Қазақ тілі мен әдебиеттен оқу сауаттылығын (функционалды) арттыру жолдары

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.

Саньязова Бекзат Қабдуалиевна «Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

Әлемдік білім кеңістігіне енуде өмірге бейім, өзгеріске икемді, өзіндік ой-пікірін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру заман талабы болып отыр. Осындай оқушыны даярлауда олардың функционалдық сауаттылығын арттыру маңызды орын алады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ сайын қарастырылуы зор нәтиже береді. Оқушылар күнделікті шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға дағдыланады.

Қазақ тілі мен әдебиеттен оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарының мақсаты: оқу сауаттылығы - оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.

Міндеттері:

  • мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;

  • тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;

  • ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.

Пән мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру тәсілдерін жоспарлы түрде жүргізу тиімді. Жоспарлауды 3 бөлімнен құрастыру ыңғайлы:

I-бөлім: Сабақтарда мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру.

II-бөлім: Сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерде оқу сауаттылығын арттыру тапсырмаларын ұйымдастыру, таңдау курстарын жүргізу.

III-бөлім: оқушыларды интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға қатыстыру.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізу - оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі шарты болып табылады. Тіл сабақтарында мәтіндер бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін беру мұғалімнен зор дайындықта қажет етеді. Сұрақтар жүйесі оқушылардың белсенді ойлауын, білімі мен білік, дағдысын қолдана білуді қамтамасыз ететіндейетіп құрылуы керек. Мысалы: «Шығарманың басты ойы неде? Шығармада не жазылғаны туралы айтуға болады?(оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны туралы айтуға болады? (оның стилі туралы).» сұрақтары беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар рефлексия жасай отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуына бағыттайды. Келесідегідей түрдегі сұрақтар «не мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» берілсе, оқушылар мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға дағдыланады. Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа, мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді. Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспектісін түсінуге бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты арттыруға бағытталады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін құрау» тәрізді тапсырмалар оқушыларды өзіндік жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің біліктілігін арттыруына негізделген деңгейлі бағдарламалар мұғалімдерге үзіліссіз даму мен өзін-өзі жетілдіруге негізделген. Оларға сабақ беру мен оқытуда жаңа тәсілдерді түсінуіне, өздерінің жеке ойланулары мен тәжірибелеріне өзгерістер енгізуге бағытталған. Қазақстанда педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бағдарламасымен оқу мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне, оқушылардың оқуына, жалпы алғанда мектептің жұмысына оң әсерін тигізуде. Бағдарламадағы модульдерді сабақтарға тиімді ықпалдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.

Модульдің бірі ретінде алынған сын тұрғысынан ойлау арқылы пәндік-білімдік парадигманы күрделі ой еңбегіне айналдыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдана отырып, оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болады. 7 модульдің сын тұрғысынан ойлау бағытын қолдану арқылы оқушылардың:

  • таным белсенділігін арттыруға;

  • өзіндік ізденуді жүзеге асыруға;

  • логикалық ойлаудың пайда болуына;

  • өзін-өзі дамытуға;

  • болжам жасай алуға;

  • іскерліктің пайда болуына;

  • шешім қабылдау әрекетінің дамуына жағдай туғызылады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы ғылыми ойлау, креативті ойлау, сыни бағалау, дәлелдерді пайдалану арқылы жасап қорытынды жасай алады. Оқушылар шешім қабылдаға, мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіруге тырысады, жаңа идеялар ұсынады. Сабақтарда оқушы сұрақ қоя білуге, әр кез сұраққа жауап іздеуге талпынады, екпінді іс-әрекетке түседі, әр түрлі идеялар мен пікірлерді сарапқа салады. Бұлардың барлығы оқушыдан үнемі тілдік қатынасқа түсіп отыруға итермелейді, оқу сауаттылығын арттырады. Оқушы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы бір-бірінің пікіріне бақылау жасайды, айтылған ойға баға бере алады. Терең, тиянақты, сапалы білім беру мақсатында жүргізілген әдіс-тәсілдердің барлығы ауызша, жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Сын тұрғысынан ойлаудың ұтымдылығы сонда -қолданатын стратегиялар ғылыми-танымдық мәтіндермен жұмысқа да, көркем-әдеби мәтіндермен жұмыс жасауға да қолайлы. Ендеше, қандай пән болса да мұғалімдер сабақ кезеңдерін басқаша құра отырып, оқытудың сапалы болуына қол жеткізе алады. Нәтижесінде, өз пікірін тұжырымдап айтатын, көпшілік ортада батыл сөйлей алатын, өзгемен еркін сөйлесім қарым-қатынасына түсетін тұлға қалыптастыра аламыз.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында диалогтік оқыту модулін жүйелі енгізсе, оқушылар бірлескен оқу әдістерін қолдану арқылы білімді зерттей отырып игеруді қамтамасыз етеді; бірін-бірі оқыту арқылы топтық жұмыстың тиімділігін түсініп, білімді белсенді игеруді жүзеге асырады; оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім қарым-қатынасын дамыту тәрізді маңызды оқыту түрлерін жүзеге асырады. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда зор рөл атқарады. Себебі, сынып оқушыларының әрқайсысы оқу үдерісіне белсене қатысып, өз көзқарастарын, біліктерін ортаға салады. Бұл олардың әлеуметтік және эмоционалды тұрғыдан дамуына жағдай туғызады.

II. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерді жүйелі өткізу оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың бірден-бір жолы. Пәннен ұйымдастырылған мұндай сабақтардың негізгі мақсаты - оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету. Жан-жақты ойластырылған танымдық шаралар мен қызықты сабақтарда неғұрлым оқу сауаттылығын дамытуға негізделген жұмыстарды ықпалдастыру қажет. Сондай-ақ, «Біз таңдаған қаламгер», «Ең әлсіз топ», «Мәтінді бағалау», «Пікірлер білдіреміз» тәрізді сабақтар жүргізу оқушылардың шынайы танымдық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Пәннен ұйымдастырылған сыныптан тыс сабақтар келесідегідей сауаттылықты дамытады:

  • оқушы тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу, функционалдық сауаттылық дағдылары (тұжырымдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, дәлелдеу);

  • тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;

  • әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу;

  • стиль түрлерін ажыратып алу;

  • шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;

  • көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;

  • мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу, поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу;

  • жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қорытындылай алу.

Сондай-ақ, оқушылар функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары аспектісін үйренеді, мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары дамытылады. Жұмыстар барысында бағдарламадан тыс көркем әдебиеттерге талдау жасалынады. «Кітаптың авторы кім? Не мақсатпен жазды? Басты ой неде? Кітапты басқаша қалай атауға болады? Неге?Тағы қандай тарау қосуға болады?» тапсырмалары оқушыларды мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия жасауды және олардың бағасын шығаруды үйренеді. Сыныптан тыс сабақтарда оқушыларды даяр мәтіндер бойынша тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуге төселдіру меңгерген дағдыны қолдана алуға үйретеді. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ түрлері қарастырылды. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті», «Поэзия тілінің құдіреті, «Әдеби тілдің қолдану аясы» тақырыптарында өткізілген үйірме жұмыстары жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап, олардың мазмұнын меңгеруге бағытталды.

III. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға оқушыларды жүйелі даярлау оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға әсер етеді. Себебі мұндай сайыстар қазақ тілінің бай қолданыстарын және астарлы ойды түсінуге, қабілетті ұштауға әсер етеді.Оқушылар ойын жүйелі жеткізуге бейімделген сөз сазына зер салатын тұлғаны даярлауға бағытталды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделген тұлға тәрбиелейміз. Осы мақсаттағы жұмыстар оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейді. Себебі, астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашу әр мұғалімнің міндеті.


© 2010-2022