Сатылар арасындағы сабақтастықты нығайту-білім сапасының кепілі

Сатылар арасындағы сабақтастықты нығайту- білім сапасының кепілі ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  барысында білім беру жүйесі оның сапасын арттыруға  бағытталған серпінді өзгерістерді бастан өткізуде: - мектеп 12- жылдық оқыту моделіне көшуге дайындалуда; - интербелсенді құрылғылармен ,заманауи  оқу кабинеттерімен жабдықталуда; - оқытудың түбегейлі жаңа түрі- электронды   ( Е- ленинг бағдарламасымен) оқытуды игеру қолға алынды; - бі...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сатылар арасындағы сабақтастықты нығайту- білім сапасының кепілі

ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында білім беру жүйесі оның сапасын арттыруға бағытталған серпінді өзгерістерді бастан өткізуде:

- мектеп 12- жылдық оқыту моделіне көшуге дайындалуда;

- интербелсенді құрылғылармен ,заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталуда;

- оқытудың түбегейлі жаңа түрі- электронды ( Е- ленинг бағдарламасымен) оқытуды игеру қолға алынды;

- біліктіліктерді арттыру жүйесін жаңғырту деңгейге сай курстар жүргізілуде.

-оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстар қолға алынды.

Осындай білім берудің жаңа үлгісінде еңбек етіп отырған №7орта мектебінің әдістемелік орталығы «Заманауи технологиялар арқылы білім сапасын арттыра отырып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру» тақырыбымен жұмыс жасай отырып, 12 жылдық білім беруге көшу қарсаңында оқушылардың білім,білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін қалыптастыруды қолға алды. Білім сапасын арттыру-12 жылдық білім беруге көшудің басты міндеті. Оқытудағы сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат - міндеттер , ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі болып табылады. Сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді.Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді. Сабақтастық - оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі. Мектепалды даярлық сыныптарында «Біз мектепке барамыз» білім беру бағдарламасы қолданылады. Бағдарлама мектепте оқытуда балалардың жалпы, жеке, физикалық дамуын, білімді меңгеруге даярлығын қамтамасыз ету, балада оқу іс-әрекетін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағдарланған мектеп алды даярлық тобы мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қарастырады.

Мектепалды даярлық сыныбында тіл дамыту, жазу, санау, бейнелеу, құрастыру, жапсыру және т.б. қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кешендері қолданылады және мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларын меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер анықталған.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Демек, бастауыш сыныпта оқыту оқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.Сондықтан мектепте буындар арасындағы сабақтастық мәселесіне назар аударылып мектепішілік бақылау мен психологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, пән мұғалімдерінің оқушы біліміне жүргізген диагностикалық есебі алынды. Қазан айында жалпы сыныптық бақылау 1және 5 сыныпта жүргізілді. 5 сынып оқушыларының қалыптасуы,білім,білік,дағдыларының барысы, тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы,психологиялық-әлеуметтік жағдайы жан-жақты бақыланды. Бастауыш сыныпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіруде оқушының психологиялық ерекшелігін пән мұғалімдерінің басшылыққа алуы қажет. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп , тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай , оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі.Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп психологы мен пән мұғалімдері, сынып жетекшілері бірлесіп жұмыс жүргізу, пән бірлестіктерінде сабақтастықты жалғастыру, бастау тестері мен жылдық қорытындыны салыстыру, бақылау жұмыстары мен тоқсандық қорытындыны салыстыра талдау,динамикасына сай мониторинг жасау тапсырылды. Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері,бағдарлама көлемінде берілген білім,дағдының орындалуы , дайындық дәрежесі , жеке кемшіліктердің орын алу себептері , оны өткізу бағыттары белгіленіп , тексеру қорытындысы директор жанандағы отырыста тыңдалып , отырыстың шешімі шығарылады. Шешімнің орындалуы , атқарылған жұмыстарды жүйелеу , басшылық беру әдістемелік бірлестіктерге тапсырылады. Бесінші сыныпқа келгенде бастауыш сыныптағы мұғалімі пән мұғалімдерінің сабағына қатысып , пікірлесіп отыруы жолға қойылуы қажет. Осылайша сынып мұғалімдері бір - бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің , шеберлігінің , дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап , оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі .Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны , қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.

Бірінші сыныптың оқу - тәрбие жұмысына қатысу, оған басшылық беру жайы жоспарланды және мектеп директоры жанындағы отырыста қарастырылды.Ондағы мақсат - бастауыш буынның даярлыған анықтау, 1 сыныптың мұғалімдері математика, сауаташу пәндерінен өзара сабаққа қатысты және оқушы қызметін тиімді ұйымдастыруға әдістемелік көмек берілді. 4 сынып мұғалімдері Ә.А.Шылтиева мен Г.Б.Балапашева сабақтың кезеңдерінде әдіс тәсілдер мен технологияның пайдаланатын оқушы білімін бағалаудың түрлерін көрсете білді.

Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім деңгейіндегі бейінді оқыту болып табылады. Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес мектебімізде жоғары сыныпо қушылары мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқытылады.

Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды қадам болып табылады.Бейіндік оқыту - саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына сәйкес білімді жалғастыруына мүмкіндік жасау ,яғни оқыту жағдайларын сай мектептің жоғарғы сатысының бастауыш, негізгі орта және жоғары кәсіби білім мекемелерімен қауымдасу,сабақтасу міндеті қойылған. Қазан айындаБейінді сыныптардағы бейіндік пәндерді оқыту сапасы зерделенді.Қараша айында жоспар бойынша10 сыныпқа жалпы сыныптық бақылау жүргізіледі.

Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:

  • бастауыш мектепте - оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасау мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;

  • негізгі мектепте (9 сыныптан соң) оқытудың әрі қарайғы траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;

  • бейіндік мектепте - алынған білім мен білік деңгейлерін бағалау мақсатымен жүргізіледі.

  • 9-10 сынып оқушылары үшін мамандық таңдау оңай шаруа емес.

Олардың көбі өз өмірлерінде алғаш рет жауапкершілікті қадам басу туралы ойланады.

Бұл тұста бейінді дұрыс таңдаудың өзі жоғары сынып оқушысының болашақ өмірімен тікелей байланысты болатынын ұмытпаған жөн.Мамандықты таңдау үшін адам сол мамандық турлы мол ақпаратқа ие болуы керек; мамандық әлемін тани білуі керек, еңбектің мәні мен мақсатын, мамандықтың адамға қоятын негізгі талаптарын түсінуі керек, таңдалған мамандықты қай жерде игеруге болатындығын, осы мамандық бойынша кәсіби өсу бағытын тани білуі керек.Орта буын оқушыларының (6-8 сыныптар) мақсатты тұжырымдар жасай алуы үшін, саналылықпен таңдап, мамандықтар әлемімен белсенді әрі жүйелі танысуы үшін белгілі бір мамандықтың қыр-сырын тану үшін психологиядан арнайы сынып сағаттарын, сабақтар, факультативтер өткізіп, бүгінде басылымдарда жарияланып жатқан ойындардың, тренингтердің бай қорын пайдалану мектеп психологы мен сынып жетекшілерінің бірлескен нәтижелі жұмысының көрінісі болуы шарт.

Ұсыныстар:

  1. заманауи технологиялардықолдану, сапаны үнемі арттыру мониторингін жетілдіру;



  1. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға жағдай жасау,

курстық дайындықтарды жоспарлы жүйелі өтуді қамтамасыз ету;



  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін игеру, заманауи әдістемелер мен технологияларды, Е-Leorning бағдарламасы, яғни электронды оқытудың сандық білім ресурстарын қолдануды жүзеге асыру;

Сабақтастық жоспарына сай мұғалімдерге тапсырылатын жұмыс түрлері

Бастауыш саты мұғалімдеріне

-өз оқушыларының жеке портфолиосын жинақтау;

-қабілеті төмен және қабілетті оқушылармен жұмысты жүйелі өткізу;

-оқушылармен «Ұжымдағы сенің орының ....» атты шара өткізу;

-болашақ 5-сыныптың жетекшісімен бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу (сәуір айында);

5-сыныптың сабақтарына қатысып, қандай пәндік ерекшеліктер барын байқау;

*«Білім кемесіндегі Сіз бен Біз!» тақырыбында 5 сынып мұғалімдерімен бірлескен шара өткізу;

*Жылдық қорытынды бойынша оқушылардың білім мониторингісін жасау;

*5-сыныпқа кеткен оқушылардың білім, білік, дағдыларын және жалпы қалыптасу бағытын қадағалау (қыркүйек, қазан айларында);

Болашақ 5-сынып жетекшілеріне

*Қабылданатын 4-сынып оқушыларына зеттеу жүргізу (тәртібі, әлеуметтік жанұялық жағдайы т.б);

*4-сынып жетекшісімен байланыс (сауалнама, сұрақ-жауап т.б);

*Сәуір айынан бастап, қабылданатын оқушылармен жете танысу шараларын өткізу;

*Бірескен ата-аналар жиналысын өткізу;

*Оқушыларға сауалнама жүргізу;

*Оқушылардың қызығушылықтарын байқау «Сен ұнататын пән», «Сен қызықпайтын сабақ», «Сен жақтырмайтын пән», «Сен қиналатын пән»

*Әр оқушының бос уақына зерттеу жүргізу;

*Оқушылардың құжаттарымен, портфолиосын түгендеп, қабылдап алу;

5-сынапқа келгенде барлық жағынан қолдау көрсету, жетелеу, бағыттап-тәрбиелеу;

5-сынып пән мұғалімдеріне:

*Болашақ оқушыларының сапалық деңгейі туралы мәлімет алу;

*Міндетті білім, білік дағдыларын қалыптасуын байқау, зерттеу;

*Дәптер арнап ашып, таблица жасау оқушы ынтасы, қабілеті, білімі, т.б

*Өз пәні бойынша тәуелсіз бақылау, тест, диктант жұмыстарын өткізу;

*Нәтижесін салыстыру;

*Өз пәні бойынша қорытындысын кеңесте баяндау;

*Проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу;

Нәтижесі

*Сатылар арасында сабақтастық проблемасын шеше алатын, бірлесіп жұмыстанатын, сапалы білім мен саналы тәрбие беретін билікті, шығармашыл, жан-жақты ұжым. Сатылар арасындағы сабақтастықты жетілдіріп, жан-жақты жұмыстану баршамыздың міндетіміз.

«Білмейтін бала болмайды, білдіре алмайтын мұғалім болады» демекші, әркез еске ұстап, әр сабағымызда межелі мақсатымызға жету бағытында жүйелі бірлесіп жұмыстанайық.



© 2010-2022