

Тақырыбы: Ғарышқа математикамен бірге

Мақсаты:

Білімдік: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін жетілдіру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялын шыңдау.

Дамытушылық: Қисынды есептерді шығара отырып балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлықтарын дамыту.

Тәрбиелік:

Қажетті құралдар: зымыран, жұлдызды қалашық, ғаламшарлар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер

Сабақ әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойын

Алдын ала жүргізілген жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық бүгін күн,

Қайырлы таң, қайырлы!

Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды сөздер айтады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

- Балалар, бүгін сабақта ғарыш планетасына барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.

- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

- Олай болса барлығымыз бірігіп геометри- ялық пішіндерден зымыран құрастырайық.

- Зымыранды құрастұру үшін қандай геометриялық пішіндерді пайдаландыңдар?

-Міне балалар, зымыран дайын. Енді ғарышқа ұшу үшін «Жұлдызды болашақтан» рұқсат алып ұшуға болады.

- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Кеттік!

(Музыка ойналады)

- Балалар, ғарышқа да келдік, біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге дайындаған көптеген құпия тапсырмалары бар. Бұл тапсырмаларды орындау үшін екіге бөлінейік.



1-ші тапсырма: «Заттарды құрап тұрған фигураны ата»

2-ші тапсырма: «Суретке қарап тәулік бөліктерін ата»

3-ші тапсырма: «Әр бет орамалды сәйкес құрақпен байланыстыр»

4-ші тапсырма: «Үнсіз сана»

  1. Бағдаршамда неше көз бар?

  2. Адамда неше көз бар?

  3. Жұлдызда неше бұрыш бар?

  4. Төртбұрышта неше бұрыш бар?

  5. Қолда неше саусақ бар?

  6. Қоянда неше құйрық бар?

  7. Түлкіде неше құлақ бар?

  8. Торғайда енеше қанат бар?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Зымыран боп ұшайық.

5-ші тапсырма: Копьютерлік тапсырмалар

  1. Себетке жина

  2. Қақпаға домалайтын заттарды соқ

  3. Боя

  4. Қандай пішінге ұқсайды

  5. Аю мен қонжық

  6. Балауыз шамдарын жақ

  7. Қуыршақтың түймелері

6-ші тапсырма: Заттарды санап шық және дәл сонша торкөзді боя

7-ші тапсырма: Бос төркездерге тиісті сандарды жаз

8-ші тапсырма: Тек алдыңғы жақта орналасқан заттарды боя

9-ші тапсырма: Екінші жапырақшаға ноқаттардың жалпы саны гүлдегі санға тең болатындай мөлшерде ноқаттар салып шық



Жапсыру сабағы. Ұжымдық жұмыс.

Балалар екі топқа бөлініп «Ғаламшар» бейнесін жапсырады.


- Зымыран

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып жерде зымыран суретін құрастырады.

- Үшбұрыш төбесі, тіктөртбұрыш кеудесі, екі қанаты көпбұрыш.



Ағаш текшелерден жасалған «Жұлдызды қалашықтың» ішіне кіріп аспанға ұшып кеткендей болады.

Балалар белгі бойынша екіге бөлінеді: математикалық тапсырма лар орындауға;

Түрлі түсті қағаздардан ғаламшар бейнесін жапсыруға.

Әр зат қандай фигураны білдіретінін атайды

Тәулік бөліктерін тиісті сандармен біріктіреді.

Әр бет орамалды түсіне, фигурасына қарай орналастырады

Қойылған сұрақтарға тиісті сандарды көрсетеді





Қимыл қозғалыс арқылы орындайды



Әр бала бір тапсырма орындайды



Суретте қанша зат, сонша торкөзді бояйды

Бос төркездерге тиісті сандарды тура және кері сан реті бойынша жазады

Суреттегі тек алдыңғы қатарда тұрған заттарды түсіне қарай бояйды

Гүлдердің екінші жапырағына ноқаттардың жалпы саны гүлдегі санға тең болатындай етіп салып шығады

Балалр екі топқа бөлініп А-3 форматты қағазға ғаламшар бейнесін жапсырады. (жұлдыздар, зымыран, планеталар,

Рефлексиялық-

түзетушілік

- Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық, енді өзіміздің балабақшаға оралайық.

-10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік!

(муз.ойналады)

- Балалр міне өзіміздің балабақшағада оралдық.

- Ғарышқа не үшін бардық?

- Не көрдік?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

- Не жапсырдық?

- Жапсыруда қандай тәсілдер қолдандық?

- сабақ ұнады ма?

Балалар музыка әуенімен балалбақшаға оралады.

Қойылған сұрақтарға жуап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тура және кері санай біледі; сандарды жаза біледі; геометриялық пішіндерді атай алады

Игереді: қисынды есептер арқылы

Меңгереді: эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.



© 2010-2022