«Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы» тақырыбында өткен ашық сабақтың рефлексивті есебі

Бұл сыныппен  «Кембридж бағдарламасының» әдіс- тәсілдерін қолданып, алғаш рет сабақ өткендіктен сынып оқушылары бірден менің әдіс- тәсілдеріме төселе алмады.Дегенмен, сынып оқушылары  «Кембридж бағдарламасы» бойынша сабақтар өтіп жүргендіктен бұл сабақта мұғалімнің өзгергеніне қарамай, мейлінше белсенділік таныта білді.Топқа бөлу, жағымды атмосфера құру, топпен жұмыс жасау, өз пікірлерін дәлелдеу сияқты әдістермен таныс болғандықтан өздерінің шығармашылық қабілеттері мен сын тұрғысынан ойлау қаб...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4қ «А»-сыныбындағы дүниетану пәнінен «Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы» тақырыбында өткен ашық сабақтың рефлексивті есебі

Кошкинбаева Феруза Тулбасиевна

Бұл сыныппен «Кембридж бағдарламасының» әдіс- тәсілдерін қолданып, алғаш рет сабақ өткендіктен сынып оқушылары бірден менің әдіс- тәсілдеріме төселе алмады.Дегенмен, сынып оқушылары «Кембридж бағдарламасы» бойынша сабақтар өтіп жүргендіктен бұл сабақта мұғалімнің өзгергеніне қарамай, мейлінше белсенділік таныта білді.Топқа бөлу, жағымды атмосфера құру, топпен жұмыс жасау, өз пікірлерін дәлелдеу сияқты әдістермен таныс болғандықтан өздерінің шығармашылық қабілеттері мен сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін көрсете білді.Шығармашылық қабілеттерімен дараланған, яғни сөздерді қатыстырып жыл мезгілі туралы тақпақтар түзуде 4- топ «Қыс» тобы өздерінің сөз шеберліктерімен көзге түсе білді. Әр топ мүшелері сабақ барысында басқа топ мүшелерінің пікірлері мен тұжырымдарын қызығушылықпен тыңдады.Сабақ барысында оқушылар бірнеше тапсырмаларды орындады.Олар: үй тапсырмасында өз білімдерін бекіту,әрбір жауапты дәлелімен толықтырып айта білу, жағылымды жағдайлар туғызу, сабақ ортасында бой сергіту, түрлі талдау жұмыстары арқылы сабақтың мазмұнын аша білу, жаңа сабақты өздері бір-біріне түсіндіріп, презентация жасап, сабақ соңында сабақтан алған әсерлерімен өзара бөлісіп, стикерлерді желімдеп шықты.





Бүгінгі заманнның талабы- жан-жақты дамыған , өз пікірі мен ой-тұжырымдарын нақты түрде дәлелдеуге бейім, өзіндік сенімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу болып отыр. Елбасымыздың өзі еліміздегі балалардың дүниежүзілік бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді,өзінің ұстанымдары мен нақты мақсаттары бар тұлға ретінде тәрбиеленуі-еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуіне жасалатын алғашқы қадамның бірі екенін айтып өтті. Ал, сол білім мен тәрбие бастауы- мектеп екені бәрімізге белгілі.Сондықтан әрбір сабақта балада біліммен қатар танымдық қабілетін,қиялын, шығармашылық қабілеті мен сын тұрғысынан ойлауын басқышпен басқыш жоғары көтере отырып дамыту- әрбір ұстаз қауымының міндеті екені сөзсіз.Осы заман талаптарын ескере отырып мектебімізде осы оқу жылының басынан «Кембридж бағдарламасының» әдіс- тәсілдерін қолданып сабақ өтілуде .Біз жаңа технологияға, жаңа өркениеттің дамуына байланысты 1870-жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болып, 2007 жылдан басқа дамыған елдерде де көптен бері пайдаланып келе жатқан «Lesson Study» үрдісін қолданып,осы «Кембридж бағдарламасының» 3- айлық курстарының 1- деңгейін оқып, қорғап келген мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Шатырбекова Ақмарал апайдың жетекшілігінде 4қ «А» сыныбында дүниетану пәнінен тізбектелген сабақтар өткіздік. Ең алдымен осы «Lesson Study» деген сөздің мағынасына орай түсініктеме берсек: «Lesson Study» мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдарды қамтиды. Атап айтқанда, бұл тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы. Зерттеу жүргізетін топ ,әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез-келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. «Lesson Study» тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі- мұғалім зерттеу барысында жинақталған білімімен педагог қауымымен бөліседі. Бұл «Кембридж бағдарламасының» әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлап, оқушының шығармашылық жұмыс істеуіне жол ашылады. Бұл үрдіс сабақтың екпінді өтуіне ықпал етіп, сабақтағы дәстүрлі оқыту жүйесіне жаңа элементтер енгізіп қана қоймай, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті. Сабақ барысындағы сыныптағы оқушыларға жағылымды жағдай туғызып, оқушыларды топқа бөлу арқылы топтық жұмыстар ұйымдастыру, әр орындалған тапсырма үшін оқушылардың білімін өзге оқушылар бағалап отыруы, сабақтың соңында сол өздері қатысқан сабақтарға баға беріп,кері байланыс жасауы, сабақ туралы өз пікірлерін стикерлерді смайликтерге желімдеу арқылы білдіруі, сабақ соңында сабаққа қорытынды ретінде әр топ мүшелері жыл мезгілдері (көктем, жаз, күз,қыс) туралы бір шумақ өлең жолдарын құрастырулары- олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына өз септігін тигізді деген ойдамын. Топқа бөлу, жағымды атмосфера құру, топпен жұмыс жасау, өз пікірлерін дәлелдеу сияқты әдістермен таныс болғандықтан өздерінің шығармашылық қабілеттері мен сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін көрсете білді.Шығармашылық қабілеттерімен дараланған, яғни сөздерді қатыстырып жыл мезгілі туралы тақпақтар түзуде 4- топ «Қыс» тобы өздерінің сөз шеберліктерімен көзге түсе білді. Әр топ мүшелері сабақ барысында басқа топ мүшелерінің пікірлері мен тұжырымдарын қызығушылықпен тыңдады.Осы өткізілген сабақтар барысында жас ұрпақтың жаһанды жандандыратын жаңалыққа жаны құмар жастар екеніне тағы да куә болдық.



© 2010-2022