Жылдық талдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға талдау

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ІІІ. Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру:

Мектеп әкімшілігі 2014-2015 оқу жылында оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеру шарты ретіндегі мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен шығармашылығын дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асырды. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстар төмендегідей негізгі міндеттерді жүзеге асыру бағытында болды:

  • кәсіби қарым - қатынас арқылы педагогикалық шеберлікті анықтау, рейтинг жүйесін жалғастыру;

  • оқушыларды жеке тұлға ретінде қарай отырып, білім сапасын көтеруде коучингтар мен LESSON STUDY (зерттеу сабақтары) арқылы деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға тиімді ықпалдастыруды қадағалау;

  • мұғалімдер біліктілігін көтеруде курстардан өту және заманауи тұрғыдан ұйымдастырылған ашық сабақтар циклын ұйымдастыру және талдау;

  • мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамытуға нақты жағдай жасау;

  • мектепте шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді іріктеу арқылы «Шеберлік сыныптарын» ұйымдастыру; түрлі деңгейдегі сайыстар мен семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысымшылдығын бақылау;

  • педагогика, психология, әдістеме саласындағы тың жаңалықтарды, әдіс-тәсілдерді оқу, меңгеру және мектепте инновациялық орта қалыптастыру үшін пайдалану;

  • ғылыми-теориялық және әдістемелік әдебиеттермен, басылымдармен қамтамасыз етілуін қадағалау.

Міндеттерді жүзеге асыруға байланысты мектеп әкімшілігі жүйелі жұмыс ұйымдастырып, әр мұғалімнің өзекті тақырыбы бойынша оқу-тәрбиелік жұмыстың мақсат-міндетін анықтап, өзекті тақырыпты жүзеге асырудың жоспарлары жасалынып, оны іске асырудағы әдістер мен формалар және мазмұнын нақтылап, қорытындылауды анықтады. Мектеп әкімшілігі мектептің өзекті тақырыбын жүзеге асыруда жыл көлемінде педагогикалық кеңестердің жоспарлы түрде өтілуін назарда ұстады. Педагогикалық кеңестердің күн тәртібіне орай даярлық шаралары жоспарланып, педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмыстарына зерттеу жасалынып, сауалнамалар мен диагностикалық зерттеулер жүргізілді, барлық мұғалімдердің сабақтарына қатысылып, талдау жасалынып, қорытындысы шығарылды. Педагогикалық ұжымның қазіргі заман сабақтарын жүргізуде жеке тұлғаға бағыттай оқытып, оқушыларды белсенді оқу еңбегімен қамту және жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданып, әр сабақтың мақсатына орай іріктеу бағыттарын байқау мақсатында «Жаңа заман сабағы қандай болу керек?..» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Заманауи сабақтарға қойылатын талаптарды әдістемелік жағынан ықпалдастыру, кәсіби құзіреттілікті күнделікті іс-әрекетте қолдану жағдайлары, деңгейлі бағдарлама модульдерінің оқушы білімі мен дағдысын қалыптастырудағы ролі туралы мәселелер талқыланды. Кеңес кезеңінде шығармашылық топтар құрылып, «ашық микрофон» тәсілі педагогикалық кеңес тақырыбына орай өткізілген ашық сабақтарға түрлі бағыттар бойынша талдау жасап, редакция тобы «мини-газет» шығарып, ең тиімді тәсілдерді «сабақ-мұражайға» орналастырып, «Ойлан, келіс және теріске шығар» атты сараптама кестесін толтырып, «Бухгалтериялық есептеу» жұмысын жасады. Мұғалімдер Абенова А.Ә. оқушылардың білімді өзіндік игеру тәсілдері туралы, Азылханова А.Б. жаңа заман сабақтарында оқушылардың логикалық ой белсенділігі мен танымдық қызметін дамыту жолдары жайлы, Жампеисов Е.Т. сабақ кезеңдерінде оқушы білімін бақылау мен бағалау туралы өз ойларын ортаға салды, пікірлер айтылды. Педагогикалық ұжымға оқушылардың жеке тұлғаға бағыттай оқытуда интербелсенді әдістерді нәтижелі қолдануды жетілдіру, яғни арнайы құзіреттілікті дамыту қажеттілгі анықталды.

Мектептің өзекті тақырыбын жүзеге асыруда тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушыларға педагогикалық-инновациялық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлға даярлау міндетіне орай «Ой-өрісі кең, жан-жақты жетілген, ізденімпаз тұлға қалыптастырудағы жаңашыл әдіс-тәсілдердің тиімділігі.» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық ұжым тұлғаның даму моделін құрастырып, желілердің маңызын стикерлік диалог арқылы талдау жасап, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары және сынып жетекшілердің шығармашылығы бойынша пікірлесу талқылаулар жүргізді. Мұғалім Нұқсарина А.Қ. тәрбие шараларындағы инновациялық тәсілдер жайлы, Әбенова А.Ә. мектеп, қоғам, отбасы ынтымақтастығының маңыздылығы, Касенова Г.Е. жеке тұлға жетістігінің моделін ұсынып, педагогикалық ұжыммен ой бөлісті. Сынып жетекшілерге тұлғаға бағытталған тәрбие шараларын жүргізуде жаңашыл әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану керектігі байқалды.

Мектеп әкімшілігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын», «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын» негізге ала отырып, сәуір айында кезекті «Инновациялық технологияларды қолдануды жеке тұлғаға бағыттау арқылы білім сапасын арттыру.» тақырыбындағы педагогикалық кеңесті даярлап өткізді. Кеңес барысында инновациялық технология тәсілдерін сабақ мақсаттарына сай ықпалдастыру жолдары, оқушыны интеллектуалды ой-өрісін дамытудағы сыныптан тыс шаралар мен пәндік үйірмелердің маңыздылығы туралы, АКТ және электронды оқулықтардың сабақ мазмұнын байытудағы ролі жайлы, оқушылардың білімді өзіндік белсенді сапалы игеруін қамтамасыз ету тәсілдері туралы мәселелерді талқылады. Педагогикалық кеңес барысында мұғалімдер инновациялық оқыту түрлері туралы модель құрап, тиімді тәсілдерге сараптау жасап және жұмыстарды топтық талқылауға салу жұмыстарын жасады. Мұғалімдер Бисатова Ғ.Ш. жаңа технологиялардың жеке тұлғаға бағытталудағы маңыздылына тоқталып, Жампеисов Е.Т. оқыту әдістерінің тиімділігіне талдау жасады. Мектеп ұжымына инновациялық технологияларды қолдану банкінің деректерін жүйелілеу керектігі айқындалды.

Мектептің өзекті тақырыбын жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік мәжілістердің маңыздылығы жоғары болып, педагогикалық жаңашылдық пен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында «Тұлғаға бағытталған оқыту - заманауи білім берудің басым бағыты.» тақырыбында теориялық семинар өткізіп, мұғалімдер Нұқсарина А.Қ., Абенова А.Ә., Турсиянова Н.А., Касенова Г.Е. инновациялық технологияларды теориялық тұрғыдан қарастырып, оқушыларды жеке тұлға ретінді пән бойынша даму траекториясына зерттеу жасау маңыздылығын ашып көрсетті.

Әкімшілік оқушыларға білімді сапалы меңгертуге бағытталған оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін насихаттау мақсатында «Педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыттары арқылы оқушының білімді өзіндік белсенді игеру мен тұлғалық дамуын қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырып, Тандыбаева Г.Т., Азылханова А.Б., Тлеукенова Г.О., Касенова Г.Е., Отарбаева Р.Ч., Қыдырханов А.Б. ашық сабақ үлгілерін өткізіп, сабақтардағы әдіс-тәсілдердің заман талабына сай қолданудың тиімділігін көрсетті. Сабақтар педагогикалық ұжым тарапынан талқылынып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдаудағы маңыздылығы атап өтілгенмен, білім мазмұнын жаңғырту жағдайындағы жеке тұлға қалыптастыру құзіреттілікті дамыту керек.

Мектептің өзекті тақырыбына орай мектеп әкімшілігі жыл көлемінде жүйелі жұмыс жасай отырып, қаңтар айында ииновациялық және деңгейлі бағдарлама тәсілдерін сабақтарда ықпалдастырудың тиімділігін жетілдіру мақсатында «Педагогикалық құзіреттілік негізінде оқушылардың шығармашылық, ізденушілік-зерттеушілік қабілеттерін дамыту.» тақырыбында әдістемелік жұма ұйымдастырылып, 2-деңгейлі мұғалім Турсиянова Н.А.«Деңгейлі бағдарлама тәсілдерін сабақтарға ықпалдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденушілік-зерттеушілік қабілеттерін дамыту» тақырыбында коучинг сессиясын өткізіп, модульдерді сабақтарға нәтижелі ықпалдастару тәсілдерін практика түрінде көрсетсе, мектептегі пәндік бірлестіктер «Оқушылардың шығармашылық-ізденіс қабілеттерін дамыту жолдары мен инновациялық әдіс-тәсілдері» атты модель құрау және қорғау жұмысын жасап, шараның мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудегі маңыздылығы жоғары болды. Сондай-ақ, оқушыларды шығармашылыққа баулуға бағытталған дидактикалық материалдар көрмесі мен инновациялық тәсілдер галереясы құрастырылды. Әдістемелік жұманың қорытындысы шығарылып, рефлексия жасалып, шаралардың нәтижелігі талқылады.

Оқу жылы көлемінде педагогикалық құзіреттілікті дамытуда мектеп әкімшілігі мұғалім қызметінің кәсіби біліктілігіне байланысты әдістемелік, нәтижелік және жетілдіру біліктіліктерін жүйелілеуді басшылыққа алды. Мұғалімдердің пәнді өту сапасы мен әдістемесін игеруін бақылау мақсатында педагогикалық ұжымның 427 сабағына қатысылып, тоқсандық және ағымдағы бақылау мен қорытындыларға талдау жасалынды, сондай-ақ, әдістемелік іс-шараларға қатысымшылдығын басты назарда ұстау нәтижесінде ұжым мүшелерінің белсенділіктері арттырылды. Мектеп психологы Тандыбаева Г.Т. «Үздік жыл психологы-2015» атты аудандық, облыстық сайыстарда 1-орынды иеленіп, Павлодар қаласында өткен республикалық сайыста 3-дәрежелі дипломмен марапатталып, Касенова Г.Е. аудандық «Жас ұстаз» сайысында бас жүлдені алып, облыстық сайысқа қатысты. Оқу жылы барысында мұғалімдер халықаралық сайыстарға қатысып, Тілеукенова Г.О. «Менің инновациялық сабағым» тақырыбындағы сайыста 3-орынды иеленді. Турсиянова Н.А. мен Нұқсарина А.Қ. халықаралық «Интербелсенді әдістерді оқу үрдісінде қолдану» тақырыбындағы «Шеберлік сыныбына» қатысып, сертификат иегерлері болды. Педагогикалық ұжым мүшелері республикалық шараларға белсене ат салысты. "Педагогтің таңдаулы портфолиосы" Республикалық мұғалімдер сайысында Матаева А.Б. І орын, Нұқсарина А.Қ. II орындарды, Жампеисов Е.Т. "ZIAT" Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған "Менің үздік презентациялық сабағым" ІV Республикалық мұғалімдер сайысында ІІ орын, Абенова А.Ә. осы сайыста III орынға ие болды. Педагогикалық ұжым мүшелері облыстық шараларда кәсіби біліктіліктерін сынады. Ахметова Ш.Қ. «Педагогикалық идеялар аукционы» сайысына қатысып, ауданда 1-орын, облыс көлемінде 2-орын алса, Саньязова Б.Қ. «Қазақ тілінің үздік сабағы» байқауында облыста екінші орынды, «Дәуірдің дара ұстазы» бейнеролик жасауда 3-орынды иеленсе, Шангишбаева А.С. "Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы педагогикалық тәжірибе және жаңашылдық" тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сертификат иегері болды. Мусина С. «Тілдарын-2014» облыстық олимпиадасында 3-орын иеленді.

Мектеп әкімшілігі білім беру жүйесін заманауи мектептің сұраныстарына сай жаңа форматты педагог кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби педагогикалық білім беруді жаңғырту бойынша іс-шаралар кешенін жүйелі ұйымдастырды. Нәтижесінде аудандық "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" сайысында Нұқсарина А.Қ. 1-орын; «Жылдың үздік ұстазы» сайысында Матаева А.Б. 2-орын алса, аудандық «Кәсібилік, жаңашылдық, шығармашылық - сапалы білім беру негізі» аудандық ғылыми практикалық конференцияда Саньязова Б.Қ. бас жүлде, Нұқсарина А.Қ. 3-орын алса, Илюбаева А.А., Матаева А.Б. номинациялар иегері атанды. Жампеисов Е.Т. "Үздік вариативті оқу бағдарламасы» сайысында ІІ орын, «Ең үздік портфолио» сайысында ІІ орын иеленді. Касенова Ә.Е., Мусина С.Т. «Оқушылардың сыни ойлауын диалог арқылы дамыту» облыстық семинарға қатысты. Информатика пәнінен өткізілген «Мектептегі заманауи информатика сабағы» тақырындағы конкурста жас маман Айтқазина А.К. мадақтама грамотамен марапатталды. Тілдер бөлімінің ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл» командалық конференцияда Шоматова Ә.А. өзінің шығармашылық деңгейін көрсетіп, жүлделі орынды жеңіп алды.

Мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жүргізіп, педагогикалық тәжірибелерді тарату, қорыту, басылымдарға жариялау шаралары ағымдағы оқу жылында жалғасын тапты. Тлеукенова Г.О. «Педагогика жаршысы» (№1 (57) 2015) облыстық басылымға «Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамыту жолдары» баяндамасы, Саньязова Б.Қ. «Қазақ тілі:әдістеме» республикалық басылымына «Ш.Құдайбердиев өмірі мен шығармашылығы» сабақ үлгісі, Ахметова Ш.Қ. «Ұстаз келбеті» (№4, 2015) республикалық басылымына «Сложноподчиненные предложения» тақырыбындағы сабақ үлгісі, сондай-ақ, осы басылымға Тлеуханова Г.О., Касенова Ә.Е., Абенова А.Ә., Отарбаева Р.Ч., Нұрсалова М.Қ., Нұрсалова Н.Қ. тәрізді мұғалімдердің сабақ үлгілері жарияланды. Оқу жылы барысында педагогикалық ұжымның іс-тәжірибелері бойынша зерттеу баяндамалары республикалық жинақтарға енгізілді. Атап айтқанда, мұғалімдер Турсиянова Н.А., Нұқсарина А.Қ. халықаралық МЭСИ журналында «Бизнес-ойын» сыныптан тыс шаралары, Раджанова Ж.Р. баяндамасы «Аймақтанудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағына, Касенова Г.Е. баяндамасы «Білім беру мекемесінің жұмыс тәжірибесінде ақпараттық өнімдерді қолданудың тиімділігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына, Саньязова Б.Қ. тәжірибесі «Білім сапасы: экономика, заңнама, технологиялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына, Матаева А.Б. "Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар" тақырыбында, Тандыбаева Г.Т. «Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерді білім берудің сапасын дамыту жолдары» әдістемелік оқу құралына, Азылханова А.Б. «Қазақстан тарихы пәнінен вариативті оқу бағдарламалары» конкурстық материалдар жинағына енгізілді.

Мектеп әкімшілігі заманауи білім беруде мұғалімдердің ақпараттық құзіреттіліктері арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеретінін ескере отырып, педагогикалық ұжымның республикалық сайттарға сабақ үлгілерін жариялауды, жеке сайттар жүйесін құруды, интерактивті тақталар мен электронды оқулықтарда тиімді қолдануды назарда ұстады. Нәтижесінде мұғалімдер Қыдырханов А.Б., Нұқсарина А.Қ., Матева А.Б., Саньязова Б.Қ., Раджанова Ж.Р., Абенова А.Ә., Тлеукенова Г.О., Тандыбаева Г.Т., Тлеуханова Р.Т., Касенова Г.Е., Азылханова А.Б. өздерінің жеке сайттарын ашып, іс-тәжірибелерін жинақтау үстінде. Республикалық «Ашық сабақтар», 45minut.kz, BILIM.kz, vkgu.kz. атты мұғалімдер сайтына сабақ үлгілері мен баяндамалар жариялау жалғастырылып, мұғалімдер Жұмағұлова А.М., Касенова Ә.Е., Турсиянова Н.А., Нұқсарина А.Қ., Абенова А.Ә., Тлеукенова Г.О., Азылханова А.Б., Саньязова Б.Қ. белсене қатысты. Дегенмен, Бисатова Ғ.Ш., Дамухан М., Жампеисов Е.Т., Мусина С.Т., Исмагулова Э.Е., Джансеитов Қ.Р., Алдабергенова Д.Р., Шәңгішбаева А.С. тәрізді мұғалімдерге интернет желілері арқылы тәжірибе жинақтау мен таратуды, республикалық және облыстық басылымдарға сабақ үлгілерін жариялауды, үздік жұмыстарды жинақтарға ұсынуды назардан тыс қалдырған.

Мектепте оқытудың интербелсенді формалары мен әдістерін шебер қолданатын, уақыт талабына сай технологияларды сабақ үрдісіне тиімді енгізетін мұғалімдер шоғыры өсе түсуде. Мектеп әкімшілігі жыл көлемінде деңгейлі бағдарлама модульдерімен қоса, инновациялық оқыту технологиялар ұтымды қолдана отырып, сабақты заманауи үлгіде құруды жетілдіруді назарда ұстады. Мектеп ұжымында оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технолгиясын 13 мұғалім, модульді оқыту технологиясы 2, саралап-деңгейлеп оқыту 3, ойын технологиясы арқылы оқыту 6, денсаулық сақтау 1, ақпараттық-компьютерлік технологияны 2 мұғалім өз іс-тәжірибелерінде басшалыққа алуда. Дегенмен, педагогикалық ұжымның 20 %-ы инновациялық технологиялардың жеке бөліктерін қолдануда, сондықтан кәсіби құзіреттілікті арттыруда пәннің ерекшелігіне орай тиімді технологияларды таңдап алуды жетілдіру керектігі байқалды.

Мектептің жеке тұлғаның сұранысына, ерекшелігіне байланысты білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру мақсатында пәндік апталықтардың ролін көтеру міндеті бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мектепте оқу жылы барысында қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен ағылшын тілі, дене шынықтыру, бастауыш сыныптар апталықтары жоғары деңгейде жоспарланып, өткізілді. Жұмыстар жинағы әдістемелік бөлмеге жинақталды. Дегенмен, өткен жылғыдай биология, химия, география пәндерінің апталықтары ұйымдастырылмады. Пән мұғалімдері Бисатова К.Ш., Жампеисов Е.Т., Дамухан М. өз пәндері бойынша апталықтар арқылы оқушылардың таным белсенділгін арттыру жұмыстарына енгізуде әлі де салғырттық танытуда.



© 2010-2022