«Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ету сапалы білімді басқарудың факторы»

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ету сапалы білімді басқарудың факторы»

Үлкенбөкен мектеп- балабақша кешені КММ

Директор жанындағы оқу ісінің орынбасары: Оразгалиева Н.Е.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындалды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті - білім берудің қазіргі заманғы сапасы қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.

Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты - шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу - тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Атап айтсақ , олар: оқудың мазмұнын жаңарту дидактикалық жетістіктерді білім беру тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану, ғылыми негізделген жаңа идеялар мен технологияларды қолдану жолдарын табуды қамтиды. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептерде оқудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады.

Ендігі мәселе оқушыларымыздың әрбір пән бойынша алған білімінің күнделікті тіршілігінде, болашақ кәсіби және әлеуметтік өмірде қолдану мүмкіншілігін арттырудың жолдарын қарастыру.

Ұлттық жоспарда бұл мәселенің бірнеше тетіктері көрсетілген:

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

2) оқыту нысандары мен әдістері;

3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

1. Бірінші кезекте, білім жетілдіру курстары арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал жасауға болады. Күтілетін нәтиже әлбетте, білім, біліктілікті жетілдіру, мониторинг жасау.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру жұмысына ерекше мән беріледі.

Мектептеде 12жылдық білім беруге көшуге дайындықта қажет нормативті құжаттармен танысу жұмыстары атқарылуда.Педагогикалық, әдістемелік кеңестерде, әдістемелік бірлестік, проблемалық топтар мен жас мұғалім мектеп отырыстарында қарастырылады.

Білім сапасын көтерудің бір негізі - мұғалімдерді жүйелі түрде өз білімін көтеруге тарту. Осы мақсатта білім жетілдіру курстарына мұғалімдер арнаулы кесте бойынша жіберіліп отырады.

Білім деңгейін арттыру курстарынан өту: 2008-2009ж 18мұғалім -40%, 2009-2010ж- 16 мұғалім- 35,5%, 2010-2011ж-16 мұғалім-36%, 2011-2012-20мұғалім-45%, 2012-2013- 21мұғалім-47%,

Мектеп ұстаздарының саны мен сапасы мемлекеттің қойып отырған талаптарын орындай алатын, сапалы тәрбие мен білім бере алады.

Оқу-тәрбиелiк процесс ұйымының сапасы бiлiм беретiн және педагогикалық кадрлардың кәсiби деңгейiмен анықталады.

Аудандық педагогикалық оқуларға қатысу нәтижелері:

1 орынға -3 мұғалім ие болды Усенова А Б, Токтарова Р К, Оразгалиева А Б;

2 орынға -4 мұғалім ие болды Сикумбаева А Б, Туракпаева Г К, Талкамбаева А М, Алимбаева А А

3 орынға -2 мұғалім ие болды, Финаева Т В, Кобелдесова Р Ж

облыстық Семей қаласында қазақ түрік лицейінде өткен педагогикалық оқуларға қатысып Талкамбаева А А, Оразгалиева А Б сертификатқа ие болды.

Мұғалімдердің шығармашылық жұмысын жетілдіру сайыстарға дайындалып, қатысып кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Аудан білім бөлімі өткізген түрлі деңгейдегі байқаулар, сайыстарға, т.б. қатысып 1 орынға ие болған -6 мұғалім Токтарова Р К, Болтовская Л Л, Дегтеренко Л В, Шошай Хамхаш, Кайсанова К Д

2 орынға ие болған -5 мұғалім Алимбаева А А, Абдулкаримова АН, Сулейменова Г М, Егеубаева Г К, Изгуттинова АА

3 орынға ие болған - 4 мұғалім Шумекеева Г К, Кобелдесова Р Ж, Шпекпаева Д Қ, Чукушева А А

2. Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің басты мақсаты - білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Бейналды -бейінді дайындық шараларын жасау.

Бейінді бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқу болғандықтан 8-9 - сынып оқушыларының кәсіби деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. Қорытынды нәтижесінде оқушылардың тұлғалық бейімділігі, қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кәсіби ой - мұраттарына сәйкестігімен 9 - сыныпты бітіруші 31 оқушының 19 - ы жаратылыстану - математикалық бағытын, таңдағаны анықталды.

2012-2013 оқу жылында жаратылыстану - математикалық бағытты 11 сыныпта - 14 оқушы, 10 - сыныпта - 8 оқушы таңдады. Жоғарыдағы бағдарға сәйкес типтік оқу жоспарының вариативті бөлігінен қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары жасалынып, оқушы сұранысына сәйкес оқытылды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша қолданбалы білім курстарының төмендегідей: республикадағы химиялық өнеркәсіптер, физика және электротехника, биология -экология, методы решения математических задач, биохимия негіздері, генетика негіздері, Физика для всех, Салауаттық және халық дәстурі.

3.Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.

1) әр-түрлі конкурстар, 2)ғылыми жобалар, 3) пәндік олимпиадалар.4) аудандық пәнді олимпиадалар, 5) дарын орталығының олимпиадалары.

2012-2013 оқу жылдарында аудандық олимпиадада, сайыстарда: 1 орын алған -7оқушы, 2 орын-15 оқушы, 3 орын 12 оқушы; облыстық олимпиадаға 3 оқушы қатысып 1 оқушы - математика пәнінен -3 орынға ие болды.

- Оқушылардың интеллектуалдық конкурстарға қатысуын ұйымдастыру.Дарын орталығының олипиадаға қатысқандар: аз емес

Асыл тас, Малахит Әр-түрлі аудандық конкурска қатысушылар:

І-орын: Сагандыкова Б.номинация «Денсаулық зор байлық» эссе- Егеубаева А.А., Токтарова Д. номинация «Салауатты өмір салтын ұстану» - Изгуттинова А.А. ІІ-орын: Бугак Б. номинация «Мен-Қазакқстан патриотымын»- Осипова О.М., Шейфер А. номинация «Біз қазақша сөйлейміз»- Шалгумбаева Н.С.

ІІІ-орын: Токтарова Д. номинация «Мен-Қазакқстан патриотымын»-Шпекбаева Д.К.

4. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.2012-2013 біздің мектеп химия пәнінің толық жабдықтылған кабинеті қамтамасыз етілді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарлатуға ықпал ететіні сөзсіз.

Педогогикалық ұжымның білім үрдісіндегі сапаны арттырудағы іс-әрекеті.

Мектептегі білім берудегі басты бағыттардың бірі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша түлектерді дайындап, білім сапасын жақсарту.

Оқу жылының аяғындағы оқушылардың білім сапасы. 2008-2009ж -45%, 2009-2010ж- 50%, 2010-2011ж-53%, 2011-2012ж-56%, 2012-2013ж-56%.

5.Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді
қатысуын қамтамасыз ету. Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университетін құру. Аталған қоғамдық институт әрбір білім алушының отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, отбасы мен мектеп мүдделерін өзара қолдап, ортақ жағдай жасауға әсер етеді. Бұл ретте мектеп есептілігінің және оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы қауымдастыққа толық және ашық ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз етіледі.

6. Қосымша білім беруді дамыту. Қосымша білім беру мазмұны жаңаратын болады,. Сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру: математикалық сауаттылығын дамыту үшін тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелері, жаратылыстану сауаттылығын дамыту үшін Өлкетану, натуралистердің, туристердің жұмыс ісейді. Қосымша білім беру ұйымының әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тартуы арқылы әлеуметтік маңызы артты.
Осылайша, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі білім беру мазмұнын жаңарту, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламаларын қайта қарау, оқушылардың алған білімін оқу және практикалық жағдайларда қолдану қабілеттеріне мониторинг жүргізу бойынша бірқатар пәрменді шаралар қабылдауы, сондай-ақ мектеп оқушыларын оқытуды барабар материалдық-техникалық, психологиялық-педагогикалық және техникалық жағдайлармен қамтамасыз етілді..

Құрметті ұстаздар, білім саласының ар­дагерлері, қонақтар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жү­рек­тен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шы­ғармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілеймін! Сонымен Елбасы Жолдауында көтерілген «оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту» және «оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» мәселелері белгіленген мерзімде нәтижелі шешімін табады деп. Назарларыңызға рахмет!



© 2010-2022