Билим сапасын котеру факторы

«Педогогтың кәсіби құзыреттілігі -білім сапасын көтерудің факторы »Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында еліміздегі білім беру ісі, бәсекеге нақтылы қабілетті 20 елдің қатарына ену жолындағы білім беру саласындағы міндеттер айқындалған болатын. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық білім стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. «Білім беру реформасы – ...
Раздел Завучу
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Педогогтың кәсіби құзыреттілігі -білім сапасын көтерудің факторы »

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында еліміздегі білім беру ісі, бәсекеге нақтылы қабілетті 20 елдің қатарына ену жолындағы білім беру саласындағы міндеттер айқындалған болатын. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық білім стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет», - делінген жолдауда. Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру - білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама -қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім..
Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен - мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет.

Негізгі терең ойлар бірден өзгере қоймайды, сол сияқты жаңа тәсілдер де тез орындалмайды. Уақыт өте келе осы тәжірибе және оның қағидаттары сіздің бойыңызға дарып, ойлау мен тәжірибенің басқа да салаларымен байланысып, сіңісіп кетеді. Мен ұжымның даму басымдықтары мен бастапқы деңгейін және оқу үдерісіне қатысты ойларын анықтау мақсатында сауалнама алдым.Сауалнамадан білгім келгені мектептің қазіргі қалыптасқан оқыту үдерісіне ұжымның көңілі тола ма, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасындағы қарым- қатынас қаншалықты деңгейде екенін байқағым келген.Сауалнама алар алдында мұғалімдер мен оқушылардан да , ата- аналардан да рұқсат алдым. Құпиялылық сақталынатынын ескерттім.Сауалнамадан өзім күткен жағдайларға қанағаттанарлық жауап ала алмады. Себебі қорытындысын шығарар кезде көп қиындық туындады. Жұмыс барысында мұғалімдер мен әкімшілік арасында тығыз байланыстың жоқтығы байқалғанмен сауалнамадан оны байқай алмадым. Мектеп өмірінде нені өзгертер едіңіздер дегенге әсіресе еңбек өтілі жоғары мұғалімдер ештеңені барлығы жақсы деген жауаппен шектелсе, қайта жас мамандар тарапынан шетелдің оқыту технологияларын , жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдарды енгізер едім және қосымша ақылы курстар енгізер едім деп ойларын ашық айтты. Маған осы жастардың білуге деген талпынысы жігер бергендей болды.Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мақсатында іс-тәжірибеңізді қалай жетілдіресіз деген сұраққа әріптестермен тәжірибе бөлісемін, ғаламтордан мәлімет аламын деп жауап береді.АКТ - ны қолданамын деген де жауаптар кездесті. Қазақстан мектептерінде өзгерісті неден бастар едіңіз дегенге мектептің ішкі саясатына байланысты зерттеп бірақ өзгертер едім деген ұтымды жауап та ала алдым.Тура осындай сауалнама оқушылар мен ата- аналардан да алынды.

Оқушылардан «Мұғалім және оның оқытуы жайлы », «Оқушылар Оқушылардан «Мұғалім және оның оқытуы жайлы », «Оқушылар мен білім оқу жайлы » І, ІІ бөлімнен тұрса, ата-аналардан «Сабақ кестесі» , «Оқыту мен оқудың ортасындағы байланыс» І,ІІ бөлімнен тұрды.Оқушылар мен ата-аналар өзім күткендей сауалнамаға нақты жауап бере алмады. Ата- аналар сауалнамаға қоса өз коментарийлерін жолдады.

Билим сапасын котеру факторы



Билим сапасын котеру факторы













Осы сауалнамадан кейін мектеп ішіндегі ахуалды мектеп ортасының төрт аспектісі тұрғысынан қарастырып көруді ойладым: физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және оқу (танымдық) факторлары бар (ресурс көздері)

Ізетті және оқуға ықпал етушы физикалық факторларға Ізетті және оқуға ықпал етушы физикалық факторларға келсек, мектебіміз 900 балаға арналған 487 оқушы оқиды. Мектеп ғимараты 1969 жылы қолданысқа берілген , күрделі жөндеу жұмыстарын керек етеді. Сыныптар таза , спорт алаңдары бар, асхана жұмыс істейді.Сынып бөлмелері жарық, жаңа заман талабына сай АКТ құралдарымен жабдықталмаса да балалардың оқуына жағдай жасалынған. оқушысы бар орта мектепте бар-жоғы 50 компьютер, 2 актив тақта орнатылған. Бала санына шаққанда 10 балаға бірден айналады екен. Мектеп кітапханасы оқулықтармен 90% қамтылған. Мұғалімдерге керекті әдебиеттер, құрал -жабдықтар, ресурс көздері жеткіліксіз.

Қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке түрткі болатын әлеуметтік орта жағдайына келсек, мұғалімдер мен оқушылардың қарым -қатынас деңгейі қанағаттанарлық . Мектепте ұжымдық татулық бар. Мұғалімдер қауымы өз мектебін мақтан тұтады. Соған қарамастан жалпы мен еңбек ететін мектепте жеке автономияның жоғары деңгейі байқалады. Себебі мұғалімдер өз тәжірибесін «жекешелендіреді» яғни кәсіби шеберлігін өз тәжірибесінде өз сыныбы шегінде ғана қолданады. Жүргізіп жатқан жұмыстарындағы жетістіктері туралы да ой бөлісіп айтудан қашады. Егер ол жүргізіп жатқан жұмысының тиімді жақтарын байқаса да , әріптестерімен бөлісуге батылы бармайды. Ол шынымен солай ма деген қорқынышты үрей бар сияқты. Ал оқушыларды ықпал ететіндер деп айтар едім.Себебі оқушылар келешекті анықтауға және жоспарлауға ұмтылады. Өткізілген сабақтар бойынша мұғаліммен оқыту мен оқудағы проблемаларын талқылауға ұмтылыс жасайды.Сыныптағы басқа оқушыларға көмекке келуге де дайын тұрады. Дегенмен қалыптасқан бұрыннан үрдіс бойынша мұғалім көп сөйлейді , мұғалім сыныпқа нұсқау беру үшін тақтаға жазады, оқушылар мұғалімге бетпе-бет отырады, сұрақты мұғалім қояды оған мұғалімнің қалауымен ғана оқушы жауап береді. Ал мен бүгін ХХІ ғасырда менің мектебімде орын алған осы үрдістің орнына мынаны ұсынар едім :

-оқушылар мұғалімге және өзінің сыныптастарына сұрақ қояды

- оқушылар бір-біріне бетпе-бет отырады,

- мұғалім мұқият тыңдайды оқушы түсіндіреді , айтады

- оқушылар өздерін еркін ұстайды, және бір-бірімен ой бөліседі.Осы тәсілмен еңбектенсек қана оқытудың нәтижесін көре аламыз.

Мұғалім мектепте оқушылармен бірлесіп шығармашылық, көркемөнер, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізеді. Оның сабақпен байланысында артықшылығы да, кемшілік тұстары да бар. Егер дебат, интеллектуалды ойындар болса, ол баланың ойын дамытып, тілдік қорын молайтады , ал осыдан тыс түрлі шаралар өткізу мұғалім тұрмақ оқушыға да пайдасы аздау болып , кәсіби дамуына зиянын тигізіп жататын тұстары да бар сияқты.

Аффекттік орта жағдайына келсем, мектепте оқушы мен ата-аналар үні көп жағдайда қанағаттандырыла бермейді.Сауалнама жазу кезінде ата-аналар өздерінің балаларының нені қалайтынын , оған мектепке келу ұнай ма осы сұрақ төңірегінде жауап беруде қиналды. Мен бұған тек мектепті ғана емес ата- аналарды да кінәлі деп санаймын. Ата- анамен , оқушымен тығыз байланыста болуға мектеп әрқашан дайын ,тек ата- ана тарапынан қолдау болса. Ата-ана мектепке тек баласын біреу ренжітіп немесе нашар баға қойғанда ғана келмей, үнемі тығыз байланыста болса екен деймін.

Оқуға және өзін-өзі іске асыруға түрткі болатын академиялық ортаға келсек, жалпы мектепте негізгі пәндерді оқытуға көп көңіл бөлініп біржақты ғана дайындық жүргізу жұмыстарымен шектеліп қалатын сияқты.Оқушының барлық пәндерден бірдей нашар немесе керісінше дарынды болуы мүмкін емес.Осыған көп көңіл бөлінбейді. Математика мен физикадан нашар болғанымен сурет немесе спортқа икемді болуы мүмкін . Біз оған мән бермей яғни сол пәндер арқылы бала жүрегіне жол табудың орнына нашар оқушы дей салумен шектелеміз. Кейде мектептен тыс мекемелердің немесе тұлғалардың көмегіне жүгінуді артық жұмыс санаймыз.

Оқушыларды бағалауда әділеттілік жетіспей жатады. Тіпті кейде өткізілеген сабақтарымыз бен қолданған әдіс-тәсілдеріміздің оларға ыңғайлы ма , түсінікті ме сол туралы кері байланыс жасауды да ұмытып кетеміз.Жақсы көрсеткіш көрсетіп жатса немесе белсенділік танытып жатса марапаттап , ең құрмағанда қол соғып қөшемет көрсетуді де ұмытып кетіп жатамыз.

Бірақ көпке күл шашуға болмайды. Өзінің ізденушілігі мен кәсіби білімін көтерулері нәтижесінде жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар да бар. ІІ,ІІІ деңгей бойынша курстан өткен мұғалімдердің сабақтарында жаңашылдық байқалады.Сынып оқушыларының сөздік қорын байыту, өзіндік ойларын ашық түрде ортаға салу, сөйлесу арқылы қарым-қатынасты түсу, сөйлеу, жауап беру мәдениетін жетілдіру мақсатында әрі әдістерді топтастыру мәселесінде тәсілдерінің өз сабақтарында тиімді үйретеді. Диалогтік тәсілді қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың маңдайына стикерге жазылған сөзді жабыстырып бір-біріне оңтайлы сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтау арқылы оқушыларды сыни ойлауға үйретеді. Тізбектелген сабақтарында оқушыларды рольдерді сомдау арқылы диалогқа түсіріп, қызығушылықтарын арттырады.

Мектептегі әрбір мұғалімге осы бағыттың тиімді тұстарын дәлелдеу арқылы өзгеру қажет екенін, ол үшін осы үш айлық курстың маңызы зор екенін әрі одан өту керектігін айтқым келеді. Сонымен қатар оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай қиын тапсырмалардың деңгейін арттыру керектігін де ұмытпау керектігін айтқым келеді. Себебі ол дарынды балалардың тапсырмаларды жүйелі орындауына,шығармашылық пен жұмыс жасауға қызықты ісімен айналысуына түрткі болады деп есептеймін

Мұғалімдерде өз әріптестерімен бірлесе отырып оқу ортасында бірлесіп жоба жасау, іске асыру, басқару және жоспарлау мүмкіндігіне мектеп әкімшілігі тарапынан шек қойылмайды. Әр пәннің, сыныптың жас ерекшелігін ескеріп пән бірлестіктері пед.оқулар, конференциялар, семинар практикумдар, пән апталықтарын өткізіп отырады.

Биылғы оқу жылында әдістемелік жұмыс бойынша педагог мамандармен жұмыс жүргізудің жылдық жоспарына сай «Үздік әдістемелік бірлестік», «Жас талап», «Үздік педагог», «Жыл мұғалімі », «Үздік панорамалық сабақ» т.б.сайыстар ұйымдастырылды.

Мектепте сонымен бірге еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандарға да мектепішілік бұйрық бойынша тәлімгерлер тағайындалып, әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Тәлімгерлер жоғары санатты немесе І санатты мұғалімдерден тағайындалады. Биылғы оқу жылында біздің мектеп бойынша 11 жас маман бар болса сол мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп тәжірибесін жақсарту мақсатында тәлімгерлер тағайындалған.

Мектеп мұғалімдері белгілі бір ізденіс тақырыптары бойынша яғни КҒА немесе «Дарын» ғылыми-жоба жарыстары бойынша да жетекшілік ете алады.Мұндай қосымша іздену , зерттеу тақырыптары бойынша жұмыс істеу педагогтарды өзара байланыс орнатуға және мектеп көшбасшысы болуға жетелейді.Осы мақсатта жоспарға сай мектеп базасында аудандық, тіпті облыстық көлемде семинарлар өтіп те тұрады. Мектепішілік , аудан, облыс көлемінде өтетін кез келген семинарлар мен конференциялардың, байқаулардың мұғалімдердің кәсіби дамуына тигізер пайдасы зор деп ойлаймын. Ұлы ғалым А.Байтұрсынов сөзімен айтсақ:

«Білімдіден не пайда , білгенін көпке айтпаса.

Үйреткеннен не пайда, қайырымы оның қайтпаса» - демекші ұстаздар қауымының да жиналған жерде ой бөлісіп , тәжірибе алмасып , білім беру саласындағы жаңалықтармен алмасып тұрғаны абзал.

Құзіреттілік тәсіл идеясы - «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Менің ұстаз ретінде тағы бір байқағаным мектепте қауымдастық мәселесі ақсап жатыр. Бірақ кейде мұғалімдер аудан мектептерімен немесе мектепаралық қарым-қатынас жасаудың өзі қауымдастық екенін білмей жатады. Біз мектеп көшбасшылары ретінде қатардағы мұғалімге қоғамдастықтың мәнін де, мүмкіндігінше оны іске асыру қағидаттарын да білмеуге қодау көрсетуіміз керек. Кәсіби қоғамдастыққа қолдау көрсетуді жоспарлаған кезде қоғамдастық үшін «көпірше тұрғызу» қызметіне арналған стратегияны, тәсілдер мен құралдарды қарастыруымыз керек.

Билим сапасын котеру факторы











Қоғамдастық:

• мұғалімдер үшін білімді пайдаланумен қатар, өздеріне сол білімді құру мүмкіндігін;

• ынтымақтастық құрылымдарының сан алуандығын;

• икемділігін және бейресмилігін;

• мектептен және ауданнан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін; тәуекелді шешім қабылдауға ынталандыратын (2 қосымша)

Ендеше, мен болашақта осы мәселелермен жұмыс жасауды жоспарлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2. Мектеп қызметіне аналитикалық талдау жасау, зерттеу әдістері Алматы 2007 ж . 3.Курс алды тапсырмалар

4. «Мектеп директоры орынбасары » журналы 2012ж №3









«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі - білім сапасын көтерудің факторы » тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуға сұраныс

1

Автордың аты- жөні

Рымбаева Заурехан Адилхановна

2

Жұмыс орны

«Сарқан аудандық білім бөлімінің Екіаша орта мектебі » мкоммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Қызметі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

4

Лауазымы

5

Жұмыс бағыты

Білім берудің жаңа форматы

6

Мақаланың атауы

«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі - білім сапасын көтерудің факторы »

7

Байланыс телефоны

87016388752

8

Е-mail

zaurekhan_kz75@ mail.ru






© 2010-2022