Поурочный план на тему: Сөйлем

Раздел Завучу
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сөйлем»

Мақсаты:1. «Сөйлем» тақырыбы бойынша алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау,есте берік қалдыру. Сөйлем туралы білімдерін пысықтау. Сөйлемдерді талдай, жинақтай білуге дағдыландыру.

2.Бір-бірінің ойын тыңдауға, өз беттеріншежұмыс істеуге үйрене отырып,логикалық ойлауларын, сөздік қорларын танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Сауаттылыққа, әріп элементтерін дұрыс жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ойын, талдау, жинақтау, сұрақ- жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, тест, топтамалар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Ана тілі, математика, дүниетану.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу;

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

-психологиялық дайындық: Бір-біріне тілек айту.

II Мақсат қою кезеңі:

1.Оқушылар міндетімен таныстыру.

2.Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

3.Сөзжұмбақ шешу.

1.Сөйлем неден құралады? (Cөз).

2.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады? (бөлек).

3 Түнді жарық ететін не? (Ай.)

4. Адамдар бір-бірімен не арқылы түсініседі? (Тіл).

5. Сөйлемнің соңына не қойылады? (Нүкте).

6. Әліппенің атасы кім? (Ахмет).

Сөзжұмбақтың шешуі: «Сөйлем».

-Мақсатымыз- еңбек ету,

Міндетіміз- сабақ оқу

«5»-ке қолды жеткізу-демекші бүгінгі сабақта «Сөйлем» тақырыбы бойынша оқып-үйренгенімізді қонақтарға көрсетеміз.

III. Өткен сабақтардан алған білімдерін «тест тапсырмалары» арқылы тексеру

IY. Білімді тексеру кезеңі:

-күн ретін жазу;

-көркем жазу;

-Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат қағайық.

Ұшып,ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.

Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей: Мәтінді тиісті белгісін қойып көшіріп жаз.

Бұлбұл кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа жағымды.

Талда: (ауызша) 1. Мәтінде неше сөйлем бар? (Үш)

2.Үшінші сөйлемде неше сөз бар? (4сөз).

3. Бұл қандай сөйлем? (Хабарлы).

4. Мәтінге ат қой. (Бұлбұл).

2-деңгей: Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Мына тау қандай биік Сен қысқы демалыста қайда барасың Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн

Талда: (ауызша) 1.Бірінші сөйлем қандай сөйлем?

2.Бұл сөйлемде қанша сөз бар?

3. Лепті сөйлемде лептік ойды білдіретін сөйлем қалай

айтылады?

3-деңгей: Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

Ақан, сырғанады, шанамен.

Сырғанақ, бірнеше, бала теуіп, жүр.

4-деңгей: Берілген сызбалар бойынша сөйлем құра.

_____________ ______________ ______________.

______________ _______________ _______________?

______________ ________________ ________________!

V.Бекіту кезеңі: Топтамалармен жұмыс:

-Сөйлем деген не?

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады?

-Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

-Лепті сөйлем дегеніміз не?

-Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?

YI Қорытынды:

1.Білімдерін бағалау;

2.Үйге тапсырма беру;

3.Үлестірмелі топтамалармен (сан құрамын) жұмыс

жүргізе отырып, «Рахмет!» сөзін шығарып алу.

Р

А

Х

М

Е

Т

!

12

13

14

15

16

11

17

9


8



7


6

9



3


8


Оқушылар атынан қонақтарға, мұғалім атынан оқушыларға «Рахмет!» айта отырып,сабақты аяқтау

© 2010-2022