Доклад Инновационные методики развивающего обучения

1. Обучение на высоком уровне трудности. Ученик стремится преодолеть трудности в «зоне ближайшего развития», которые выходят за рамки актуальных возможностей учащихся. Это ведет к развитию способностей ученика и его самостоятельности. 2. Ведущая роль теоретических знаний. Ученик не просто изучает теорию, а раскрывает в материале существенные связи и открывает закономерности между явлениями и процессами. 3. Высокий темп изучения материала. Повторение не является главным образовательным компоненто...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Автордың аты -жөні: Ахметбекова Гайнеш Маликзадиновна

Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Оқу орны: КММ ЖББОМ №82

Дамыта оқытуға қажетті дидактикалық

бірліктердің тиімділігі

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда.

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды. Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану - бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе.

Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, оңды нәтижелер беруде. Олар - модульдік, деңгейлік, жаңаша жаңғыртып оқыту, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, оздыра оқыту, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиялары.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келеді.

Атап айтқанда, В.В. Ворнов педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, В.М. Шепель технология өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы дайдың өзгеруі дейді. Ал М. Чошанов технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі деп есептейді, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым - қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу - іс әректіне игі мұғалімдердің интелектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс - тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу тәрбие үрдісінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу - тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен. Олардың бірі дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім - тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуынкөздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Енді сіздердің назарларыңызға топпен жұмыс істеу барысында пайдаланатын бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынамыз. Алда көрсетілетн әдіс-тәсілдер тек қана сабақ барысында емес, яғни бірлестік отырыстарында да пайдалануға болады.

Егеменді еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп партасында білім алып отырған оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты білімді, өз бетімен білім алуға талаптанатын, өзінің ой-тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін, сабақ формаларымен оның құрылысын жетілдіру, оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Осыған орай өткізілген барлық жаңа технологиялық сабақ түрлерінің барлығының да балаларға берері мол екендігін нық сеніммен айтқым келеді.



3


© 2010-2022