Қандай көркем туған өлкем!

Қазақстан табиғаты туралы мәлімет бере отырып,оның құндылықтары жайлы түсінігін кеңейту.Ауызекі сөйлеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.  Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.  Елін, жерін сүюге, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.  1.      Алдымен «Қоршаған орта» дегенде қандай сөздер, ұғымдар естеріңе түседі? Оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.(өзен-көл,тау,ағаштар,кең дала,жануарлар, құстар,орман-тоғай т.б.) / 2 топ өздерінің сөздерімен...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 02.12. Сабақтың тақырыбы: Қандай көркем туған өлкем.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан табиғаты туралы мәлімет бере отырып,оның құндылықтары жайлы түсінігін кеңейту.Ауызекі сөйлеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,тест тапсырмалары

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу. Топқа бөлу.

II. Алған білімді пысықтау: 1. Үй тапсырмасын тексеру: «Туған жер» туралы мақал-мәтел жатқа білеміз бе? Берілген мақалдарды толықтырайық.

1. Туған жердің жері де көрікті,...................(елі де сүйікті)

2. Ағаштың тамыры - ...................,( өскен жерінде)

Адамның жаны - ................. .(туған елінде)

3.Ел іші - ............... .(алтын бесік)

4. Туған жердің күні де ыстық, .................. .(түні де ыстық)

5. Әркімнің өз жері - ............... .(жұмақ)

6. Туған жердің суы да ............,(тәтті)

Топырағы да ............... .(ыстық)

7. Жері байдың - ..............(елі бай)

Таза болса табиғат, Аман болар адамзат.

III. Жаңа сабақ:

-Балалар, біздің айтқан мақал-мәтелдеріміз не туралы?

- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не екен?

« Қоршаған орта.Қазақстанның табиғаты»

  1. Алдымен «Қоршаған орта» дегенде қандай сөздер, ұғымдар естеріңе түседі?

Оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.(өзен-көл,тау,ағаштар,кең дала,жануарлар, құстар,орман-тоғай т.б.) / 2 топ өздерінің сөздерімен сөйлем құрайды/

  1. Мәтінмен жұмыс. 2 топ мәтінді екі бөлікке бөліп оқып, мәтінге сұрақтар құрастырып, мәтінді мазмұндайды.

ІҮ.Жазбаша тапсырма: 4-тапсырма. Бірінші топ екінші топқа немесе керісінше кезекпен бір-біріне сөйлемді оқиды, ал тыңдаған топ сөйлемге сұрақ құрастырады.

5-тапсырма: Бір топ екінші топқа сөйлемді оқыса,екінші топ сөйлемнің дұрыс-бұрыстығын табады.

6-тапсырма: Екі топ бір-біріне табиғатқа байланысты 2 қатар сөз тізбегін құрып береді,әр қатарда сол сөздерге қатысы жоқ артық сөз болу керек,топ мүшелері сол сөзді табады. Жер,тау, аң, жазық. Гүл, ағаш, өзен, шөп.

Қасқыр, қоян,өсімдік,түлкі Му ит, өзен, көл, шөл.

Келесі тапсырма: «синквейн» немесе «5 жол өлең» деп аталады.

  1. Зат есім Табиғат

  2. 2 сын есім Әдемі,тамаша

  3. 3 етістік қорғайық,ластамайық,аялайық.

  4. Сөйлем Тамаша табиғатты аялап,қорғай білейік.

  5. Синоним-ассоцияция Табиғат- қоршаған орта

V. Сабақты қорыту: Сабақта нені білдік? Нені білетінбіз? Нені білгіміз келеді?

VIІ. Үй тапсырмасы: Қазақстан табиғаты туралы шағын шығарма жазу, әңгімелеу.

© 2010-2022