Т. Айбергенов Ана өлеңі (8 сынып)

Раздел Завучу
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тәжірибе алмасу сабағы

Сабақ тақырыбы: Т.Айбергенов «Ана » өлеңі

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Баршагүл Жұмағалиева





Қазақ әдебиеті 8-сынып

Сабақ тақырыбы: Т.Айбергенов «Ана»

Сабақ мақсаты: а) Білімділік; Т.Айбергенов өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Ақынның анаға деген махаббатын оқушы сезімімен ұштастыру.

ә) Дамытушылық; Өз бетімен проблема шешуге үйрету.Өлеңнен алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыру.Анаға деген ыстық сезімдерін өлеңмен , әнмен т.б.шығармашылық жолдармен икем дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік; Адамгершілікке, аналарды сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: ақын суреті , шығармалар жинағы, үлестірме қағаздар.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап , проблемалық оқыту әдісі , салыстыру , Блум жүйесі.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ. Т.Айбергенов «Ана» өлеңі.

Сабақ эпиграфы: «Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда»

ІІІ .«Ой қозғау» стратегиясы , яғни жаңа сабаққа даярлық.

Сұрақтар:1. Ана туралы қандай мақал-мәтелдер , нақыл, ұлағатты сөздерді білесіңдер?

2. Ана туралы қандай өлеңдер, әндер, шығармалар білесіңдер?

«Поэзия минуты» өткізіледі. Оқушылар өздері білетін ақындардың ана туралы жазылған өлеңдерін немесе үзінділер оқиды.

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

1.Т.Айбергенов өмірі , өлеңдері туралы мағлұмат беру.

2.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұны түсіндіріледі.

3.Әр бөлімге тақырып қойып , оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Т.Айбергенов 1937ж.8 наурызда Қарақалпақстанда Қоңырат ауданы Нөкіс қаласында туған. 1959 ж. Ташкент пединститутын бітірген. 1959-62ж. Қоңырат ауданындағы орта мектептерде мұғалім , 1962-65ж. Шымкент обл.Сарыағаш ауданындағы орта мектеп директоры , 1965-67ж. Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы болды. Алғашқы туындылары 1957 жылдан респ. Газет-журналдарда жариялана бастады. Туған жерге деген ыстық сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері «Жас дәурен» атты жас ақын - жазушылар жинағына енді.(1961) «Арман сапары» , «Өмірге саяхат» (1963), «Құмдағы мұнаралар»(1968), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Бір тойым бар» (1981), «Бақшаға саяхат» (1985).Бірқатар өлеңдері орыс , украин тілдеріне аударылған.

V. Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыстар:

1)Проблемалық сұрақтар беру. 1.Ақынның анаға деген махаббаты сендегі сезіммен үндесе ме?

2.Бүгінгі күннің қара таңбасына нелерді жатқызасыңдар?

3.Адамдардың безбүйректеніп кетуінің себебі неде? Өлеңнен алған әсерлеріңді бүгінгі өмірмен салыстырыңдар?

4. «Сен не істер едің?» атты ситуациялық сұрақтар беру.

2) Блум жүйесі бойынша талдау.

Тапсырма

Түсінік,саралау,мысалдар

Білім

Түсіну,ұғу

Қолдану

Анализ

Синтез

Баға

Корреция

Жаңадан қандай білім алдың?

Берілген білімді түсіндің бе?Немен дәлелдейсің?

Алған біліміңді неге қолданар едің?

Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде.

Алған біліміңді жинақта.(шығарма т.б.)

Өзіндік баға бер.

Нені ұғынбадың, жете түсінбедің?Соны сарала.

3) «Қызығушылықты ояту» стратегиясы

1. «Менің ұғымымдағы ана бейнесі» тақырыбында модельдеу.

«Анаға лайықты жан » және «Ана есіміне лайықсыз жан»

2.«Топтастыру» стратегиясы «АНА»

3. Сергіту сәті. Ана туралы әндерден попурри.

VІ. Бекіту. Т.Айбергенов туралы айтылған пікірлерді оқып , ой түю.

«Бір тойым бар » әнін тыңдау. Маңғыстау өлкесін аралағанда жазылған жырларымен таныстыру. М.Шахановтың «Т.Айбергеновке ескерткіш» өлеңін оқып беру.

VІІ.Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға»

тақырыбында ойтолғау жазу.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Б.Жұмағалиева



































© 2010-2022