Желбіре жеңіс жалауы. Тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Оларға патриоттық тәрбие беру.Балаларды үлкен адамдарды сыйлау білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Құрметті ата-аналар, әріптестер, бүлдіршіндер «Балдәурен» тобының ұйымдастырылуымен өткелі отырған «Желбіре, Жеңіс жалауы атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүгін Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 9 мамыр Жеңіс күні бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

Осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымызды , Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. ( 1 минут үнсіздік)

1996 жылы Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасында 7 мамыр ұландар күні болып белгіленді. 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні, 7 мамыр ұландар мерекесі құтты болсын. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің өлең жолдарын арнайды. (Балалар тақпағын айтады)

Әділет: Ағалар саптан шықпасын

Аналар қабақ шытпасын

Бақытқа жетіп бар адам

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Расул: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы

Бибінұр: Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

Жексенбай: Әлем бізді ұққан күн

Жауды ініне тыққан күн

Батыр атам алдынан

Әжем күліп шыққан күн

Гүлназ: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем, шуақ - Тоғызыншы май күні

Айтшы , кәне, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі

Айкөркем: Жер жүзінде нұр шашыпжеңіс күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міне

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Бастай: «Жеңіс» деген- жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Фариза: Сонау жылы жер-көкті,

Соғыс бұлты торлаған

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған

Шарапат: Тыныштық болсын әлемде,

Тартпасын халық қайғы - шер!

Тіршілік болсын жердегі,

Көрмесін енді жамандық

Эльдар: Тапталмайтын түнгі ізі

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын ағаның

Аслан: Елін жерін сүйетін

Ертеңі үшін күйетін

Рухы биік ұланбыз

Болашаққа сенетін

Б.Айкөркем: Тыныштық тулары

Биікке самғасын

Тыныштық ұраны

Қиырда шарласын

Әлихан: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңе ұста, құрметте!

Сержан: Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан

Бұйраланған аршасы

Қорғайтын ер боламын.

Жарас: Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көркейе берсін ырыс құт!

Гүлзат: Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән болып

Жеңіс келді алақай!

Тоя жейтін нан болып.

Нұршапағат: Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Ернұр: Жауға басын имеген,

Жауыздықты сүймеген

Ісіңе, Аға , еліктеп,

Ерлігіңді үйренем

Ақмоншақ: Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны

Аянат: Жеңіс күні - желекті ту қанаты,

Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты

Жеңіс күні - болдырмауға соғысты

Адамзаттың ант ішетін сағаты

Алшынбек: Баламын мен бүгінде

Кіп-кішкентай баламын

Ертең менде өскенде

Ел қорғауға барамын

Жанарыс: Жетім боп ана менен балалар,

Ойран боп отбасы қалмасын

Жол берме соғысқа , адамзат

Сен ғана тыныштық қорғаны

Шадияр: Алақай-ай ! Әйгілі!

Тоғызыншы май бүгін

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының

Жалғас: Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сұрақ қойдым білгім кеп

-Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн? - деп

Атамнан да сұрадым

Әкемнен де сұрадым

Ағамнан да сұрадым

Тосты бәрі құлағын

-Дұрыс,- десті сұрағың-

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні , шырағым

Жеңіс атылған оқпен ғана клген жоқ, әнмен де келді.Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді.Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Орындайтындар: Жарас, Әлихан, Расул, Шадияр.

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Шығыстың қос шынары

Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазақтың

Ерлігіне таң қаламын ғажап тым

Солар төккен қызыл қанның арқасы

Қазақстан аспанында азат күн

Сол зұлмат соғыста шығыстың қос шынары атанған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова апаларымыздың өмірінен қысқаша қойылым.

Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанды. Мәншүк небары 19 жаста еді.

Мәншүктің мамасына жазған хаты:

«Қымбатты мама! Қазір мен алдыңғы шепте жүрмін.Тағы да хат жаза алам ба білмеймін сондықтан жедел осы ашық хатты жіберіп отырмын. Әзірше денсаулық жақсы. Қымбатты маматайым, егер бізден делегация бара қалса, соның мүшелерінен басқа жаңалықтарды біле жатарсың. Тап қазір бұлар жөнінде жазуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Ендігі хатты менен алда тұрған ұрыстардан кейін күтіңдер.Жиі-жиі хат жазып тұрсаңдаршы. Барлығыңызға сәлем. Мен үшін Динаның бетінен сүйіңіз, ал ол сізді тыңдайтын болсын. Хош, сізді қатты құшып сүйемін, қызыңыз Мәншүк»

Бұл Мәншүктің соңғы хаты еді, себебі таң ата ұрысқа шыққан еді.

Сарғая күткен ұлы күн

Шұғыласы бүгін жарқ етті,

Бағына талай миллионның

Баянды жеңіс күн жетті.

Хор: «Бейбітшілік сақталады»

Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Әлия өмірінен қысқаша қойылым.

Соғыс сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қанша арулар жесірленіп, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Хор: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы жылы болатыны белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін соңғы ұрыстар болды. Гитлер Берлин үшін күресті өзі басқаруға шешім қабылдады.2 мамырда Берлиннің қорғаныс штабы соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берді. Өйткені 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтіргені туралы мәлімет келді. 9 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі шартқа қол қойды. Бұл жеңіс еді.

Көрініс «Берлинде»

Хор: Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Хормен: - Соғыстың өрті жанбасын!

-Сәбилер жетім қалмасын!

-Бесігінде сәбидің,

-Есігінде әр үйдің,

-Болмасын соғыс, болмасын!

Адамзатым ,ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген- болған емес тегін іс

Соғыс деген- қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген- екі жаққа жеңіліс.

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,

Жарақат алғандардың күшіменен

Өркендеттік өмір менен өнерді

Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Жеңіс күні - желекті Ту қанаты,

Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты

Жеңіс күні болдырмауға соғысты

Адамзаттың ант ішетін сағаты.

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын.

Осымен сіздерге арналған Желбіре, Жеңіс жалауы атты кешіміз аяқталды. Қатысқан барлық ата-аналарға рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін. Сау болыңыздыр.









© 2010-2022