Эссе «Әдіскер– бағыттаушы, ізденуші, шығармашыл тұлға. . »

Эссе  »Әдіскер– бағыттаушы, ізденуші, шығармашыл тұлға..»                       «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу –  сезімнің ақындығы» - дегендей,  мен ұстаз болуды арман еттім...             Бала күнімде ең бірінші арманым – әнші болу еді. Өсе келе, жоқ,  мен телеарнадан хабар таратып, жаңалық жүргізіп отыратын диктор боламын деген де ой болды.  Адам жас кезінде өте арманшыл, қиялшыл болады екен. Әрбір естіген, көрген жаңа нәрсеге еліктеп, жақсы адамдарды кезіктірсең, мен неге сондай болмаймын? Сол кісідей неге солай сөйлемеймін, неге киінбеймін, бәрі мені сол кісідей неге жақсы көрмейді, құрметтемейді деген сияқты сұрақтар ойыңды мазалайды екен.  Өзінің сондай ерекшелігімен мені оқушы күнімнен өзіне қатты еліктірген, жүрегімнің түкпірінен орын алған жандардың  бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжаһан апайым еді. Сол кісіні...  Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам – мұғалім. Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Институт қабырғасында оқып жүріп бала күнгі арманымдарыма қол жеткіздім. Наурыз мерекесі алғаш тойланып, сахнаға шығып ән айттым, көрініс қойып, шығарма мазмұнын баяндап тұратын автор да болдым. Ұстаздық жолын алғаш бастап, мектепке келісімен түрлі сайыстар өткізіп, шараны жүргізуші де болдым. Мен ұстаздық м...         Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысы болар  әдіскер-ұстаз деп таныр едім. Себебі, әдіскер- ұстаз,  үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен лигвистикалық-турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін ... Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек күттірмейтін мәселе.          Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде.          Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады. Олар мыналар: - Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру; - Білімнің деңгейін көтеру; - Мамандардың кәсіби білімі мен білігі... Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне бірден- бір ықпал етуші адам. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан  «Мен өзімді жетілдіріп болдым » деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деп айта алад...         Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше, сол компьютерлерде пән мұғалімдері тек сабақ үрдісінде пайдаланып немесе жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша электрондық көмекші құралдар мен  әдістемелік құралдары жарық көруде. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы. Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана оқушылардың...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Қалалық білім беру бөлімінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері

Жеңіскүл Мырзабекқызы Нәрікова


Әдіскер- бағыттаушы, ізденуші, шығармашыл тұлға...

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы» - дегендей, мен ұстаз болуды арман еттім...

Бала күнімде ең бірінші арманым - әнші болу еді. Өсе келе, жоқ, мен телеарнадан хабар таратып, жаңалық жүргізіп отыратын диктор боламын деген де ой болды.

Адам жас кезінде өте арманшыл, қиялшыл болады екен. Әрбір естіген, көрген жаңа нәрсеге еліктеп, жақсы адамдарды кезіктірсең, мен неге сондай болмаймын? Сол кісідей неге солай сөйлемеймін, неге киінбеймін, бәрі мені сол кісідей неге жақсы көрмейді, құрметтемейді деген сияқты сұрақтар ойыңды мазалайды екен. Өзінің сондай ерекшелігімен мені оқушы күнімнен өзіне қатты еліктірген, жүрегімнің түкпірінен орын алған жандардың бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжаһан апайым еді. Сол кісінің әсері ме, әлде қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығым ба, әлде әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің өміріне деген құштарлығым ба, тағы да, бірнеше жылды артқа тастап, мұғалім болуды армандадым. Мектепті «жақсы», «өте жақсы» деген бағалармен бітіріп, тарих, қазақ тілі, неміс тілі, қоғамтану сияқты пәндерден «Мадақтама қағаздарын» алғаннан кейін, мұғалім болу мамандығын таңдауыма азғантайда болса, септігі тиердей болды. Осылайша білім қуып, өмір деген өзеннің ағысына еріп, ұстаздық мамандығын таңдадым. Және қайда дейсің? Сонау Оңтүстіктен Батысқа қалай келгенімді, оқуға қалай түскенімді де білмей қалдым. Бұл жаққа келіп, білім аламын деген ой үш ұйықтасам, түсіме де кірмеп еді. Қазақстанда Орал деген қаланың барын да білмейді екенмін. Уақыт өте келе көптеген қызықтар мен қуаныштарға қол жеткіздім.

Балаға ата - анадан кейінгі ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, сана - сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам - мұғалім. Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Институт қабырғасында оқып жүріп бала күнгі арманымдарыма қол жеткіздім. Наурыз мерекесі алғаш тойланып, сахнаға шығып ән айттым, көрініс қойып, шығарма мазмұнын баяндап тұратын автор да болдым. Ұстаздық жолын алғаш бастап, мектепке келісімен түрлі сайыстар өткізіп, шараны жүргізуші де болдым. Мен ұстаздық мамандығын еш қателеспей таңдаған екенмін. Себебі, педагогика саласы сені ұстаз болуға да, әртіс болуға да үйретеді екен. Әрбір баланың жүрегіне жол тауып, біліммен қатар бала бойына мейірім шуағын дарыту - кез- келген ұстаздың қолынан келе бермейтін іс.

Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысы болар әдіскер-ұстаз деп таныр едім. Себебі, әдіскер- ұстаз, үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен лигвистикалық-турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші - білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру - кезек күттірмейтін мәселе.

Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады. Олар мыналар: - Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру; - Білімнің деңгейін көтеру; - Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.

Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне бірден- бір ықпал етуші адам. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан «Мен өзімді жетілдіріп болдым » деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деп айта алады.

Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше, сол компьютерлерде пән мұғалімдері тек сабақ үрдісінде пайдаланып немесе жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша электрондық көмекші құралдар мен әдістемелік құралдары жарық көруде. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы. Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана оқушылардың ақпараттық техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолдануына көмек көрсете алады. Осы тұста әдіскердің тағы бір қызметі ақпараттық- комуникативтік технологиялық курстардан білім алған, сертификатталған ұстаздармен бірлесіп қалалық, облыстық деңгейде оқыту-семинарларын ұйымдасытырып жұмыс жасауына жағдай тудырады.

Әрине, бұл жерден ұстаздар бірден біліп кетуі мүмкін емес, дегенмен сабақ үрдісінде пайдалану арқылы үйрене бастайды. Ұстаздардың жан-жақты дамып, ғылыми жетілуіне, шығармашыл өсуіне мұғалімнің өзінің қатысуы арқылы жүзеге асатын түрлі сайыстардың берері мол. Осы тұста тағы да әдіскер көмекке келеді. Әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтан құры қалмай, үйрене білуге, үйрене жүріп үйрете білуге әрқайсымыз дайын болуымыз қажет. Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық, құжаттық мəдениетті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.

Мектепке жаңадан келген әрбір жас мұғалім ең алдымен өзіне жүктелген жұмыстың сипатымен таныспай тұрып, мектеп ұжымымен, ондағы қызметкерлердің жұмыс тәжірибелерімен және ең негізгісі мектеп қай бағытта жұмыс жасайтындығын біліп алуы шарт. Және әрбір жас мұғалімге әдіскер ұстаздардан үлгі - өнеге көрсетіп, оларға жеке - жеке кез келген жұмыста қол ұшын беретін ұстаздар бөлінуі керек. Осы мақсатта әдіскер тарапынан берілетін көмек шаш етектен. Жас мұғалімдермен өткізіліп отырған ашық сабақтар, оқыту-семинарлары, «Жас ұстаздар» байқаулары мен пән олимпиадаларының жоспарлы жүргізілуі олардың шығармашылық тарапынан өсуі мен жетілуіне үлкен көмек болып есептеледі. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Оны шешудің факторлары оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін құру болып табылады. «Жақсы мұғалім - маған әр уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» - деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі - жақсы мұғалім. Кез келген мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету үшін жан - жақты, ұйымшыл, ізденімпаз және сауатты болуы шарт. Себебі, адамның өзі білмегенін немесе толық түсінбегенін біреуге айтып жеткізуі мүмкін емес нәрсе.

Сондықтан өз қарамағымдағы ұстаздарға: - әрбір берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды үйреніңіздер; - қай нәрсеге де болмасын жан - жақтылық көрсетуге талпыныңыздар дегенді айтқым келеді.

Армандаған, ойлаған нәрсеге қол жеткізу үшін айналаңда сені қолдар, жаныңды түсінер адамдардың болғаны өте қажет. Осы тұрғыда ең бірінші сүйікті жарым мен айналамдағы бауырларым мен ата-енеме алғысым шексіз. Олар балаларымның қараусыз қалмай, ауырмай өсуіне көмек көрсетіп, біліктілігімді көтеріп, білім жетілдіру курстары мен семинарларына қатысып келуіме жағдай жасап, менің алаңсыз жұмыс жасап, үлкен жетістіктерге жетуіме жол ашты.

Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген екен. Олай болса, әдіскер- ұстаз, ізденуші, үйренуші, жаңалықты дәріптеуші, үздіксіз білім-ғылым жолындағы тұлға- дер едім.



© 2010-2022