Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

«Достық» балабақшасының

меңгерушісі: Ә.Ж.Достанова


« » -----------------------2013ж


Тақырыбы: «Дала жануарларының тіршілігі»

Мақсаты: Балалардың дала аңдары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір -бірінен ажыратуға , дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Аңдардың тіршілігі мен қоректенетін ортасымен таныстыру сұрақ қою арқылы сөйлеу белсенділіктерін дамыту.

Баланың аңдарға қоршаған ортағасүйіспеншілігін оятып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу, шаттық шеңбер, жұмбақтар, ойын.

Жаңа сөздер: Жабайы аңдар, көжек, бөлтірік,қонжық, жәутік.

Көрнекілік: Ағаштар, аңдар суреті, DUD аппаратурасы, теледидар

Шатттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің ісі ғой!

Ал,кәнекей , бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге

-Саламатсыздар ма апайлар

-Таңертен тұрғанда нені көреміз?

-Күнге қолымызды созамыз

-Күннен алған жылуымызды бір-бірімізге таратайық.

Т:-Балалар жылдың қай мезгілі?

Б: Қыс

Т: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Б: Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан

Т: Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?

Б:Қар жауады, аяз,боран болады.

Т: Қыс мезгілінде немен ойнаймыз?

Б: Шанамен сырғанақ тебеміз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

« Ғажайып сәт»

Т: Бізге орманнан түлкі келеді

Түлкі: Мен орманнан келе жатып, сандық тауып алдым.Ол сандықтың ішіне сиқырлы ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін жұмбақтарымызды шешуіміз керек.

Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Жұмбақтар:

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын «көжек» дейді.

Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Аузы бейне шалғы,орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады.

Өзі қу, әрі айлакер,Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Жүрген жері айқай шу.

Тәтті көрсе бас салар,Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Айнымайды баладан.


Балалар бұл аңдарды сендер қайдан көрдіңдер?

-Суреттерден, теледидардан көрдік

Т:-Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?

Б: Жабайы жануарлар дейміз!

Т: Бұл аңдар қайда мекендейді?

Б: орманда, таулы жерлерде, мекендейді.

-Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап тұрады.Ал, балалар қоян,қасқыр, түлкі,қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүні өседі.

-Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып келеді?

-Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон , жаға киімдер , бас киімдер тігеді.

Тәрбиеші тақтаға жабайы аңдардың суреттерін іліп қояды.

Қоян-жабайы аң.Оның құлағы ұзын. Төрт аяғы бар.

Т:Қоян нені жақсы көреді?

Б:Сәбізді, шөпті жақсы көреді

Т: Қоянның түсі қандай?

Б: Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұры болады.

Т: Қоянның баласын не дейді?

Б: Көжек

Т:Аю-жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді Оның басы, денесі , төрт аяғы бар.

Т:Аюдың баласын не дейді?

Б: Қонжық

Т:Аюдың сүйікті асы қандай?

Б: Балық, балды, жеміс жидектерді жақсы көреді.

Т: Аю қыс мезгілінде қайда болады?

Б: Аю апанда қыс бойы ұйықтайды

Т: Аюдың түсі қандай?

Б: Ақ, сұры, қара болады

Т: Қасқырдың сүйікті асы қандай?

Б:Ет

Т: Қасқырдың түсі қандай?

Б:Қасқырдың түсі көк,құйрығы ұзын, тісі өткір болады

Т: Қасқыр қайда мекендейді?

Б: Орманда, жазықтықта, таулы жерлерде мекендейді

Т: Қасқырдың баласын не дейді?

Б: Бөлтірік

Т:Түлкінің баласын не дейді?

Б: Түлкінің баласын -түлкішек

Т:Түлкі немен қоректенеді?

Б: Ұсақ жәндіктермен, тышқанмен қоректенеді

Т:Түлкінің түсі қандай?

Б: Қызғылт сары

Т: Түлкінің жүні әрі жұмсақ, тығыз болады. Жыл маусымына қарай өзгеріп отырады

Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығулары

Ян-ян-секендеген ақ қоян,

Ю-ю-ю-қорбандаған аю

Кі-кі-кі -бұл айлакер түлкі

Қыр-қыр-қыр- бұл көкжал қасқыр

-Енді осы аңдар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Данара:Түлкі: Мен Түлкімін , түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бәріңде маған жетпейсіңдер

Алдымнан кесе өтпейсіңдер

Айша:Қасқыр: Мен -көкжал қасқырмын

Малшыны састырдым

Аш болсам ұлимын

Ауылды торимын

Арайлым:Аю Балпаң,балпаң басамын

Алты қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын

Асылым:Қоян: Ақ қоянмын,қоянмын,

Үркек қоян сақ қоян

Дыбыс шықса қашамын,

Белдерден бір-ақ асамын

Сергіту сәті

Біз орманға барайық,

Жан-жағымызға қарайық

Аю шықты қорбандап,

Қасқыр шықты ырылдап

Түлкі шықты майысып

Қоян шықты секіріп,

Қорықпандар, балалар

Қарап-қарап алыңдар

Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»

«Түлкі, түлкі түлкішек!» өлеңін оқу сахналау

Қоян: Түлкі, түлкі түлкішек,

Түнде қайда барасың?

Түлкі:Апам үйіне барамын

Қоян:Апам саған не береді ?

Түлкі :Ешкі сауып, сүт береді

Қоян: Оны қайда қоясың?

Түлкі: Тал түбіне қоямын

Қоян: Ит жеп кетсе қайтесің?

Түлкі: Ит аузынан аламын

Қоян: Ит бермесе қайтесің?

Түлкі: Жылай,жылай қаламын!

Ойын:«Бұл ненің баласы?»

Енді біз бейнетаспадан жалпы жабайы аңдар бар екенін көруге шақырамын. Аңдарға шолу жасау.

-Балалар енді осы жабайы жануарлардың суретін құрастырып жіберейік.

Т:-Өте жақсы құрастыра білді

Б:-Сонымен балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

Б:-Жабайы жануарлармен

Т:-Жабайы жануарлардың қандай пайдасы бар?

Б:-Бізге олардың терісі пайдалы, өйкені олардың терісінен тон, бас киімдер тігіледі.

Түлкі: Мен сендерді бақылап байқап тұрдым.Сендер ақылды ,зерек, тапқыр екенсіңдер, сіздерге менің әкелген сыйлығым бар.

Сіздерге түлкінің сұлулығын, қоянның жылдамдығын, аюдың мейірімділігін, қасқырдың батылдығын тілеймін.

Т: Балалар біз түлкімен және қонақтармен қоштасайық.

Балалар:

Кәне бәріміз тұрайық,

Қонақтармен қоштасайық

Көріскенше күн жақсы ,

Сау саламат болайық

Т: Сау болыңыздар!

Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)





Ембі қаласы «Достық» балабақшасы МКҚК


Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Тақырыбы: «Дала жануарларының тіршілігі»

Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Тобы: «Балдырған» 2-ші сәбилер

Сабақ: Жабайы жануарлар! (детский сад)

Өткізген тәрбиеші:

Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы

Өткізген мерзімі: қаңтар, 2013жыл





© 2010-2022